Мекемені басқару құрылымы. Мекемені басқарудың үш деңгейі



бет13/13
Дата06.01.2022
өлшемі264 Kb.
#11390
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Дәріс №4

Тақырып: MS Project бағдарламасымен жұмыс жасау принциптері

Қазіргі кезде жобаларды басқару білігі өзекті болып отыр.Себебі кез келген қойылған мақсаттар мен міндеттерді барынша сапалы орындау жұмсалатын шығындарды тиімді ету мәселесі әрдайым өткір күйінде қалуда.Кәсіпорынды немесе ұйымды басқаруда атқарылатын істер мен жүзеге асыралатын жобаларды игергенде қабылданатын басқару шешімдері барынша негізді болуға тиісті. Жобаларды басқаруды игеруге деген жоғары сұраныстың деңгейін ғаламтор мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнамалар мен курстардан білуге болады.

Жоба- ол бұрын болмаған өнімді шығару немесе қызмет көрсету үшін атқарылатын іс-қимылдың жиыны. Кез келген жоба уақытқа тәуелді болады, яғни оның басталу және аяқталу уақыты болуға тиісті. Жобаны басқару деп оның жоспарын құрып, жүзеге асырылуын қадағалануын айтады. Жоба кез келген салада өндірісте, ғылым және білім аясында, денсаулық сақтау т.с.с. бағыттарда атқарылады[1].

Осы орайда заманауи технологиялардың мүмкіндіктері жобаны басқаруда өте маңызды роль атқарады. Жобаны нақты түрде жүзеге асырмас бұрын алдымен оны виртуальды түрде «қуып» алса, оның қойылған мақсаттарға қол жеткізілу ықтималдығы барынша арта түседі.

Бүгінде жобаларды басқару үшін қолданылатын бағдарламаларға MS Project, Project Expert жүйелері жатады.MS Project бағдарламасы жалпы жобаларды жүзеге асыруда, ал Project Expert бизнес жоспарды модельдеуге пайдаланылады [2-4].

Microsoft Project бағдарлама кешені шағын және орта жобаларды жүзеге асыруда менеджерлердің кең қолданатын құралы болып табылады. Себебі біріншіден оның қарапайымдылығы, екіншіден біраз мүмкіншілігінің бар екендігі, үшіншіден қолданушыға таныс интерфейстің болуы. Microsoft Project жобаларды әртүрлі кезеңде тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Бағдарлама жобаларды кезең-кезеңге бөліп құрылымын және төте жолдағы міндеттерді анықтауға жағдай жасайды, жобаны жүзеге асыру графигін кескіндейді, атқарылуға тиісті жұмыстарға ресурстарды тағайындайды.

Сонымен бірге айта кететін жайт кез келген қолданушы офистік WORD, EXCEL тәріздес бағдарламада белгілі бір деңгейде жұмыс жасау білсе,MS Project бағдарламасында жұмыс жасау үшін жобаның жасалу теориясын белгілі бір деңгейде білуі тиіс. Сонда ғана бағдарламаның тиімділігі мен ерекшеліктері айқындала түседі. Тағы бір айтатын нәрсе MS Project 2002,2007 және 2010 жылғы нұсқалары бар. Қолданушы бір нұсқасын игерсе,басқа нұсқаларда жұмыс жасау ешқандай қиындық туғызбайды.Мақалада 2010 жылғы нұсқасы қарастырылған. Бағдарламаның бастапқы көрінісі 1 суретте бейнеленген:

1 сурет. MS Project бағдарламасының көрінісі



Жобаны жүзеге асырмас бұрын оны аралыққа бөліп онда шешілуге тиісті міндеттерді нақтылап алуға болады. Жобаны жасаушы қандай аралықта қандай міндеттердің болатынын, оған қажет ресурстардың түрін және көлемін нақты пайымдай білуге тиісті.

Мысал ретінде шағын ғана үй салу жобасын қарастырайық.Әдетте үй салуды шартты түрде:

  1. Іргетасты қалау

  2. Қабырғаны тұрғызу

  3. Шатырын салу кезеңдеріне бөлуге болады.

Аталмыш жұмысты 4 адамнан тұратын құрылыс бригадасы атқарады деп есептеледі. Ал қажет құрылыс материалдарының түрлері мен бағалары кестеде берілген.

Құрылыс материалдары

Бағалары теңге

Цемент тонна

20000

Кірпіш керамзит дана

120

Ағаш текше метр

40000

Гравии тонна

1000



Су тонна

300

Құм тонна

1200

Жобаныңқұрамына енетін міндеттердің орындалу мерзімі мен тәртібін алдымен пайымдап алған дұрыс.

Мысал бойынша алдымен іргетасты құйып оған 1 күн жұмсап оның кебуіне 2 аптадай уақыт беріп, қабырға тұрғызуға 3 күн, ал шатыр жабуға 3 күн жұмсау қажет болсын. Сонда барлығы шамамен 3 аптадай уақыт керек.

Жобаны жүзеге асыру 2016 жылдың 4 сәуірінен басталсын.

Жобаны MS Project жүзеге асыру көп жағдайда Задача=>Диаграмма Ганта режимінде жүзеге асады . Берілген бағыт бойынша ақпаратты енгізгеннен кейінгі көрініс 2 суретте берілген:



2-сурет.Міндеттердің енгізілуі

  1. -суреттен бағдарламаның екі бөлікке бөлінгенін көруге болады. Сол жақ бөлікте міндеттердің тізімі және олардың басталу мен аяқталу мерзімдері сипатталады. Оң жақ бөлікте міндеттерге сәйкес олардың орындалу ұзақтығын сипаттайтын Гант диаграммасы көрсетілген.

Енді міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететін ресурстарды бағдарламаға енгізелік.Ол үшін Задача=>Лист ресурсов командаларын орындап қажетті ақпарат енгізіледі. Енгізілетін ақпарат еңбек және материалдық ресурстарды қамтиды.Егер еңбек ресурстары енгізілетін болса онда оның пайдалану мөлшері пайыздық көрсеткішпен және уақыт бойынша төленетін ставкамен сипатталады.

Материалдық ресурстардың бірліктерінің бағалары ғана енгізіледі.лдын ала айтылғандай құрылыс бригадасы 4 адамнан: Аманов, Рахметов,Сартаев және Болатовтан тұрады. Олардың бәріне сағатына 1000 теңгеден ақша төленеді.

Енді жобаға кеткен жалпы шығынды анықтау үшін Добавить новый столбец=> Затраты командасы орындалады (3 сурет).

3 сурет. Жобаның шығынын анықтау



  1. суреттен жалпы шығынның 399750 теңгенің құрағанын оның ішінде Іргетас міндетіне 49 600 теңге, Қабырға міндетіне 187150 теңге, Шатыр міндетіне 163000 теңге жұмсалғанын көруге болады. Суреттен сонымен бірге міндеттердің жобаға қарағанда оң жаққа қарай ығысып орналасқаны байқалады.

Жалпы MS Project бағдарламасының жобаларды талқылау және жүзеге асыруда атқаратын мүмкіндіктері зор. Оны қолдану бағытының барынша қарапайым әрі оңай екені сипатталып көрсетілді. Аталмыш бағдарламаны жобаларды жүзеге асыруда қолдану олардың барынша тиімді әрі басқару шешімдерінің негізді болуына септігін тигізеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет