Мейоз грек



бет1/4
Дата05.10.2022
өлшемі22,26 Kb.
#41412
  1   2   3   4
Байланысты:
мейоз (1)


Мейоз
Мейоз (грек. мейозис — азаю) — жыныс жасушалардың бөлінуі. Соның нөтижесінде түзілген жыныс жасушаларында хромосомалар жиынтығы екі есе аз гаплоидті, ал жай жасушаларда (сомалык) хромо- сомалық жиынтық диплоидті болады. Мейоздық бөліну кезінде хромосомалар саны екі есе азаятындықтан, бұл бөліну редукциялық бөліну деп аталады. Мысалы, адамда хромосомалар саны — 46, ал адамның жыныстык жасушаларында 23 хромосома болады. Ұрыктану кезінде екі жыныс жасушалары (гаметалар) қосылғанда, хромосомалардың диплоидті саны калыпты орнына келеді. Ұрықтанған жұмыртка жасушасы зигота (грек. зигос—біріккен) деп аталады және ол болашак организмнің бастамасы болып табылады.
Мейоз процесі бірінен соң бірі тез арада үздіксіз жүріп отыратын екіжасушалык бөлінуден тұрады. Бұл бөлінуде ДНҚ-ның екі еселенуі өсу кезеңінде жүзеге асады. Бірінші мейоздык бөлінуден кейін бірден екінші мейоздык бөліну басталады да, олардың арасында хромосоманың хроматидалары синтезделмейді. Митозға кіретін жасушаларда хромосомалар саны диплоидті (2п) болады, оларға сәйкес келетін ДНҚ молекула саны (2с) болады.
Мейоздык бөліну кезінде бір диплоидті жасушадан төрт гаплоидті жасуша түзіледі. Осы бөліну барысында хромосомада екі процесс жүреді: 1) жасушаның полюстеріне гомологті хромосомалардың бір- бірінен тәуелсіз ажырауы; 2) гомологті хромосомалар хромотидалары учаскелерінің алмасуы, яғни кроссинговер процесі жүреді. Осы екі процесс болашақ ұрпақта түкым куалайтын өзгергіштік тудырады және Дарвин ілімі бойынша эволюцияның козғаушы факторларының бірі есебінде карастырылады.
I. Бірінші мейоздық бөліну. Бірінші мейоздық бөліну редукциялық деп аталып, диплоидті жасушалардан (2п4с) гаплоидті жасушалар түзіледі (п2с). Бұл бөліну екінші бөлінуге қарағанда ұзак уакыт жүреді. Мейоздың I профаза кезеңі митоз кезеңіне ұксас болғанымен, ұзакка созылады. Мұнда генетикалық материалдың тұтас жинакталуы хромосомалардың ширатылуы байқалады. Сонымен қатар митозда жүрмейтін мынадай құбылыстар байқалады: гомологиялық хромосомалар бір-бірімен конъюгацияланып, белгілі бір бөліктерімен өзара айқасу жүреді. Конъюгация (косылу) нәтижесінде хромосома жұбы түзіледі немесе оларды п саны бар биваленттер деп атайды. Мейозға катысатын әрбір хромосома екі хроматидадан түратындықтан, бивалентте 4 хроматида болады. Профаза соңында бивалентті хромосомаларда ширатылу жоғары қарқынмен жүріп қысқарады. Митоздағыдай мейоздың I профаза кезеңінде бөліну ұршыгы түзіле бастайды, оның көмегімен хромосомадағы материал жаңа ұрпақ жасушалары арасында теңдей бөлінеді.
Редукциялы бөлінудің профазасы өте күрделі. Ол бірін-бірі толық- тыра жүретін бірнеше сатыдан тұрады: лептотена; зиготена; пахитена; диплотена; диакинез.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет