Ақпараттық жүйелерді құру жүйенің өмірлік циклінің барлық кезеңінде өңдеушінің жүйелі бағдарын талап етеді. Жүйелі үйлесім мыналарды қарастырады:
ААЖ дамуының концепциясын анықтау;
жүйенің даму концепциясы негізінде технологиялық платформаларды өңдіру;
бизнес-процестер жүйесінің моделі мен бизнес-ережені өңдіруді қалыптастыру;
бизнес және бизнес-ережені басқару жүйесінің жұмыс істеу ережесін (регламентін) жаңарту;
комплекстік компьютерлеу нәтижесінде барлық өндірістер мен қызметшілер жұмысының жаңа кезеңдерін сапалы ендіруі бойынша арнайы жұмыстар жүйесін құру.
Табыс көбінесе өндірістердің арнайы жұмыстарына байланысты болады, оларды өткізуге жауапкершілікті және бақылауды бөлу бойынша фирманың мақсаты мен міндеттерін негіздеу кезінде күш сала отырып, жоғарғы басшылық дайын болуы керек.
Келесі жүйелі үйлесімді пайдалану:
концепцияны жетілдіруді және бекітуді;
пәндік облыстағыдай компьютерлік жүйелер құру облысында білімді қажет ететін архитектуралық шешімдер қабылдауды;
технологиялық платформалар таңдауды, жүйелі техникалық әдістер мен жобалау технологияларын;
«жоғарыдан төменге» әдісімен ақпараттық жүйелерді жобалауды;
Технологиямен бірге құжатнаманы параллель құруды;
Ендіру және дамыту жоспарларын құруды ;
қажет етеді.
Интегралданған ААЖ-не негізгі талаптар
Интегралданған ААЖ-ге қойылатын негізгі талап ретінде мыналарды қарастыруға болады:
1) ААЖ-ң ашықтығы, сонымен қатар:
қосымшалардың масштабталынуы (басқа объектілерге тасымалдау, мобильділік);
нақты тұтынушылар мен нақты техникалық платформаларға қосымшаларды сәйкестендіру (есептеуіш және операциялық жүйелерге);
бөлінген құрылымда тұтынушылар интерфейсі мен функционалды мүмкіндіктерінің бапталуы;
2) бизнестің негізгі принциптеріне сәйкес:
регламенттелетін автоматтандырылған құжат айналым;
құжаттарды есептеу, бақылау және сақтау бірлігі;
мазмұнды және формальды есептің бірлігі;
аналитикалық есептің бірлігі;
мультивалюталық және батыс нормативтеріне бапталу;
3) бірдей ақпараттық кеңістікті қамтамасыз ету:
тұтынушылардың кеңістікті бөлінуі;
нақтылы уақыт режимінде ақпараттық жүйені функционалдау;
кеңейтілген ауқымды телекоммуникациялық мүмкіндіктер;
ішкі жүйелік ақпараттық байланыс;
интерфейстердің көптігі; олардың техникалық өңдеуінің виртуалдылығы мен біртектілігі
4) нақты қосымшалар мен тұтынушаларға бапталу, сонымен қатар спецификацияның бапталуы:
құрылымның, құрамның, функцияның және өкілеттіктің сипатталуы;
пайдаланушы интерфейсі (формалар, есептер, менюлер);
коммуникацияның әр түрлі схемалары үшін интегралданған жүйелерде мәліметтерді беру (жергілікті, корпоративті және ауқымды есептеуіш желілері, on-line және off-line сеанстары, электронды пошта);
сервистер (ақпаратты қорғауды және әрекеттестік регламенттерін қоса);
жүйеаралық интерфейстер;
5) бизнесті басқаруды қамтамасыз ету:
дамудың стратегиясы мен тактикасын басқару;
ішкі және сыртқы орталардың ахуалын болжау (нарықтар мен қорлар);
филиалдар жүйесінің мен қосалқы өндірістер нысанасы және олардың басқарылуы;
қорлармен, активтер мен пассивтер портфельдерімен басқару;
электронды құжат айналымды, құқықты және өкілеттікті билеу;
6) сенімділік, қорғаныс және қауіпсіздік:
бөліктермен сақтау, сонымен қатар техникалық және ақпараттық көшірмесін алу (резервті ақпараттық орталықты құруды қоса);
қорғаныс деңгейлерінің көптілігі;
жеке операциялар мен функциялар өткізуге арналған жүйелеріне енуге бақылау және авторизация;
операция және құжат айналым журналын жүргізу;
7) құжаттаудың біркелкі регламенті, техникалық қамтамасыз ету және модификация.
8) анализдің көпдеңгейлі және көпаспектілі жүйесі мен иілгіш және жетілген графикалық тұтынушылық интерфейспен шешім қабылдауға дайындық.
Жоғарыдағы талаптарды іске асыру және интегралданған ААЖ-ң құрылымдық, функционалдық толықтығын қамтамасыз ету үшін жобалаудың бірнеше принциптерін сақтаумен жобаны іске асыру керек.
1) бірінші басқарушының принципі, ол мыналарды қарастырады:
концепцияны қарастыру мен бекіту және даму стратегиясы кезінде нақты өкілеттіктің жоба басшысында болуы;
жобаның мерзіміне, технологиясына және толықтығына бақылау жасау;
өкілеттікті қайта бөлу мүмкіндігі;
жобаға қатысатын қызметшілерді дайындау және қайталап дайындау;
жоба жүйесінің өмірлік циклінің барлық сатыларында бөлімшелер күшінің координациясы;
2) ААЖ-ді құруға, модификациялауға жүйелі ықпал жасау келесілерді білдіреді:
бизнесті дамыту концепциясы мен стратегиясының келісуін және жетілдіруін;
АЖ концепциясын құруды;
АЖ жобалау (құрылым, құрам және функция) технологиясын бірыңғайлауды, оның ендірілуі және жүйенің бөліну есебімен пайдалануды;
жобаның комплекстілігі мен интерактивтілігін;
3) жобалық спецификация мен технологияның ашықтығы;
4)Қазақстанда және шет елдердегі өнімдер мен қазіргі бизнес және ақпараттық технологиялар бойынша комплексті маркетингтік зерттеулер жүргізу;
5) экономикалық мақсатқа лайықты жобалар принципімен қоса:
ұсынылып отырған шешімдердің үнемділігі мен өнімділігінің анализі;
ішкі және сыртқы ортада өзгеріліп отыратын шарттарға бейімделіну;
жаңа өнімдер мен қызметтерге қолданылатын жүйелердің даму мүмкіндігі; алда келетін бизнес-технологиялар мен өнімдерге негізделу;
тұтынушы қажеттілігін қанағаттандыру;
6) жобалау және құжаттау процестерін интсрументальды қолдау, сонымен қатар:
өмірлік циклдің барлық сатыларында ААЖ жобасын автоматтандырылған құжаттық қамтамасыз ету;
электронды құжат айналым;
шешім мен технологияны стандарттау және бірыңғайлау;
7) концепция стандартымен сәйкес келетін жоба стандартын құру және қолдауымен қоса:
ашық жүйелердің негізгі стандартын қолдау;
берілген басқа жүйелерге өзара әсері мен енуінің иілгіштігі, сонымен қатар интегралданған жүйелер ортасында;
жобалау және баптау, бейімделу, көшірілу иілгіштігі;
оперативті жәрдем, соңғы тұтынушының пайдалану қарапайымдылығы.
Басқармалы есептерді комплексті шешудің факторлары
Интегралданған ААЖ құру стратегиясын жетілдіру кезінде төрт факторды атап өту керек.
Достарыңызбен бөлісу: |