Мектебінде



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата27.03.2017
өлшемі0,85 Mb.
#10396
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Сөйлемдегі 
етістіктің 
орынын 
толықтырып жаз.
1. Адам баласы табиғатты ...
2. Біз бұлақтардың көзін ...
3. Су мол болса, астық та ...
4. Табиғаты сақталған халықтар ұзақ өмір ...
5. Экологиясы төмен аймақтарымыз көбейіп ...
Керекті сөздер: сүреді, барады, қорғау тиіс, аштық, мол 
болады.
 Ассоциация құру.
-  «Табиғат»  деген  сөзді  естігенде  көз  алдарыңа  қандай 
ассоциация  келеді?  Сендер  бір  сөзбен  осы  тақырыпқа                        

101
3 минут ішінде тән белгілерді еске түсіріп жазыңдар.
- Сонымен, «Табиғат» -  бұл ...
Нашар  оқитын  оқушыларға  жеке  тапсырма  беру 
(кәртішке).
1-кәртішке: Көп нүктенің орынына тиісті әріпті қойып, 
көшіріп жаз.
Ту...ан жер таби...аты хал...ымыздың ұлт...ық мақтан...шы.
2-кәртішке: Көп нүктенің орынына тиісті әріпті қойып, 
көшіріп жаз.
Табиғат...ы  а...лап  қор...ауға  үлес  қ...су  –  біздің  азама...
тық борышымыз.
3-кәртішке. Сөйлемнің дұрыс, бұрысын анықта.
1) Табиғат пен адам – біртұтас.
2) Табиғат халық қазынасы емес.
3) Су бар жерде – тіршілік жоқ.
4) Орман ауаны тазартады.
Ой  толғау  (оқушылар  берілген  сұраққа  бірнеше  жауап 
дайындайды).
Мұғалім: - Табиғатқа нелер зиянды деп ойлайсыңдар?
Жауаптар:
1) Табиғатқа зиянды нәрсе адамның тіршілік заңын жақсы 
білмеуі;
2) Табиғатқа зиянды нәрсенің бір көзі – автокөліктер;
3)  Адамдардың  көбі  табиғатқа  жанашырлықпен 
қарамайды.  Мысалы,  су  жағасына  қоқыс  үйіндісін  төгеді; 
демалуға барғанда отырған орындарын жинамай кетеді.
- Табиғатты қорғаудың жолдары қандай?
1) Табиғи орынды сақтау, ауаны, суды ластамау;
2) Табиғатты аялап ұстау, бүлдірмеу;
3) Табиғи ортаны таза ұстау, бұлақ көздерін ашу.
Лексика-грамматикалық тест орындау.
1. Табиғат адамдардан... 

102
А) қамқорлық қажет етпейді;
Ә) қамқорлық күтеді;
Б) қамқорлық талап етеді.
2. Табиғатты сақтау үшін ...
А) улы заттар көп болу керек;
Ә) адам табиғатқа қамқорлық жасауы қажет;
Б) мән бермейді.
3. Адам мен табиғат ...
А) бөлек дүние; Ә) айта береді; Б) бөлінбейтін дүние.
V. Сабақты кластер арқылы қорытындылау.
-  Сонымен,  балалар,  табиғатты  қорғау  дегеніміз  – 
адамның азаматтық борышы дей келе, мына өлең жолдарын 
мәнерлеп оқиық:
Табиғатты қорғау үшін бәріміз
Күресейік, бір-бір ағаш егейік.
Текке отырмай, жасымыз бен кәріміз
Таза ауа үшін терімізді төгейік.
VІ. Үйге тапсырма.
1) Жаңа сөздерді жаттау.
2) Табиғат туралы мақал-мәтелдерді тауып, жаттау.
3)  І  деңгей.  «Қоршаған  ортаны  қорғау»  тақырыбына 
шағын шығарма жазу.
VІІ. Бағалау.
 
Табиғатты не 
істеу керек? 

103
Динара ӨМІРБАЕВА,
Қостанай қаласындағы 
№7 орта мектептің мұғалімі.
СӨЙЛЕМ ҚҰРАУДЫ БІЛГІЗГЕН – 
МЕНІң ҚАЛАМ
(5-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  тақырып  бойынша 
білімдерін  толықтыру,  сөздік  қорларын  молайту, 
грамматикалық тақырыппен байланыстыру; дамытушылық 
– сөз тіркесі, сөйлем құрай білу қабілеттерін дамыту, ауызекі 
сөйлеу және сауатты жазу қабілеттерін  арттыру; тәрбиелік – 
өз туған жерін, туған өлкесін сүюге, мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Оқушы  нені  білуі  тиіс:  тақырып  бойынша  өтетін 
сөздерді,  септік  жалғауларын    орынды  қолдануды,  диалог 
құрастыруды, сөз тіркесін, сөйлем құрауды білу.  
Оқушы  нені  игеруі  қажет:  мәтін  бойынша  сұрақ 
құрастыруды, сұрақтарға дұрыс жауап беруді игеру.
Типі:  саяхат  сабақ.  Түрі:  жаңа  білімді  меңгеру  сабағы. 
Пәнаралық  байланыс:  орыс  тілі,  география,  әдебиет. 
Әдістері:  сұрақ-жауап,  әңгіме,  көрнекілік,  топтастыру. 
Көрнекiлiктер,  техникалық  құралдары:  интерактивті 
тақта, киіз үй, таңбалар, тапсырмалар, «Қостанай» әні.  
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңi.
Оқушылармен сәлемдесу;
Сыныптың, тақтаның тазалығына көңіл бөлу;
Жоқ оқушыларды белгілеу, анықтау;
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.  
ІІ. Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық кезеңі. 
Сұрақтарға жауап беру: 
- Біз қай мемлекетте тұрамыз?   

104
- Қазақстанның астанасы қай қала? 
- Қазақстанның оңтүстік астанасы қай қала?
- Қандай қалаларды білесіңдер? 
(«Қостанай» әнін тыңдап, тақырыпты ашу).
Сабақтың  тақырыбымен  таныстырып,  мақсатын, 
барысын  айту.  Сабақ  барысында  жақсы  жұмыс  істеген 
балаларға  Қостанай  қаласының  таңбасы  беріліп  отырады, 
сабақ соңында көп таңба жинаған оқушы жақсы бағаланады. 
Сабақтың  саяхат  түрінде  өтетіндігін  айтып,  саяхат 
картасымен таныстыру. 
-  Саяхатқа  өз  туған  жеріміз,  туған  өлкеміз  –  Қостанай 
жеріне  аттанамыз  (Қазақстан  картасынан  Қостанай 
облысының,  Қостанай  қаласының  аумағын  тауып, 
республиканың солтүстігінде орналасқаны жөнінде айту). 
-  Балалар,  «Туған  жер  –  алтын  бесік»  дегенді  қалай 
түсінесіңдер?    Туған  жер  туралы  қандай  мақал-мәтелдер 
білесіңдер?  (Туған  жердей  жер  болмас,  туған  елдей  ел 
болмас.  Ел-елдің  бәрі  жақсы,  өз  елің  бәрінен  де  жақсы.  
Отансыз адам  - ормансыз бұлбұл. Туған жердің ауасы да 
шипа). Аталған мақалдар негізінде өз туған жерін, атамекенін 
сүюге, мақтан етуге шақыру.  
-  Жақсы,  балалар,  автобусқа  отырып,  саяхатқа         
аттанамыз.  
 ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі. 
1-аялдама – «Сөздік алқабы». Мұнда біз жаңа сөздермен 
танысамыз.  
Астықты өлке – хлебный край;
мәдениет – культура;
өлкетану – краеведческий;
тұңғыш – первый;
ағартушы – просветитель.

105
- сөздерді оқып шығу;
- хормен оқу, тізбектеп оқу;
- тән дыбыстарды тауып, сипаттама беру;
- сөз тіркесін, сөйлем құру; 
- сәйкестендіру:  
- дәптерге жазу. 
2-аялдама  –  «Тарих  беттерінен».  Мұнда  біз  мәтінмен 
танысамыз, мәтінді оқып, аударамыз. 
Менің қалам – Қостанай.
Қостанай Тобыл өзенінің сол жақ жағасында 1879 жылы 
салынған.  Қостанай  жерін  астықты  өлке  дейді.  Облыс  200 
мың шаршы километр жерді алып жатыр.
Қостанай  –  мәдениет  орталығы.  Онда  мектептер, 
медицина колледжі, педагогика институты, қазақ және орыс 
драма  театрлары,  филармония,  кинотеатрлар,  мәдениет 
сарайы, өлкетану  мұражайы бар.
Қостанайда  қазақтың  тұңғыш  педагог-ағартушысы 
Ыбырай  Алтынсарин  дүниеге  келген.  Біздің  қаламызда 
Ыбырай  Алтынсаринге  мұражай  ашылып,  ескерткіш 
орнатылған.
Қостанай – шағын, таза қала.       
-  мәтінді  үнтаспадан  мұқият  тыңдау,  не  туралы 
айтылғанын сұрау;
- тізбектеп оқып, аудару;
- жаңа сөздерді табу;
- түсінгенін айту.
- Анастасия қосымша мәліметтермен толықтырады:
1868  жылы  Торғай  облысын  құру  туралы  шешім  қа-
былданады. Оның губернаторы болып А.П.Константинович 
тағайындалады.  1870  жылы  Урдобай-Тогай  қаласын  салу 
жоспарланады,  бірақ    губернаторға  қаланың  салынатын 
жері ұнамағандықтан, қаланы Тобыл өзенінің жағасына салу 

106
жоспарланады. Басында қала Ново-Николаевск деп аталса, 
соңынан Қостанай болып өзгертіледі. 1881 жылы «Большая» 
көшесі  (қазіргі  Әл  Фараби  көшесі)  және  Шакировская 
слободка (Наримановка) салынды.  1884 ж. Ы.Алтынсарин  
2 класты училище ашады.
ІV. Жаңа материалдан түсінгенін тексеру кезеңі. 
3-аялдама  -  «Сұрақтар  сайы».  Бұл  аялдамада  сендер 
мәтін  бойынша  сұрақ  құрастырып,  жауап  бересіңдер. 
(Оқушылар  қағазға  мәтін  бойынша  сұрақтар  жазып,  киіз 
үйге салады. Әр оқушы алып, сұрақтарға жауап береді).  
4-аялдама -  «Грамматика көпірі». Бұл аялдамада топ 
сұрақтарына жауап береміз. 
1-топ: - Зат есім дегеніміз не?
- Барыс септігінің жалғауларын ата. 
- Табыс септігінің сұрақтары қандай?
Тобыл сөзін септе (тақтада).
2-топ: - Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді? 
- Жатыс септігінің жалғауларын ата. 
- Көмектес септігінің сұрақтары қандай?
Педагог сөзін септе (тақтада).
5-аялдама  -  «Тапсырмалар  бекеті».  Мұнда  біз  мәтін 
бойынша деңгейлік тапсырмалар орындаймыз. 
Жасыл түсті - ІІІ деңгей. 1.  Мәтінді толықтырып оқу. 
...останай _______ өзенінің сол жақ жағасында 1879 жылы 
салынған. Қостанай ж...рін астықты _____ дейді. Облыс ___ 
мың шаршы километр жерді алып жатыр
Қостанай  –  _________  орталығы.  Онда  м...ктептер, 
медицина  колл...джі,  педагогика  ____________,  қазақ  және 
ор...с драма театрлары, филармония, кинотеатрлар, мәдениет 
__________, өлкетану  _________ бар.
Қостанайда  қазақтың  т...ңғыш  педагог  –  ағартушысы 
________  дүниеге  келген.  Біздің  қаламызда  Ыбырай 
Алтынсаринге __________ ашылып, ескерткіш орнатылған.

107
Қостанай – шағын, ______ қала. 
2.  Сөйлемді  аудару:  Қостанайда  қазақтың  тұңғыш         
педагог-ағартушысы Ыбырай Алтынсарин дүниеге келген. 
3. Мәтіннен зат есімдерді көшіріп жазу.       
Көк түсті - ІІ деңгей.
1. Мәтін бойынша диалог құру.
2. «Қостанай» сөзін септеу.
3. Сөйлем құрап  жазу.
Таза, Қостанай, шағын, қала.
Қостанай, орталығы, мәдениет. 
Жерін, Қостанай,  өлке, астықты, дейді.
Қызыл түсті - І деңгей.
1. Қостанай қаласы туралы әңгімелеу.
2. Мәтіннен септік жалғаулы сөздерді теріп жазу. 
3. Ағартушы сөзіне бес жолды өлең жазу. 
V. Бекіту  кезеңі. 
6- аялдама – «Бекіту шыңы». Кластер толтыру. 
1879 ж. салынған      Тобыл өзені   әдемі
таза                                                     шағын
астықты өлке                                    200 мың ш.к.
мәдениет орталығы                         Ы.Алтынсарин туған      
                                                           театр, мектеп бар
- Кластер бойынша әңгімелеу, бекіту. 
VІ. Қорытынды, бағалау. 
- Сонымен, саяхатымыз аяқталды, бүгін сабақта не жөнінде 
айттық,  не  білдік,  не  үйрендік?  Сабақ  соңында  көңілдерің 
қандай? (Көңілді, орташа, көңілсіз). Әр оқушының жинаған 
таңбаларын санап, бағалау. 
VІІ.  Үйге  тапсырма:  жаңа  сөздерді  жаттау,  ағартушы 
сөзін септеу. 
 
Менің 
қалам 

108
Гүлжарқын МЫРЗАҒАЛИЕВА,
Ақтөбе қаласындағы
Құрашасай орта мектебінің 
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
ТӘУЕЛДІК ЖАЛҒАУЫНЫң 
ПЫСЫҚТАЛУЫ
(3-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  балаларға  жаңа 
сабақты түсіндіру, тәуелдік жалғауы туралы алған білімдерін 
пысықтау;  дамытушылық  –  оқушылардың  сөздік  қорын 
молайту, ой-өрісін, тілін дамыту; тәрбиелік: адамгершілікке, 
ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Түрі:  жаңа  сабақ.  Әдісі:  сұрақ-жауап,  түсіндіру. 
Көрнекілігі: кесте, суреттер, слайд.
Сабақ барысы.
1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
1.  «Менің  бөлмем»  тақырыбында  салған  суреттерін 
тексеру.
2. Сурет бойынша 1-2 сөйлем құрастыру.
3. Жаңа сабақ.
1-тапсырма. Мәтінді оқы (Тізбектеліп оқу)
Бұл  –  менің  бөлмем.  Бөлме  үлкен.  Бөлмеде  бір  үстел, 
бір  диван,  екі  орындық  және  бір  шкаф  бар.  Үстел  үстінде 
кітаптар  жатыр.  Қасында  екі  орындық  тұр.  Орындықтың  
астында мысық жатыр. Менің бөлмем таза.
2-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып жаз.
Менің  қарандаш...  үстелде  жатыр.  Сенің  қалам... 
сөмкеңде. Оның дәптер... партаның үстінде жатыр.
Керекті жалғаулар: -ым, -ың, -і.

109
3-тапсырма. Түсіп қалған әріпті тап:
...ліппе,   ...лгек,    ...рімшік,  
б...лме,   ...алам,   ...ріп,   
...йрек,   ес...к,   ...арындаш.
Сергіту сәті.
Қолды белге қояйық,
Басты оңға бұрайық,
Басты солға бұрайық,
Бір отырып, бір тұрып,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып қалайық.
4-тапсырма.  Сөздерді  аударып,  сөйлемдерді  толықты-
рып айт.
(На полу) кілем жатыр.                    (тұр)
Бір бұрышта кереует (стоит).          (гүлдер)
Терезеде (цветы) тұр.                       (еденде)
5-тапсырма. Тәуелдік жалғауын қайталап жіберейік.
Жекеше 
мысық
кітап
І жақ     Менің 
ІІ жақ    Сенің
              Сіздің 
ІІІ жақ   Оның 
6-тапсырма. Сөйлем құрап үйрен.
Бөлме, ойыншық.
7-тапсырма. Сәйкестендір
Перде                           бұрышта  ілулі  тұр.
Сөрелер                        терезенің алдында  тұр.
Гүлдер                          жарда ілулі тұр.
Суреттер                       терезеде ілулі тұр.
8-тапсырма. Адасқан сөздерді орынына қой.
Менің тап-таза бөлмем (Менің бөлмем тап-таза).
Ойыншықтар  жатыр  бөлмеде  (Ойыншықтар  бөлмеде 
 

110
   
   
 
жатыр).
Терезенің гүл алдында тұр (Терезенің алдында гүл тұр).
4. Бекіту.
Топтастыру
                     Үстел                                шкаф
            Перде                                                орындық
             
                Терезе                                     ойыншықтар
5. Үйге тапсырма: 71-бет, 4-тапсырма.
 
Бөлме 
Қадиша CАДЫҚОВА,
Астана қаласындағы
КЕБМ Экономикалық лицейінің 
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі. 
СӨЙЛЕМ ТАЛДАУДА –                 
ҰЛТТЫҚ КИІМДЕР
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  оқушылардың 
қазақтың  ұлттық  киімдері  туралы  алған  мағлұматтарын 
естеріне түсіре отырып, білімдерін бекіту; дамытушылық 
 сауатты жазуға, дұрыс сөйлеуге, өз бетімен жұмыс істеуге 
үйрету, сөздік қорын дамыту және қазақ тілінде еркін сөйлей 
білу  әрекеттерін  жетілдіру;  тәрбиелік  –  мемлекеттік  тілді 

111
құрметтеуге,  отансүйгіштікке,  адамгершілікке,  әдептілікке 
тәрбиелеу. Қазақ тілі мен әдебиеті, тарихы, салт-дәстүрі мен 
өнеріне қызығушылықтарын арттыру.
Грамматика:  фонетикалық  талдау,  сөздерді  жіктеу, 
сөйлем талдау. 
Түрі:  интерактивті  сабақ.  Әдісі:  сұрақ-жауап, 
түсіндіру,  әңгімелеу.  Пәнаралық  байланыс:  әдебиет, 
тарих,  этнография.  Көрнекіліктері:  интерактивті  тақтада 
бейнеленген  әр  ұлттың  ұлттық  киімдері,  қазақтың  ұлттық 
киімдері (шапан, қамзол, сәукеле, тұмақ, т.б.) және қазақтың 
ұлттық киімдеріне жасалған слайд және фильм, флипчарттар. 
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: 
Амандасу, түгелдеу.
Сабақтың тақырыбын көрініс арқылы ашу. 
Шағын  «Қоржын ашу»  көрінісі.
-  Балалар,  бүгінгі  біздің  сабағымызға  келген  қонақ  не 
әкелді?
- Бұл қай халықтың ұлттық киімі?
- Бүгін біз не туралы әңгімелейміз?
-  Дұрыс,  біз  алдыңғы  сабақта  алған  білімдерімізді 
жинақтаймыз және қазақ ұлттық киімі туралы не айтылғанын 
білеміз?  Сонымен  сабақтың  тақырыбы:  Сөйлем  талдауда 
– ұлттық киімдер. Оны біз сабақ барысында дәлелдейміз. 
Сабақта жеке және жұппен жұмыс жасаймыз. Сабақ соңында 
жазбаша және  компьютерде алған білімімізді жинақтаймыз. 
Ұлттық киім дегеніміз не? Ол – белгілі бір халықтың 
киімі.  Қазақ  халқының  ұлттық  киімдерін  сонау    он 
тоғызыншы ғасырдың басында тарихшылар Бартольд, одан 
қалды Потанин және Ш.Уәлихановтар зерттеген.
 
  

112
Шапан  негізінен  тік  жағалы  немесе  қайырма  жағалы  
болады.  Шапан:  сырмалы  шапан,  қаптал  шапан,  қималы 
шапан деп бөлінеді.
 
Ұлттық киімдер 
Жас 
ерекшеліктеріне 
қарай 
Жыл мезгіліне 
қарай 
Қолдануына 
қарай 
 
Ерлер 
киімі 
 
Әйелдер 
киімі 

113
Ішік  – аң терісінен немесе мал терісінен тігілетін қыстық  
киім. Ішіктер аң терісіне қарай қасқыр,құндыз  және түлкі 
ішік болып бөлінеді. 
Көйлек    екі,  үш  етекті  болады.Тік  етек  пен  кең  етек 
көйлекті  әжелер,  бүрмелі  көйлекті  жас  қыздар  мен  жас 
келіншектер киеді. 
Қамзол - жеңсіз жеңіл киім. Қамзолды   қалың матадан, 
жібектен, мақпалдан, атластан тігеді.  
Cөзжұмбақ шешу. 
1. Әйелдер де, ер кісілер де киетін бас киім.  Бөрік
2. Ерлердің  қыстық бас киімі.   Тымақ
3. Қалыңдық бас киімі.  Сәукеле 
4.  Жас  келін  балалы  болған  соң  киетін  бас  киім.               
Кимешек 
5. Тұрмыс құрмаған қыз балалар киетін бас киім.  Тақия 
6. Орамал тәрізді тоқылған әйел бас киімі.  Шәлі 
7. Елбасы, ел ағалары киетін қалпақ түрі.     Мұрақ 
Тымақ – аңның немесе малдың терісінен тігілетін қыстық 
бас киім. Тымақты  терісіне қарай: түлкі тымақ, елтірі тымақ 
деп атайды. Тымақтың төбесі  биік  және екі құлағы болады.
Тақия  -  жеңіл  бас  киім.  Тақияның  түрлері  көп.  Биік 
төбелі,  тегіс  төбелі  және  үшкір  төбелі  тақия.  Тақияны 
жібектен және қыжымнан тігеді.
   
                 
Б   
 
 
 
 
 
 
А   
С   
 
 
 
 
      
К   
 
 
 
 
 
 
 
 
И   
 
 
 
І 
М   
 
 
 
 

114
  Сәукеле  –  қалыңдықтың    бас  киімі.  Сәукелені  қымбат 
матадан тігеді және асыл тастармен әшекейлейді. Сәукеленің 
төбесіне  желек тағады және үкі қадайды.
Қазақ  халқы  киімдерді  құрметтеген  және  олар  туралы 
тыйым сөздер айтқан, соларды еске алайық.
Интерактивті тақтада киімге байланысты тыйым сөздерді 
жұптастыру. 
Бас киімді                               тамақ дайындамайды.
Бас киімді                               қоймайды.
Бас киімсіз                              іліп қояды.
Бас киімді                               сол қолдан бастап шешеді.
Киімнің жағасын                   жерге тастамайды.
Киімді оң қолдан бастап киеді,           сатпайды
Аяқ киімді төңкеріп                             баспайды.
Аяқ киімді                                             қарамайды
Аяқ киімнің табанына                         айырбастамайды
Бас  киімді                                            теріс кимейді
Бейнефильммен жұмыс. Әр оқушыға үш киімді,үш бас 
киімді және үш әшекей бұйымды атау тапсырылады.
Деңгейлі тапсырманы орындау.
Мәтінді  түсініп  оқыңдар  және  деңгейлі    тапсырма-
ларды орындаңдар.
Қазақ  халқының  киімдері  төзімді,  ыңғайлы,  қарапайым 
және  әдемі  болған.  Мұндай  киім  киген  адамға  қыстың 
қаһарлы    аязы,  жаздың  аптап  ыстығы,  күздің  қара  суығы 
қорқынышты      болмайды.  Қазақтың  ұлттық  киімдерінің 
жасалуы туралы Сәбит Мұқанов былай деп жазады: «Адамға 
ауа райының қолайсыз жағдайынан қорғану үшін және әдемі 
болу  үшін де киім қажет. Ертедегі адамдар киімді аң  және 
мал  терісінен  жасаған.  Қазақтар  ішкі-сыртқы    киімдерді  
жүріп-тұруға ықшамдап  тіккен». 

115
Төзімді  –  прочная;        қаһарлы – суровый; 
Аптап – знойный;          қара суығы – сильные холода;  
Қолайсыз – неудобный;  ықшамдап – аккуратный;
Тіккен – сшили;                қорқынышты – страшный.
ІІІ деңгей. Сөйлемді мәтін негізінде толтырыңдар.
1. Қазақ халқының киімдері қандай болған?
2. Қазақтың ұлттық киімдері туралы кім айтқан?
3. Адамға киім не үшін қажет?
4. Қазақтар ішкі-сыртқы киімдерді қалай тіккен?
ІІ деңгей. Қазақтың ұлттық киімдерінің жасалуы туралы 
С.Мұқанов не деген? Айтып бер.
І деңгей. Мәтінді қысқаша әңгімелеп бер.
Жас ерекшеліктеріне қарай баланы, қызды, ата мен 
әжені және ұл мен қызды киіндіру.
- Ал, енді, балалар, грамматиканы пысықтаймыз.
Етістіктің райлары: ашық рай, шартты рай, бұйрық  рай, 
қалау рай.
Ки,  ал,  пайдалан,сатып  ал  етістіктерінен  қалау  және 
шартты рай формасын жасау.
2-тапсырма. Ашық райда тұрған етістіктердің шақтарын 
анықтаңдар.
1.  Сәукеле  қазақтың  ұлттық  киімдерінің  ішіндегі  ең 
қымбат және сәнді киім болып саналады. 
2. Ертеде шеберлерге бір сәукелені жасауға бір жыл уақыт 
кеткен. 
3.  Сәукеле  мақпалмен  тысталып,  арнайы  зерлі  моншақ 
бұйымдармен әшекейленеді.
4.  Сәукеленің  биіктігі  25-50  сантиметр  аралығында 
болады.
Сәукеленің  төбе  ұшына  міндетті  түрде  үлпілдеген  үкі 
қауырсыны тағылады.
Қорытынды.
Оқушыларды бағалау.

116
   
   
 
Үйге  тапсырма: ІІІ деңгей: киім туралы үш мақал жазу 
және  жаттау;  ІІ  деңгей:  киім  туралы  мақалдың  мағынасын 
түсіндір;  І  деңгей:  «Ұлттық  киім  –  халық  мұрасы» 
тақырыбына эссе жазу. Көлемі:  9-12  сөйлем.
Күлпан ТРАНОВА,
Ақтөбе облысының
Қандыағаш қаласындағы 
№2 орта мектебінің 
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
САН ЕСІМНІң ЖАЛҒАУЛАРЫ
(6-сынып, Қанат Ибрагимовтың «Қазақ тілі»                 
оқулығы бойынша)
Сабақтың мақсаты: білімділік – сан есімнің түрленуі 
туралы  түсіндіру,  ”Саудагер  мен  тотықұс”  мәтінімен 
таныстыру;  дамытушылық  –  өз  бетінше  ізденуге,  ойлау 
қабілетін  арттыруға  ықпал  ету,  өз  ойын  еркін  жеткізуге 
баулу; тәрбиелік – оқушыларды достыққа тәрбиелеу, тілге 
деген қызығушылықтарын ояту.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет