Мейіргерлік күтім көрсету қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер



бет1/3
Дата15.04.2022
өлшемі30,62 Kb.
#31126
түріКодекс
  1   2   3

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы _________
№ _____бұйрығына
қосымша
Мейіргерлік күтім көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мейіргерлік күтім көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 127-бабының 6-тармағына (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әзірленген және медициналық ұйымдардың мейіргерлік күтім көрсету тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) білікті медициналық көмек - диагностика, емдеу және медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін, оның ішінде телемедицина құралдарын пайдалануды талап етпейтін ауруларда жоғары медициналық білімі бар медициналық қызметкермен көрсетілетін медициналық көмек;

2) дәрігерге дейінгі көмек - аурулардың алдын алу мақсатында, сондай-ақ дәрігердің қатысуымен диагностика, емдеу және медициналық оңалту әдістерін пайдалануды талап етпейтін, орта медициналық білімі бар медициналық қызметкермен көрсетілетін медициналық көмек;

3) денсаулық сақтау ұйымы - денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

4) мамандандырылған медициналық көмек - диагностика, емдеу және медициналық оңалтуда, оның ішінде телемедицина құралдарын пайдалану арқылы арнайы әдістерді талап ететін ауруларда бейінді мамандармен көрсетілетін медициналық көмек;

5) медициналық қызметтер - денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту немесе паллиативтік бағыты бар іс-қимыл;

6) медициналық ұйым - негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;

7) мейіргер күтімі - дәрігер байқауы талап етілмейтін жағдайларда ауыр аурулары бар күтімге мұқтаж адамдарға орта медицина қызметкерлері көрсететін медициналық қызметтер кешені;

8) стационарды алмастыратын көмек - білікті, мамандандырылған, оның ішінде медициналық байқаумен, жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдану арқылы дәрігерге дейінгі медициналық көмек ұсыну нысаны;

10) стационарлық көмек - білікті, мамандандырылған, оның ішінде тәулік бойы медициналық байқаумен, жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдану арқылы дәрігерге дейінгі медициналық көмек ұсыну нысаны.

3. Мейіргерлік күтім бекітілген тізбеге сәйкес халықтың санаттарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, сондай-ақ ақылы негізде көрсетіледі.

4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі (Бұдан әрі - ТМККК) паллиативтік көмек осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тізбеге сәйкес аурулар мен жағдайларда көрсетіледі.

ТМККК шеңберіндегі мейіргерлік күтім осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбеге сәйкес аурулар мен жағдайларда көрсетіледі.

Емдеу бекітілген негізгі аурулары бойынша клиникалық хаттамаларға сәйкес осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тізбеге сәйкес паллиативтік көмек пен мейіргерлік күтім қызметтерін ұсыну арқылы жүргізіледі.

5. Паллиативтік көмек пен мейіргерлік күтім көрсету бойынша қызметтер Кодекстің 35-бабына сәйкес ақылы түрде ұсынылады.

6. Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтімді қажет ететін пациенттердің тізімдері медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдар қалыптастырады және есеп берудің бірыңғай нүктесі "Емхана" автоматтандырылған ақпараттық жүйеге енгізіледі, осының негізінде паллиативтік көмек және мейіргерлік күтімді алатын пациенттердің тізбесі қалыптасады.
2-тарау. Мейіргерлік күтім көрсету тәртібі

7. Мейіргерлік күтім стационарды алмастыратын және стационарлық көмек түрінде ұсынылады.

8. Стационарды алмастыратын көмек түріндегі мейіргерлік күтім № 669 бұйрыққа сәйкес бекітілген жері бойынша амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін үйдегі стационар нысанында ұсынылады.

Мейіргерлік күтімді қажет ететін науқастарға зертханалық зерттеулер жүргізу үшін материалдар жинау үйде жүзеге асырылады. Аспаптық зерттеу әдістері тұрақты жері бойынша амбулаториялық-емханалық ұйымда көрсетілімдері бойынша жүргізіледі.

9. Стационарлық көмек түріндегі мейіргерлік күтім арнайы құрылымдық бөлімшелерде, денсаулық сақтау ұйымдарының (бөлімшелерде, палаталарда, төсектерде) арнайы медициналық ұйымдарда (мейіргерлік күтім ауруханаларында) ұсынылады.

10. Мейіргерлік күтімді қажет ететін науқастарды емдеуге жатқызу үшін көрсетілімдер:

1) тәулік бойы байқау жағдайларында күтім мен симптоматикалық терапияның қажеттілігі;

2) әлеуметтік-психологиялық көрсетілімдерінің болуы (депрессиялық жағдай, реактивтік жағдай, отбасындағы дау-жанжал жағдайы, науқасты күту үшін тұрмыстық жағдайлардың болмауы) болып табылады.

Білікті медициналық көмекті және тұрақты дәрігерлік байқауды талап ететін пациенттер мейіргерлік күтім ауруханасына, бөлімшесіне (палатасына) емдеуге жатқызуға жатпайды.

11. Мейіргерлік күтім көрсететін медициналық ұйымға пациентті емделуге жатқызу жоспарлы және (немесе) № 761 бұйрыққа сәйкес шұғыл тәртіпте жүзеге асырылады.

Мейіргерлік күтім көрсету
қағидаларына
1-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет