5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.
Тапсырма: 1 – топ: Адамға өмірде ең қымбаты – отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады.
Диафильм құрастыру
2 – топ: Қазақтар – «Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
Қойылым көрсету
3 – топ: Ата – асқар тау,
Ана – бауырындағы бұлақ
Бала - жағасындағы құрақ
Мозайка құрастыру
А4 қағаз, түрлі – түсті бояғыштар,
сурет
6. Топпен ән айту. Роза Әлқожа «Қос бәйтерек» 1.Әкешім пана болған, Биік шыңын! Үйреткен мына өмірдің, Барлық сырын! Қайырмасы: Жербетін кезген менен, Сендердің көздеріңнен. 2-рет Төгілген жылылықты Ешкімнен сезбедім мен.
2.Анашым ақ сүт беріп мәпелеген, Кешірген коп кенсе де қәте менен! Қайырмасы: Анамның алақаны, Әкемнің қарағаны. 2-рет Ұқтырды бізде екенін Бақытқа балағаны!
Үнтаста
7. Үй тапсырмасы. 1. «Ата-ананың ақылы - қазулы қара жолмен тең» тақырыбында эссе жазу
2. Келесі сабақ. №21, Марат Қабанбайдың «Әйгүлдің әңгімесі» мәтінін оқып келу.
8. Сабақтың қорытынды сәті. «Күн нұры» әдісі Оқушылар берілген стикерлерге арқылы жүректерінен шыққан жылы сөздерін, бүгінгі сабақ туралы ойын жазып күн нұрына орналастырады.