Мейоз грек


Лептотена—жіңішке жіпшелер сатысы



бет2/4
Дата05.10.2022
өлшемі22,26 Kb.
#41412
1   2   3   4
Лептотенажіңішке жіпшелер сатысы. Бұл мейоздың I профаза кезеңінің алғашқы сатысы. Мұнда хромосомалар ширатылып, жарық микроскопы арқылы ұзын әрі жіңішке түрінде әрең көрінеді. Лептотена кезеңіне тән белгінің бірі — хромосоманың жіңішке құрылымында моншақ тәрізді хромомерлер пайда болады. Әрбір хромосома сіңлілі екі хроматидадан түрады.
Зиготена — (ұқсас) жұп хромосомалардың белгілі бөліктерін қоса- тын саты. Гомологті хромосомалар конъюгацияланып, бивалент түзеді. Бивалент — бұл екі еселенген гомологті хромосомалардың жұп косылыс- тары, яғни әрбір бивалент төрт хроматидадан тұрады. Ядродағы бивалент саны гаплоидті хромосомалар санына тең болады. Адамда 46 хромосома 23 жұп гомологті хромосомалар конъюгацияланатындықтан, биваленттің саны 23-ке тең, ол гаплоидті хромосомалар санына сәйкес келеді.
Пахитена жуан жіпшелер сатысы. Мұнда хромосомалардың ширатылуы мен олардың қысқаруы сияқты процестермен қатар гомо- логтік хромосомаларда айқасу немесе кроссинговер процесі жүзеге асады, яғни сәйкес бөліктерінің айқасып алмасуы жүреді. Мейоздық профаза сатысының ішіндегі ең ұзаққа созылатыны — бұл пахитена сатысы. Кроссинговер кезінде жұп хромосомалар ішінде генетикалық ақпарат алмасады. Ерекше айта кететін жайт, мейоз кезінде әкесі мен шешесінен алынған жұп хромосомалардың жақындасуы жүреді. Соның нәтижесінде кроссинговер кезінде бір гаплоидті хромосомаға ата-анасының екеуінің де қасиеттері мен белгілері беріледі. Мысалы, шешесінен берілген көзінің көк түсі, ал әкесінен берілген шашының қара түсі.
Диплотена жіпшелердің бір-бірінен алыстау сатысы. Мұнда гомологтік хромосомалардың арасында тебіліс күші пайда болып, олар бір-бірінен ажырай бастайды. Гомологиялык хромосомалар бір-бірінен ажырап алыстағанда, X тәрізденген өрнектер пайда болады. Бұл өрнектерді хиазмалар деп атайды. Бірақ кроссинговер өткен аймақтар, хиазмаларда өз байланыстарын үзбейді. Диплотена сатысында хромо- сомалар біршама қысқарып, конденсацияланады, нәтижесінде оның 4 жіпшелі құрылымы анық көрінеді. Хиазма аймағында 4 хроматидтің тек екеуі ғана айқасады және олар әрбір гомологтен бір-бірден алынған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет