Мектептегі қоңырау кестесі
І-ауысым
№
|
Басталуы
|
Аяқталуы
|
Үзіліс
|
1
|
08:00
|
08:45
|
5 минут
|
2
|
08:50
|
09:35
|
15 минут
|
3
|
09:50
|
10:35
|
15 минут
|
4
|
10:50
|
11:35
|
5 минут
|
5
|
11:40
|
12:25
|
10 минут
|
6
|
12:35
|
13:20
|
5 минут
|
7
|
13:25
|
14:10
|
|
ІІ-ауысым
№
|
Басталуы
|
Аяқталуы
|
Үзіліс
|
1
|
13:10
|
13:55
|
5 минут
|
2
|
14:00
|
14:45
|
5 минут
|
3
|
14:50
|
15:35
|
20 минут
|
4
|
15:55
|
16:40
|
5 минут
|
5
|
16:45
|
17:30
|
5 минут
|
6
|
17:35
|
18:20
|
5 минут
|
7
|
18:25
|
19:10
|
|
Сыныптың сабақ кестесі :
|
Дүйсенбі
|
Сейсенбі
|
Сәрсенбі
|
Бейсенбі
|
Жұма
|
Сенбі
|
1
|
Қазақ тілі
|
Геометрия
|
-
|
-
|
Қазақ әдебиеті
|
Өзін-өзі тану
|
2
|
Биология
|
Қазақ тілі
|
Қазақ әдебиеті
|
Геометрия
|
Физика
|
География
|
3
|
Алгебра
|
Орыс тілі мен әдебиеті
|
Ағылшын тілі
|
Қазақстан тарихы
|
Алгебра
|
Биология
|
4
|
Қазақстан тарихы
|
Дене шынықтыру
|
Орыс тілі мен әдебиеті
|
Дене шынықтыру
|
Химия
|
Ағылшын тілі
|
5
|
Физика
|
География
|
Алгебра
|
Ағылшын тілі / информатика
|
Орыс тілі мен әдебиеті
|
Қазақ тілі
|
6
|
Шәкәрімтану
|
Көркем еңбек
|
Дүниежүзі тарихы
|
Ағылшын тілі / информатика
|
Дене шынықтыру
|
Химия негіздері
|
СЫНЫП ҰЖЫМЫНА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МІНЕЗДЕМЕ
Психологиялық-педагогикалық іс тәжірибеден өту кезінде 7 «А» сыныбына биология пәнінің мұғалімінің міндетін атқардым. Сыныппен жан - жақты танысуға және оқушылармен жақсы қарым қатынас орнатуды алдыма мақсат етіп қойдым. Іс тәжірибе барысынды бұл мақсатыма толықтай жеттім деп айта аламын. Сынып оқушылары өздерін тек жақсы жақтарынан көрсетті. Жалпы Өскемен қаласы ШҚО ББ «Ш.Құдайбергенов атындағы №1 орта мектебі» КММ-нің 7 «А» сыныбында 26 оқушы бар. Оның ішінде 14 ұл бала, 12 қыз бала. Сынып жетекшісі Мадина Сайлаубекқызы. Әлеуметтік құрамы орташа. Материалдық жағынан жеткілікті қамтылған. Сынып негізінен гуманитарлы пәндерді тереңдетіп оқиды және эстетикалық тәрбиеге бағытталған. Сынып оқушылары жан жақтан жиналғандығына қарамастан , ұйымшыл, бір бірімен жақсы араласады. Сыныптың жалпы танымдық бағыты жоғары. Жақсы оқитын балалар саны 3, орташа оқитын балалар саны 10. Ұлдар да, қыздар спорттық үйірмелердің барлығына қатысады. Сыныптан тыс жұмыстарды сынып жетекшісінің көмегімен көбінесе сынып басшысы мен тәрбие секторы ұйымдастырады. Барлығын жоспарлап алғаннан соң әрбір оқушыға тапсырмаларын бөліп беріп, орындалуын қадағалап отырады. Тапсырманы әр оқушының бейімділігін, жеке дара ерекшелігін ескере отырып бөледі. Сынып іші топ -топқа бөліну , бір бірімен араласпай жүру деген сияқты жаман қылықтардан аулақ. Бір-бірін бөліп жармай, бір-біріне жақсы қарайды. Оқушылар ұйымшыл, бір бірімен өте жақсы араласады. Топтық жұмыстарда бірлесіп жұмыс істеп, бір бірлерімен жақсы тіл табысады. Көбінесе ұлдар қыздарды сыйлап, олардың ырықтарына көніп отырады, яғни ұлдардың қыздарға деген сыйластығы жоғарғы деңгейде. Оқушылардың ынта-жігерлері, білім алуға деген талпыныстары жоғары, әрбір іс-әрекетке жауапкершілікпен қарап, берілген тапсырманы уақытында тиянақты орындауға тырысады. Алға қойған мақсаттарына жетуге қолдарынан келгендерін жасайтыны көрініп тұр. Оқушылар барлық сабақтарға мол қызығушылықпен, белсенді қатысып отырады.
Сынып жетекшісі: Мадина Сайлаубекқызы
Іс тәжірибеден өтуші: Каухар Лаура Жамбылқызы
Өскемен қаласы ШҚО ББ
«Ш.Құдайбергенов атындағы №1
орта мектебі» КММ-нің 7 «А»
сыныбында оқитын
Төкенаева Айымға
Мінездеме
Төкенаева Айым озат оқушы және сынып басшысы. «Қалалық жол қозғалысы» үйірмесінің белсенді мүшесі. Сабақтан еш себепсіз қалмайды. Барлық пәндерді қызығушылықпен оқиды. Оқушының ерік- жігері күшті дамыған, алдына қойған мақсатына жету үшін бар күшін салады, білім алуға деген құштарлығы жоғарғы деңгейде. Айым болашақта дәрігер болғысы келеді. Және сол арманына осы бастан дайындалып жүр. Сабақтан тыс волейбол ойнауды ұнатады. Бірнеше қалалық жарыстарға қатысқан.
Айымның психологиялық бейнесіне тоқталар болсақ, оқушы салмақты, өз ойын емін-еркін жеткізе алатын және өзінің белсенділігімен ерекше көзге түсетін, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге тырысатын парасатты, алғыр бала. Сыныптастарымен және достарымен жақсы қарым-қатынаста. Көңілі әрқашан көтеріңкі, белсенді оқушы.
Айым жақсы отбасында тәрбиеленген. Үлкенді құрметтей біледі, кішіге әрқашан көмектесуге дайын.
Айым мектептегі және сыныптағы қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Сыныбындағы оқушыларды ұйымдастыра біледі, оларды бағалайды. Айым мұғалімдермен, оқушылармен, басқа сынып оқушыларымен де жақсы қарым- қатынаста. Волейболмен шұғылданады ұнатады.
Достарыңызбен бөлісу: |