Мектебім – асыл қазынам
(сөзін жазған М.Ванов)
1. Бұл өмірдің басты мәні,
Арманға жету деген.
Ізденімпаз жастың бәрін,
Жанарлары күлімдеген.
Қандырып білімменен,
Бойға құйдың өмір нәрін.
Қ-сы
Жанам деген жүректерге,
Күш-қайрат пен от бересің.
Көкірегі ояу жас өренге,
Алтын ұя боп келесің.
Біліміңе табындырып,
Асуларды бағындырып,
Тағы келем құшағыңа
сағындырып.
Алаулаған от-мекенсің,
Берекелі құт мекенсің.
Шәкірттерге тәлім берер
Саған теңеу жоқ мекенсің.
Қанат байлап қиялдарға,
Ұштық талай қияндарға,
Шақырып тұр бәрімізді
арман алдан
2. Қарамастан ауа-райы,
Дауылы, қыс-жазына,
Күтіп алып тұрар дайын
Алғыс айтам ұстазыма,
Мектебім- мол қазынам.
Жасай берші сен әрдайым.
Достарыңызбен бөлісу: |