Мейоз грек



бет4/4
Дата05.10.2022
өлшемі22,26 Kb.
#41412
1   2   3   4
Байланысты:
мейоз (1)

I телофаза. Мейоздың I телофаза кезеңінде бөліну ұршығының полюсіне дара, гаплоидті хромосома жиынтығы (23) жиналады.
Бір диплоидті жасушадан формуласы п2с-ке тең екі гаплоидті жасуша түзіледі. Бұл жаңа жасушалар бір-бірінен гендер жиынтығымен, ал аналык жасушадан гендердің орын ауыстыруымен және хромосома санымен ажыратылады. Бұл кезеңде хромосомалардың жіпшесі тарқатылып, ядролык мембрана түзіліп, жасушада екі ядро пайда болады. Осымен кариогенез - ядроның бөлінуі аяқталып, цитокинез — жасушаның бөлінуі жүреді.
Сонымен, мейоздың бірінші редукциялык бөлінуінде жаңа пайда болған сіңлілі жасушаларда хромосоманың саны екі есе кемиді және гендік материалдардың рекомбинациясы жүреді. Гендердің жаңа комбинациялары пайда болады.
Мұндай бөліну кезінде аналык екі жіпшелі хромосомалар ажырай отырып, бір жіпшелі жаңа ұрпак түзеді.
II. Екінші мейоздық бөліну. Екінші мейоздык бөлінудің II профаза кезеңінде хромосомалар ширатылады, ядроның мембранасы жоғалады, әр жасушада ұршық жіпшелері түзіледі. Жасушаның формуласы п2с-ке тең.
II метафаза. Бұл кезеңде хромосомалар жасушаның экваторына жиналады. Хромосомалардың центромерасы экватордың үстінде, ал хроматидалардың иықтары жасушаның полюстеріне бағытталып орналасады. Жасушаның формуласы өзгермейді — п2с-ке тең.
II анафаза. Хромосомалардың центромерасы бөлінеді, хроматида- лары ажырайды, полюсінде ұксас емес хромосомалардың хроматида- ларының кездейсоқ комбинациясы пайда болады. Сонымен катар аллельді емес гендердің жаңа комбинациясының түзілуіне әкеледі. Бұл жасушалардың формуласы — п2с.
II телофаза. Хромосомалардың жіпшелері таркатылады, ядро- аралык мембрана түзіледі, жасушалар бөлінеді.
Мейоз процесі кезінде жыныс жасушаларындағы хромосомалардың саны соматикалық жасушалармен салыстырганда екі есе азаяды және генетикалық ақпараттың алмасуы жүреді.
Мейоздық бөліну нәтижесінде бір аналық жасушадан 4 гаплоидті жаңа үрпақ пайда болады.
Мейоз кезінде әке-шешеден алынған жұп хромосомалардың қосылуы жүреді.
Кроссинговер нәтижесінде бір гаплоидті хромосомада әке- шешесінің екеуінің де белгісі болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет