Ұлттық жоспардың мақсаты – ҚР оқушыларының
функционалды сауаттылығын дамыту үшін жағдай
жасау.
Ұлттық жоспар міндеті:
1. Оқушылардың функционалды сауаттылығын
дамытуда отандық және халықаралық тәжірибелерді
оқып-үйрену.
2. Оқушылардың функционалды сауаттылығын
дамытуда өлшем жүйесінің механизімін анықтау.
3. Білім мазмұнының модернизациясын қамсыз-
дандыру: оқу жоспары және бағдарламасының
стандарты.
4. Білім беру жүйесін оқу-әдістемелік жұмыспен
қамтамасыз ету.
5. Оқушылардың білім сапасын мониторингілеу
және бағалау жүйесін дамыту.
6. Қосымша білім және мектептің материалдық-
техникалық базасын толықтыру.
Мұғалім-практик ретінде осы белгіленген алты
міндеттен, төртінші міндетті – білім беру үдерісінің оқу-
әдістемелік жұмысын жүзеге асыра аламыз және жүзеге
асыруға міндеттіміз. Бұл – біздің күнделікті пән бойынша
сабақ жүргізуге дайындығымыз.
PISA зерттеулері бойынша, тұрақты алдыңғы қатарлы
нәтиже көрсетуші елдерде (Австралия, Финляндия,
Жапония, Жаңа Зеландия, Италия, Оңтүстік Корея
және т.б.) оқушылардың функционалды сауаттылығын
қалыптастыруға келесі факторлар әсер етеді:
1) білім мазмұны ( ұлттық стандарт, оқу бағдарламалары);
2) оқу әдістері және формалары;
16
3) оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау және
диагностикалау жүйесі;
4) сыныптан тыс және қосымша білім беру бағдар-
ламалары;
5) мектепті басқару үлгісі (қоғами-мемлекеттік форма),
оқу жоспарын құрудағы мектеп автономиясының жоғарғы
деңгейі;
6) барлық қызығушы жақтармен серіктестік ұстанымы
негізінде білім беру ордасындағы достастық;
7) балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы ата-аналардың
белсенді атсалысуы.
Көрсетілген факторлар Қазақстандық оқушылардың
функционалды
сауаттылығын
дамыту
механизмін
анықтайды.
Білім беру стандартын жаңартумен кез келген мұғалім
айналыса алмайтындығы бәрімізге белгілі, бұл ҚР БҒМ
құзырында. Бірақ та, функционалды сауаттылықты дамыту
нәтижесі, негізгі құзыреттілікті игеру, жастарға тәжірибелік
жағдаяттар кезінде және әлеуметтік бейімделу үрдісінде
тиімді қолдана білу болып саналады. Негізгі құзыреттілік
– бұл орта мектеп түлегінің тұлғалық сапасына білімінің
нәтижесі түрінде, оқу бағдарламасында және МЖМБС
жазылған мемлекеттің талабы.
Орта мектеп түлегінің негізгі құзыреттілігі келесіде:
- басқарушылық (мәселені шешу қабілеті);
- ақпараттық (өз бетінше танымдық әрекетке немесе
өмір бойы оқу дағдысы);
- коммуникативті (ауызша, жазбаша, қазақ тілі, орыс
және ағылшын тілдерінде қарым-қатынасқа түсе білуге
қабілеттілік);
17
- әлеуметтік (әлеуметтік өзара әрекеттестікке қабілет-
тілік);
- тұлғалық (өз бетінше ұйымдастыру, өмірлік және
кәсіби өзіндік анықтауға, жүзеге асыруға және т.б.);
- азаматтық (өз Отанына өзіндік сана және мәдениеттілік
негізінде жауапкершілікті сезіне білу);
- технологиялық (технологияларды қолдана білу
іскерлігі, ғылыми, сандық, тиімділік деңгейіне қарай).
Негізгі құзыреттіліктен басқа пәндік аймақтарда пәндік
құзыреттіліктер де белгілі: мамандандырылған білім,
оқу пәні аумағындағы дағдылар. Негізгі және пәндік
құзыреттіліктер білім нәтижесі ретінде нақты, өлшемді,
жемісті, шынайы және уақытпен анықталған болуы тиіс.
Осы көрсетілгендердің ішінен бізге, мұғалім-практиктерге
келесілері қол жетімді: оқытудың технологиясы және
әдістері, формасының жаңаруы, оқушылардың оқудағы
жетістіктерін бағалау және диагностикалау жүйесі, барлық
қызығушы жақтармен серіктестік үрдісі негізінде білім
беру ордасындағы достастық, бала тәрбиесі мен оқуындағы
ата-ананың белсенді атсалысуы.
Осыған сәйкес, 2012-2016 жылдарға оқушылардың
функционалды
сауаттылығын
дамытудың
Ұлттық
жоспарында көрсетілгендерге таңдау жасап, яғни, кәсіби-
педагогикалық құзыреттілігімізге сәйкесімен жұмыс
істеуіміз керек.
Өз іс-тәжірибемде мен функционалды сауаттылықтың
мынадай түрлеріне – тілдік және әлеуметтік-тұрмыстық
сауаттылыққа көп көңіл бөлемін. Сауаттылықтың осы
түрлері меніңше, Ұлттық жоспарда аталған: коммуникатив-
ті құзыреттілік - бұл ауызша, жазбаша, қазақ тілі,
18
орыс және ағылшын тілдерінде қарым-қатынасқа түсе
білу қабілеттілігі толығымен негізгі құзыреттілікті
қалыптастыруға әсерін тигізеді.
Тілдік және әлеуметтік-тұрмыстық сауаттылықты
қалыптастыру әдістемесін қазақ тілі сабағында
М.Жанпейісованың модулдік технологиясы негізінде
жүргізіледі. Осы технология бойынша көптеген әріптестерім
оқу модулі 3 бөлімнен тұратындығын біледі: кіріспе,
диалогтік және қорытынды бөлім. Көлемді, мазмұнды
және негізгі жүктеме диалогтік бөлімде қарастырылады,
себебі тілдік функционалды сауаттылық белсенді түрде
осы бөлімде жүзеге асырылады.
Мысалы, 6-сыныпта қазақ тілін оқытуда мен оқушылар-
дың қатысуымен бейнероликтер жасап шығардым, сонымен
қатар, олардың оқу әрекетінің объектісі емес субъектісі
болуына жағдай жасаймын. Бұл олардың танымдық
белсенділіктерін жоғарылатуға, қазақ тілін үйренуге
қызығушылығын және ең бастысы тілдік және әлеуметтік-
тұрмыстық сауаттылығын қалыптастыруға септігін тигізеді.
Мысалы, «Кітапхана» тақырыбы бойынша бейнеролик
жасалды, ол оқушылардың тілдік сауаттылығын дамытуға
үлкен әсер етті.
Сонымен қоса, тілдік сауаттылықты қалыптастыруда,
соның ішінде диалогты құруда, лексикалық тақырыпқа жаңа
сөздер енгізу қажет, синоним, омоним және антонимдерден
мысалдар келтіру. Лексикалық тақырыпты үйренудегі
мұндай қатынас, біріншіден, оқушылардың сөздік қорларын
молайтуға, екіншіден, әлеуметтік немесе оқу жағдаятында
коммуникативтік қабілеттерін көрсете білуге үйретеді.
Оқушылардың тілдік және әлеуметтік-тұрмыстық
сауаттылығын қалыптастыруда пәнаралық байланыс
19
маңызды рөл атқарады. «Менің Отаным - Қазақстан»,
«Менің сүйікті өлкем» және т.б., лексикалық тақырыптарды
оқуда әлемнің физикалық картасын қолдану, атлас, көрнекі
құралдар, плакаттар, таныстырулар (презентациялар)
оқушылардың тақырыпты толық әрі жүйелі меңгеруіне,
білім салаларымен байланыстыра алуына көмектеседі.
Мұны ақпараттық сауаттылық элементіне жатқызуға
болады.
Ақпараттық
сауаттылықты
қалыптастыруда
телекоммуникациялар және заманауи ақпараттық жүйелер
(ғаламтор), сонымен қатар, ақпараттың басым көпшілігі,
классикалық құралдар – бұл жұрнал, газет, кітаптар және
т.б. Жалпы білім беретін мектеп жағдайында тілдік және
әлеуметтік-тұрмыстық
сауаттылықты
қалыптастыру
құралдары жеткілікті: бұл мектеп кітапханасы, асхана,
дәрігер бөлмесі, кез келген әлеуметтік-тұрмыстық
жағдаяттарды моделдей алу білігі мен іскерлігін қажет
ететін жағдаяттар.
Осыған орай, жоғарыда көрсетілгендерге негіздей
отырып, мынадай тұжырым жасауға болады: бүгінгі
таңда жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың
функционалды сауаттылығын қалыптастыруға жеткілікті
дәрежеде жағдай жасалған, ал қазақ тілі және қазақ
әдебиеті сабағында тілдік және әлеуметтік-тұрмыстық
сауаттылықты дамыту мүмкіндігі бар.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
жөніндегі 2012–2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл
жоспары //Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
25 маусымдағы № 832 қаулысы.
20
Тиімді әдіс
–
баршаға ортақ
Бақытгүл ЖҰМАБАЕВА,
Семей қаласындағы
№9 орта мектептің
қазақ тілі және әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
КЕШЕНДІ ТҮРДЕ ОҚЫТУДЫң
ТҮРЛЕРІ
Тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындасты-
ратын өзгеше қатынас құралы. Тіл – адам баласын қазіргі
жетістіктерге жеткізген ұлы да бірегей туынды.
Тілді адамзаттың бір-бірімен сөйлесу, пікірлесу,
түсінісу құралы ретінде меңгере отырып, оның
әлеуметтік қыры мен ішкі мазмұн-мағынасын қатар
игеру – бүгінгі күн талабынан туындап отырған мәселе.
Қазіргі өркениетті заманда тіл адам мен адамның тілдік
қарым-қатынасын іске асырумен бірге оның ой-пікірін,
көзқарасын, танымы мен білімін де аңғартады. Тіл –
ертедегі Түркі Қағанатының Алтын Орда заманындағы
үстем тілі. Тілдің эстетикалық талғамы зор. Көркем
өнерін, мақал-мәтелін, қанатты сөзін, теңеулерін, өлең
сөздері мен даналық талғамын нұрландырып тұрған
нәрлі тіл – қазақтың баба тілі, қазақтың ана тілі.
Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі
болғандықтан, оны білу – әрбір Қазақстан азаматының
қасиетті борышы. Біздің еліміз – көп диаспоралы
мемлекет, сондықтан мемлекеттік мәртебе алған қазақ
21
тілін оқып үйренуді, игеруді жан-жақты жүзеге асырып,
жетілдіре түсуді міндетіміз деп білуіміз керек. Тілдерді
үйрету әдісі үнемі заман талабына, уақыт ағымына
қарай өзгеріп, дамып, жетіліп отырады. Сол себепті де
мемлекеттік тілімізді басқа ұлт өкілдеріне меңгертуде
дүниежүзінің әдістеме ғылы-мында үлкен жетістіктерге
қол жеткізіп жүрген қатысым- дық (коммуникативтік)
бағытты ұстану – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің
бірі. Тіл дегеніміз
– қай халықтың болмасын кешегі,
бүгінгі ғана тағдыры емес, ертеңгі де тағдыры.
Қарым-қатынастың түрлері көп. Тілдік қатынас – тіл
арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір-
бірімен қарым-қатынас жасауы, қоғамдық, ұлттық тіл
арқылы ұғынысу, түсіну, яғни азаматтың тіл арқылы
қатынасқа түсуі тілдік қатынас дегенді білдіреді.
Қазақ тілін үйретуде қатысымдық әдісті пайдаланудың
ең тиімді жолы – адам мен адамның тікелей қарым-
қатынасы арқылы тілді үйретуді жүзеге асыру.
Сөйлеу кезінде адам қалай болса солай тілінің ұшына
келгенін айта салмайды, ол, ең алдымен, ойлауды басынан
өткереді, сырттағы объективтік шындық санаға, ойға
әсер етеді. Сол адам миының, ойлау үдерісі арқасында
нені айту керек, не туралы сөйлеу қажеттігі жөнінде
нақтылы сөз жасайды.
Тілді оқытудағы ең басты мақсат – оқушыны сөйлеуге,
яғни, айтар ойын жеткізе білуге үйрету.
Көптеген әдістемелік әдебиеттерде кездесетін «гово-
рение» үдерісі қазақша «сөйлеу» деп аталынып жүр.
Ұлттық әдеби тілімізде сөздің дұрыс айтылу нормаларын
«сөз сазы» деп атау да ұтымды орын алған.
22
Ұлттық тілде «сөйлеу» деген сөз бірнеше ұғымдарды
білдіреді. Сөйлесім әрекетінің түрлеріне жататын
басқа атауларды ескеріп және «сөйлеу» сөзінің әр түрлі
мағыналарын ойластыра келіп, «говорение» деудің
орынына «сөйлеу» терминінен гөрі жаңаша «диалог»
деген терминді қолданғанды жөн көрдім.
Диалог – адамдар арасындағы тілмен түсінісуді
жүзеге асыратын сөйлесім әрекетінің бір түрі. Ол тілдік
қарым- қатынас барысында адамның өз ойын жарыққа
шығару үдерісі.
Диалог, яғни, сөйлеу, негізінен бір адамға тән әрекет
болғанымен, тілдік қатынаста екі жақты байланыстың
болуын қажет етеді. Адам өз ойын екінші біреуге
жеткізу үшін айтады, сол үшін шығарады. Сондықтан
тіл үйренушіге ойын тіл арқылы жарыққа шығаруды
үйретпей тұрып, оны сөйлесуге, тілдесуге үйрету
мүмкін емес. Тілді үйретуге байланысты қолданылатын
қатысымдық әдіс, біздің пікірімізше, бірнеше басты
белгілерге ие болады. Бұл әдістің, басқа әдістерге
қарағанда, өзіндік айырмашылығы бар.
Жалпы түрде жинақтап айтсақ, бұл әдістердің бәріне
тән ортақ мақсат – сөздің қолданылу ерекшеліктері
мен мағыналарын түсіндіру, тілдің грамматикалық
құрылысын меңгерту, ауызекі сөйлеу тілінің сөздік
қорын үйрету. Бұл әдістерді қолданудың нәтижесінде
оқушының сөз байлығы дамиды, дұрыс сөйлеу қабілеті
артады, тілдік тұлғаларды дұрыс оқып-жазуды игереді.
Қатысымдық әдісті жиі қолданған сайын, біз өзге ұлт
оқушыларын қазақ тілінде сөйлете аламыз.
I. Тіл – барша адамзаттың рухани кемелдігінің белгісі.
Ол адамдар арасындағы ғана емес, қоғамдағы барша
23
қарым-қатынастың дәнекері болатын құдіретті құрал.
Тілдерді үйрету әдісі үнемі заман талабына, уақыт
ағымына қарай өзгеріп, дамып, жетіліп отырады. Сол
себепті де мемлекеттік тілімізді басқа ұлт өкілдеріне
меңгертуде дүниежүзінің әдістеме ғылымында үлкен
жетістіктерге қол жеткізіп жүрген қатысымдық
(коммукативтік) бағытты ұстану бүгінгі күннің аса өзекті
мәселелерінің бірі. Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына
жолдауын 6 ақпанда жариялады. Осы жолдауда көте-
рілген мәселелердің бірі – «Тілдердің үш тұғырлығы».
/1,2-б./
«Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің жолы – ең
үздік, инновациялық, әдістемелік, практикалық оқу-
құралдарын, аудио-бейнематериалдарды әзірлеу керек»
деді Елбасы. Ал, тіл ұстартуда мұғалімнің қойған басты
мақсаты да сол, өз сабақтарында жаңа технологияны
қолдана отырып, оқытудың сапасын жетілдіру
мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту.
Қазіргі кезде орыс тілді мектептерде мемлекеттік
тілді оқытудың жаңаша, тиімді жақтары практикалық
тұрғыдан игеруге бағытталған аса құнды әдіс-тәсілдерді
меңгеруді талап етеді.
Мемлекеттік тілімізді басқа ұлт өкілдеріне меңгертуде
дүние жүзінің әдістеме ғылымында үлкен жетістіктерге
қол жеткізіп жүрген қатысымдық бағытта ұстану –
бүгінгі күні аса өзекті мәселелердің бірі. Қазақ тіл
білімінде қатысымдық әдістің негізін қалаған профессор
Ф.Оразбаева берген анықтамаға жүгінсек, «Қатысымдық
әдіс дегеніміз – оқушы мен оқытушының тікелей қарым
– қатынасы арқылы жүзеге асатын белгілі бір тілде
сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен
24
әдістемелік категорияларына тән басты белгілер мен
қағидалардың басты жүйесінен тұратын, тіл үйретудің
тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым- қатынас
құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі».
Қатысымдық бағыттылықты ұстанған әдіскер
Е.И.Пассов, А.А.Леонтьев, В.Г.Костоманов, А.Н.Щукин,
М.Н.Вятютнев,
Г.А.Китайгородская,
Г.В.Рогова,
И.Зимняя,
В.А.Скалкин,
Б.А.Лапидус,
Н.И.Гез,
Э.П.Шубин, И.Л.Бим, т.б. бұл әдістің ғылыми теориялық
және әдістемелік тұрғыдан ең тиімді екенін дәлелдеген.
/2,4-б./
Қазақстан Республикасының «Тілдерді дамытудың
2010-2011жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама-
лардың негізгі талабы – мемлекеттік тілді оқытудың
саны мен сапасына көңіл бөлу керек.» Елбасының ақпан
айындағы жолдауында «2017 жылға қарай мемлекеттік
тілді білетін қазақстандықтар санын 80%-ға дейін
жеткізу, ал 2020 жылға қарай кемінде 95%-ды құрауы
тиіс. Енді 10 жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100%
мемлекеттік тілді біліп шығатын болады».
Ең алдымен, ерекше орын алатын тілдік қатынастың
негізгі мазмұны, мәні, мағынасы болып табылатын
хабарды іс жүзіне асырушылар – хабарға тікелей
қатысушылар.
Тілді зерттеуші ғалымдар тілдік қатынас құбылысына
байланысты 3 кезеңді атап өтеді:
- Хабардың дұрыс айтылуы, шығуы. Мұнда
синтаксистік заңдылықтар, яғни, грамматикалық
бірліктердің айтылуы, дыбысталуы ерекше көзге түседі.
- Айтылуға тиісті мағынаның дұрыс жеткізілуі,
айтылар ой мен айтылған тілдік құралдың тепе-теңдігі.
25
Мұнда семантикалық заңдылықтар басым рөл атқарады.
- Әңгімелесуші екінші адамның хабарды дұрыс
қабылдауы.
Лингвистикалық, әдістемелік әдебиеттердің көпші-
лігінде сөйлесім әрекетін төрт түрге бөліп қарастыру
тұрақты орын алған. Олар:
Сөйлесу (говорение);
Оқу (чтение);
Жазу (письмо);
Түсіну (аудирование).
Бұл ғылыми ұғымдарды қазақша бірыңғай оқылым,
жазылым, тыңдалым, айтылым деп айтуды жөн санайды.
Тыңдалым жөнінде ғалым Қ.Қадашеваның мына
пікірі өте орынды. «...оқу мен жазу үнемі тыңдау және
сөйлеуден кейін келеді, себебі тілді түсіну сол тілді
қолданудан бұрын болғаны дұрыс».
Ал осы тыңдалымның өзіне тән ерекшеліктерін, оны
сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта тиімді пайдалану
жолдарын қарастырмас бұрын төмендегі мәселелер
төңірегінде ойланып көрейікші./ 2-14-б./
- Өзге тілде ұғынысу үшін әуелі тыңдау керек пе әлде
сөйлесу керек пе?
- Тілдесуге үйрену қиын ба әлде тыңдауға үйрену
қиын ба?
- Адамның тыңдай білу қабілетінің жақсы, жедел
дамуына оның қандай қабілеттері көмектеседі?
- Басқа тілдегі сөздерді, сөйлемдерді естігенде адам
қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін?
- Кез келген тіл үйренуші адамның тыңдау, есту
қабілеттерін қандай жаттығулар түрі жедел дамытуға
ықпал ете алады?
26
- Тыңдаған, естіген дүниеге болжам жасай білу
қабілеттерін дамыту үшін қандай жаттығулар жүйесін
ұсынуға болады?
- Оқытушы ретінде тыңдалымға байланысты өзіңіз-
дің тәжірибеңізде кездесетін қандай қиындықтарды атар
едіңіз және олардан шығу үшін сіз қандай жаттығулар
мен тапсырмалар түрін ұсынар едіңіз?
Әуелі кез келген дүниені тыңдар алдында адам не
үшін тыңдаймын және қалай тыңдағаным дұрыс, қалай
тыңдауым керек деген мәселе төңірегінде ойлануы керек.
Ол естіп отырған дүниеден өзіне қажеттісін дұрыс
таңдап ала білуі керек және айтушының соңғы мақсатын
түсіне білуі тиіс. Кез келген өзге тілді үйренуші адам
мәтінді тыңдар алдында өзіне міндеттер белгілеп алуы
қажет.
Қазақ тіліне қарым-қатынас құралы ретінде
коммуникативтік тұрғыдан қазақ тілі сабақтарында және
сабақтан тыс уақытта меңгерту керек. Тақырып бойынша
берілген әдебиетті меңгеру және талдау жүргізу қажет.
Қазақ тілі сабақтарында және сабақтан тыс уақытта
әдістемелік тәжірибе жұмыстарын орта буында жүргізу
әдістерін қарастырған жөн.
Қазақ тілі кафедрасына диалогтық тілдік қатынасты
енгізу жолындағы ұсыныстарды жүйелендіру ісі
жүктеледі.
«Сөйлеуге үйрету» немесе «диалог» дегенде
мынандай ұғымға мән беріледі: бұл адамның тілдік
қарым-қатынаста бір-бірімен тілдесуі, сөйлесуі, айтуы.
Диалог
– айтылған ойдың адамға түсінікті болып, оны
қабылдау арқылы екінші адамның оған өзіндік реакция
жасауы немесе жауап қайтаруы. Ол тілдік коммуникация
27
арқылы жүзеге асады. Ауызша сөйлесімнің нәтижесінде
түсінісуге жол ашылады.
Сондықтан оқушыны қазақ тілінде ойын ауызша
жеткізе білуге үйрету деген – ең алдымен, өмірде оны
екінші адаммен түсінісе білуге үйрету, ойын ауызша
жеткізіп қана қарамау деген сөз.
Диалог әрекетіне қатысты ең маңызды мәселе
– сөзді дұрыс айта білудің заңдылықтарын және
қалыптасқан нормаларын меңгеру. Бұл туралы тілші-
ғалым Р.Сыздықованың түйген ойларының қай-қай-
сысы болсын тіл үйренушіге де, оқытушыға да пайдалы:
«Тілдік норманың барлық қаттауында: сөздік саласында
/лексикасында/, грамматикасында, дыбыстар жүйесінде,
стильдік-көркемдік тәсілдерінде болуы шарт. Норма
сондай-ақ тілдің қолданылу түрлерінде де, яғни, жазба
және ауызша түрде қызмет ету барысында да орын алуы
қажет. Сондықтан ана тіліміздің жазба түрімен қатар,
ауызша түріне қойылатын талаптардың да күшейе түсуі
заңды». /17, 27-б./
Сөйлесім әрекетіне тән айтылымның қатысымдық
табиғатын айқындайтын белгінің бірі – адам мен адам-
ның ұғынысу қажеттігін өтейтін тыңдалым үдерісі.
Ауызша сөйлеу іске асқан жерде есту де, тындау да
қатар жүреді. Адамның ауызша сөйлеу арқылы жарыққа
шыққан ойы екінші адамның есту қабілеті ұстап, есту
мүшелеріне әсер еткенде ғана ұғынықты болады.
Сондықтан сөйлесім мен естілім екеуі екі түрлі үдеріс
болғанымен, бір-бірімен қатар жұмсалып, қатар жүреді.
Сонымен қатар сөйлесім – тіл үйрену жолындағы
маңызды баспалдақ, қажет шарт қана емес, ол -
адамзаттың қоғамдағы әлеуметтік орынын, қызметін
28
көрсететін күрделі әрекет.
Қазақ тілінде сөйлеу арқылы оқытушы үйренушіге
ойын қазақша жеткізе білуімен қатар, пікір айтуға,
көзқарасын білдіруге де тәрбиелейді. Сөйлеуге үйрету
– тілді жалаң меңгеру емес, адамның жалпы ойлау
қабілетін кеңейту, жетілдіру деген сөз.
Осы тұрғыдан келгенде, айтылымда қазақша сөйлеуге
үйрету сапалы болу үшін басты-басты мынадай
жағдайларды ескеру қажет:
- Үйренетін тілде сөйлеуге деген қажеттілік;
- Қоршаған орта, жағдайдың әсері;
- Жеке бастың қабілетін ескеру;
- Сөйлеудің түпкі мақсатын айқындау.
Жалпы, ауызша сөйлеуге үйретуде әдіскерлердің
ұсынатын белгілері, оған қоятын талаптары – түрліше.
Сөйлесуді оқытудың ерекшеліктері үйрететін тілдің
жан-жақты сипатын қарастыруға мәжбір етеді. Мұндай
әсіресе тілдің қоғамдық мәні мен оқыту ерекшеліктері,
сыртқы себеп-салдары назар аударуды қажет етеді.
Үйрететін тілде сөйлеуге деген қажеттілік болмаса,
сөйлеудің қаншама жолдарын меңгергенмен, ол жасанды
рөл атқарады да, бірте-бірте өзінің өміршеңдігін жояды.
Қазақ тілін үйретудің сапасыздығы оның күнделікті
өмірде өзіне тиісті орынын тауып, қоғамдағы қажетті
үрдіс ретінде танылмағандығынан және аудиторияда,
сабақта белгілі бір тақырып төңірегінде сөздердің құр
жаттала салуынан деп есептеу керек.
Сөйлесімге деген қажеттілік оқытушы тарапынан да,
оқушы тарапынан да бірдей болу қажет. Және қатып
қалған қалыпты емес, мүмкіндігінше тілдік қарым-
қатынасқа итермелейтін, еркін болғаны абзал.
29
Мәселен, оқытушы оқушыны сөзге тарту үшін
сөйлесуге түрліше қадам жасайды. Ол:
- Кешке үйде боласың ба? – десе, оқушы:
- Жоқ, болмаймын,- деп, диалогты бірден үзе салуы
мүмкін.
Ал егер:
- Кешке не істейсің? Мен сенің кешкі уақытыңды
қалай өткізетініңді білгім келеді,- десеңіз, ол:
- Мен үйде боламын. Сізге менің қажетім бар ма?
Немесе:
- Мен кешке футболға барамын. «Уақытыңыз болса,
бірге барайық» немесе «Маған айтар тапсырмаңыз бар
ма?» деуі мүмкін. Осындайдан барып өз-өзінен туындап
жатқан сөйлесудің үлгілері пайда болады.
Демек, сөйлеуге үйренудің сыртқы жағдайлармен
қатар, ауызша тілдесудің ішкі жағдайларға қатысты
қажеттілігінде де маңызды рөл атқарады. Мұғалім
оқыту барысында олардың барлығын ескеріп отыруға
тырысады.
Ауызша сөйлеуге үйретуде қоршаған орта мен
жағдайдың алатын өзіндік ерекше орыны бар. Қоршаған
орта мен жағдай әр түрлі себептерге байланысты шартты
түрде ұйымдастырыла береді.
Сол сияқты сөйлеуге үйрету кезіндегідей жағдай
жалпылама не нақтылы болып келуі де мүмкін.
Сөйлеуге үйретуде қоршаған орта мен жағдайдың
әсерін ескеру оқу үдерісін тікелей өмірмен жалғастырады.
Сол себепті ситуациялық көрініс өмірде болып жатқан
құбылыстарды бірден түсініп, ауызша тіл арқылы
жеткізіп беруге жол ашады.
30
Сабақты өткізу барысында алынатын белгілі бір
жағдайдың өтетін орыны мен мерзімі анықталады.
Содан кейін сабақта сөйлесімді атқаратын кейіпкерлер
бейнеленеді. Әр оқушы өзіне тиісті болған кейіпкерлердің
рөліне кіріп, жағдайға байланысты ойын жарыққа
шығарып айта бастағанда, басқалары оған сай жауап
қайтарады. Сөйтіп сөйлеу жүзеге асады. Сөйлесімдік
ортаға қатысты жағдай одан әрі жалғасады, т.б. Мұндайда
сөйлеудің барлық, формалары (монолог, диалог, полилог)
сөйлеушілердің ыңғайына қарай атқарыла береді.
Сұхбат – көбінесе, екі не одан да көп сұхбаттастардың
тілдесуі жағдайында бірінен-бірі туып отыратын
репликалар тізбегі. Мұнда бір ескертетін жағдай – ол
емеурін элементтерінің жиі немесе көбірек қолданылуы.
Ол сұхбаттастардың жорамал жасауына алып келеді.
Бұдан кейін сұхбатқа тән ерекшелік – оның кенеттен
пайда болатындығы. Себебі, сұхбат кезіндегі әңгіменің
мазмұны, оның құрылысы сұхбаттастардың репликала-
рына тікелей байланысты. Сұхбаттаса білу үшін әр түрлі
клишелерді, сөйлеу формулаларын, сөйлемдердің айқын
емес, толық емес құрылымдарын меңгеру керек. Сұхбат
кезінде бір сұрақтан екінші сұраққа, бір тақырыптан
екіншісіне күтпеген жерден ауыса салу, бұрынғы
тақырыпқа қайта оралу деген жиі ұшырасады. Сұхбаттың
элементтері – әр түрлі репликалар бір сөз немесе бірнеше
сөйлем болуы мүмкін. Ең жиі кездесетіні бір сөйлемді
репликалар болып табылады. Репликалардың қосылуын,
құрылымдық бірлігін, интонациясын және мағыналық
жақтан аяқталып тұруын сұхбаттық бірлік деп атайды.
Сұхбаттық бірлік сұхбат бойынша сөйлесуге үйрететін
негізгі қайнар көз рөлін атқаруға тиіс.
31
Сұхбаттық бірліктің үш түрін көрсетуге болады:
- Сұрақ-жауап, мұның мақсаты – өзіне қажет белгілі
бір ақпаратты алу.
- Өз еркін білдіру, мақсаты – әрекетті аяқтауға
ынталандыру немесе оны мүлде тоқтату.
- Хабарлаушылық мақсаты – ақпараттармен алмасу.
Сұхбаттаса тілдесуде күнделікті сөйлеу тілінің
маңызы айырықша. Оның ресми жағдайдағы сұхбаттасу
және бейресми жағдайдағы сұхбаттасу дейтін түрлері
бар. Шетел тілін үйренуші кез келген адамға қажеттісі -
бейресми жағдайдағы сұхбаттасу.
Сөйлеу тілі тілдің әр түрлілігін көрсетеді. Ол –
көбінесе, тұрмыстағы қарым-қатынас, ақпараттармен,
әр түрлі ойлармен пікір алмасу мақсатында, ішкі
сезімдермен бөлісу мақсатында қолданылады. Мұндай
тілдесулер үй ішілік қарым-қатынаста немесе бейресми
жағдайларда, сондай-ақ достық хаттар мен үндеу ретінде
жазылған хаттарда орынды болып саналады. Мұндайда
тілдесу мақсаты қарым-қатынас жасау болып табылады.
Ал дұрыс қарым-қатынас жасау күнделікті өмірде де,
қызмет бабында да өте қажетті бірінші кезектегі мәселе
екендігі баршаға аян. Дұрыс тілдесе алмаудан туатын
қиындықтармен де көпшілік жақсы таныс.
Күнделікті қарым-қатынас жасау кезінде тілдесуді
қалай және неден бастауға болады? Сәлемдесіп болғаннан
кейін не туралы сөйлеседі?
Өзі туралы: - Жұмысың қалай? Жағдай қалай? Қалай
тұрып жатырсың?
Денсаулық туралы: - Денсаулығың қалай? Жазылдың
ба? Жағдайың жақсы ма?
32
Отбасы туралы: - Жолдасың (әйелің, күйеуің) қалай?
Балалар қалай? Ата-анаңның қалдары қалай? Денсаулық-
тары жақсы ма?
Көңіл күйге байланысты: - Көңіл күйің қалай? Көңіл-
дісің ғой өзің! Не болған, бір түрлі көңілсізсің ғой!
Ауа райы туралы: - Бүгін кешегіге қарағанда жылырақ!
Аяқ астынан жаңбыр жауып кетті ғой! Күн қандай
тамаша! Аспанда бір шөкім бұлт жоқ!
Сырт бейне туралы: - Құлпырып кетіпсің ғой! Бүгін
өңің солғын ғой! Мына көйлегің өте жақсы жарасады
екен!
Әрине, бұл келтірілгендер алғашқы сөз бастау үшін
қажетті міндетті айтылыстар деп санауға болмас. Сөзді
әркім өзінің кездескен адамына қарай әр түрлі бастайды.
Шамалап алғанда, үлгі осылай болуға тиіс деген жобаны
ғана айтып отырмыз. Тілдесу тек әйелдердің арасында
да, тек ер-азаматтардың арасында да, болмаса ерлер мен
әйелдердің арасында да, әріптестер мен сыныптастар
арасында да жүруі мүмкін. Сондықтан тілдесушілер
өздеріне керек тілдесу нұсқасын таңдай білулері тиіс.
Күнделікті сөйлеу тілінің белгілі бір мақсаттары да
болады. Мысалы, тілдесу сұхбатқа әңгімелесу сипатын
беріп, қысқа хабарлама түрінде болуы да ықтимал.
- Мен сені ренжітейін деп тұрмын. Ертең тауға бара
алмайтын сияқтымын. Себебі мен анама көмектесуім
керек.
- Кім келгенін білесің бе? Түнде күтпеген жерден бір
туысым келді. Таң қалдым!
- Уайымдама, апа! Бәрі дұрыс, бәрі жақсы болады!
Міне, көріп тұрсың ғой, мен сап-саумын және сондай
көңілдімін!
33
- Мен сені қуантайын деп тұрмын! Біз жаңа үйге көшіп
жатырмыз! Түсіндіру сөйлеу тіліне тән емес. Сұхбаттаса
тілдесу кезінде ол тек болжам ғана жасайды.
- Жоқ сен мені дұрыс түсін! Келмейін дегенім жоқ.
Аяқ астынан ауылға кетіп қалдым.
- Мына кітапты оқы, ананы оқымасаң да болады.
Себебі екеуі бір тақырыпқа жазылса да, мына кітапта
түсіндіру, нақтылау жағы басым.
Құптау сұхбаттаса тілдесуде белгілі бір қажет, дұрыс,
орынды деген мәселелерді мойындауға байланысты
туындайды.
- Қайдан алдың? Қандай әдемі! Керемет екен! Мен де
осындай біреуін алмасам!
- Жарайсың! Құтықтаймын! Жеңістен-жеңіске жете
бер!
- Бұл ісіңе өте қатты қуанып тұрмын! Бірақ тастама,
аяғына дейін алып бар.
- Мен сені сенімді, адал ғой деп жүрсем, ұятсыз
екенсің ғой!
- Мен мұндай түкке тұрмайтын іспен айналыспаймын!
Оған менің уақытым жоқ. Керек болса, өзің істей бер. Тек
қана артынан менен көріп жүрме!
- Кешірерсің, сенің бұл қылығың маған ұнамайды.
Бұдан былай сенімен сөйлескім де, қарым-қатынас
жасағым да келмейді.
- Мен бүгін қыдыруға қарсымын. Себебі ауа райы
бұзылайын деп тұр. Суық тиіп ауырып қалсақ: мұндай
күні далаға шығуға мүлде қарсымын.
Монологтық
сөйлесу
–
ол
салыстырмалы
түрде тілдесудің кеңейтілген түрі. Мұнда тілдесу
жағдаяттарынан алынған сөйлесуді керек етпейтін
34
жайттар сирек пайдаланылады. Монологтық сөйлесудің
тууы – бұл ерекше күрделі машық. Мұны арнайы
құрастыру қажет. Монологта айтылыс лексикалық,
грамматикалық, құрылымдық, стилистикалық құрылысы
жағынан логикалық жүйелікке бағытталған болуы тиіс.
Сондай-ақ жағдаяттар сөйлеу айтылыстарының қарым-
қатынастық мақсатына сай болуы қажет. Монологтық
сөйлеуде сұхбатқа қарағанда ауызша сөйлеумен жазбаша
сөйлеудің арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ.
Бірақ монологтық айтылыстар сапалы болуы тиіс. Ондай
сапаларға: мақсаттылық, сөйлеу кезіндегі байланыстың
болуы, сөздің үзілмеуі, айқындығы, өздігінен сөйлеп кету
дағдысының қалыптасуы, сөздің жүйелілігі, ойын дұрыс
аяқтай білу сияқты ерекшеліктерді жатқызуға болады. Өз
ойын берудегі монологтық сөйлеудің де бірнеше түрі бар.
Олар: сипаттау, хабарлау, ой жүгірту немесе ой қорыту.
Сипаттау – адамға әлде бір құбылысқа немесе әлде
бір жағдайға мінездеме беру я сипаттау.
Хабарлау – белгілі бір жағдай туралы әңгімелеу.
Ой жүгірту, ой қорыту – өз көзқарасын дәлелдеу,
айтылған жайдың себебін түсіндіру.
Монолог түрінде сөйлеп үйренудегі басты көзделетін
мақсат – қарым-қатынаста сөйлеуге қажетті құралдарды
дұрыс қолдануға, логикалық жүйемен бірізді айтып
беруге үйрету.
Монолог түрінде сөйлеуге қойылатын қатысымды
құзы-рет деңгейіндегі талаптар бағдарламада былай
көрсетілген:
- ҚР тарихы, экономикасы, экологиясы, әдебиеті,
мәдениеті, халықтар достығы, өнер салалары: опера,
балет, кино, театр.
35
- Қазақтың белгілі адамдары: ғалым, жазушы, сазгер,
әнші, спорт жұлдыздары, публицистикалық-жарнамалық
материалдар туралы айта білу;
- Мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, шешендік сөздер
қосып сөйлеуге үйрену;
- Естіген немесе оқыған мәтінді мазмұндау;
- Өзі туралы, отбасы, ауылы,қаласы, өлкесі, халқының
дәстүрі, әдет-ғұрпы, ұлттық ойын, көркем өнер, мәдениет,
әдебиет туралы айта білу;
- Өтілген тақырыптар бойынша әңгіме құрастыра білу,
талдау, жинақтау, жасау;
- Сабақта, жиындарда сөйлей білу;
- Радио, теледидардан естігенін жинақтап айта білу;
- Көркем фильм, көрініс, сурет мазмұнын, әсерін айта
білу;
- Кітаптың, мақаланың негізгі тұжырымын, өз ойын
әңгімелеу, баяндау, толғану түрінде жеткізе алу;
Полилог
Сөйлеу әрекетіне үйретудің тиімді жолдары
триолог, квадролог, полилог. Олардың сұхбаттан елеулі
айырмашылығы бар және ауқымды. Егер біз өзара
сөйлесіп отырған адамдар тобына назар аударсақ,
біреуінің айтып, көпшілігінің тыңдап, қайталап сұрап,
нақтылап отырғанын көреміз. Бұдан біз оның екі адамның
арасындағы сұхбат емес, көп адам қатысқан полилогтық
сөйлесу екенін аңғарамыз.
Сонымен, тілдесім – тілдік қатынаста маңызды орын
алатын адамзатқа тән ең қажетті де ерекше құбылыс.
Тілді үйретуге қатысты әдісті сөз еткенде арнайы
қарастырылуға тиісті мәселенің бірі осы – диалог әдісі.
36
Қазақ тілін үйретуде қатысымдық әдісті пайдалану-
дың ең тиімді жолы – оның тіке байланысқа негізделіп,
адам мен адамның тікелей қарым-қатынасы арқылы
тілді үйретуді жүзеге асыруында.
Достарыңызбен бөлісу: |