Мейоз грек


Диакинез — қос жіпшелердің оңашалану, жекешелену кезі. Бұл



бет3/4
Дата05.10.2022
өлшемі22,26 Kb.
#41412
1   2   3   4
Диакинез қос жіпшелердің оңашалану, жекешелену кезі. Бұл
мейоздың I профаза кезеңінің соңғы сатысь. Мұнда гомологтік хромосомалар тек белгілі бір хиазма нүктелерінде ғана бірігіп тұрады және сақина, сегіздік, т.б. ерекше формаларға ие болады. Олар алдымен бірнеше жерден байланған арқандарға ұксас болады. Осы фазадан кейін жасушалардың мейоздық бөлінуі басталады.
Сонымен, гомологтік хромосомалар арасында пайда болатын тебіліс күштеріне қарамастан, I профаза кезеңінде биваленттердің толық бұзылуы жүрмейді. Овогенездегі мейоздың ерекшелігі сол — мұнда сперматогенезде болмайтын диктиотена деп аталатын арнайы сатысы болады. Адамның эмбриогенезі кезінде жүретін бұл сатыда хромосо- малар “лампалық щетка” формасына ие болып, көптеген жылдар бойы өз құрылымын өзгертпейді. Аналық организм ұрпақ беретін жасқа жеткенде, гипофиздің лютеинздеуші гормонының әсерінен овоцитте ай сайын мейоз жүріп отырады. Хиазмалар саны азайып, биваленттер қысқарып, ядро ыдырап, ұршық жіпшелері түзіле бастайды.
I метафаза. Мейоздың I метафаза кезеңінде бөліну ұршығының қалыптасуы толығымен аяқталады. Олардың жіпшелері бивалентке немесе қосылған хромосомалардың центромерасына бекінеді. Әр центромерадан бөліну ұршыгының полюсіне бір ғана жіпшесі бағытталады. Нәтижесінде, гомологтік хромосомалардың центро- мерасымен байланысқан жіпшелер әртүрлі полюстерге карай бағыттала отырып, бөліну ұршығының экваторлык жазыктығында биваленттер түзеді. Адамда осындай биваленттердің саны 23-ке тең.
I анафаза. Мейоздың I анафаза кезеңінде биваленттердегі гомологтік хромосомалар арасындағы байланыс әлсіреп, олар бір-бірінен ажырай отырып, бөліну ұршығының әртүрлі полюстеріне бағытталады. Бұл кезде әрбір полюске 2 жаңа хроматидадан тұратын гаплоидті хромосома жиынтығы бағытталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет