Мектебінде



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата06.04.2017
өлшемі1,04 Mb.
#11088
1   2   3   4   5   6   7   8

«Ат ерттеу» ойыны

Мақсаты: а) тәрбиелік – өзара сыйластыққа, бірін-бірі 

тыңдап,  бағалай  білуге,  ұлттық  құндылықтарымызды 

қадірлей  білуге  тәрбилеу;  ә)  дамытушылық  –  топпен 

жұмыс  істеу  дағдысын  қалыптастыру,  сөздік  қорларын 

дамыту;  б)  білімділік  –  дауысты  дыбыстар  түрлерін 

меңгерту.

Ойынның  шарты:  оқушылар  үш  топқа  бөлінеді. 

Тақтада жайылып жүрген үш аттың суреті ілінген. Әрбір 

«аттың»  артында  тапсырмасы  бар.  Сол  тапсырманы 

топ  жетекшілері  орындап,  «атты  ерттеуге»  алып 

келеді.  Қалған  топ  мүшелері  ерттеуге  кіріседі.  Үстел 

үстіне  ат  әбзелдерінің  суреттері  қойылған.  Олардың  да 

тапсырмалары  бар.  Атты  ерттеу  үшін,  ең  бірінші,  қай 

әбзелді  алу  керектігін  оқушылардың  өздері  білу  керек. 

Қай топтың аты бірінші ерттеліп болса, сол топ жеңіске 

жетеді. Үстел үстіндегі әбзелдер: терлік, тоқым, ер, үзеңгі, 

таралғы, ноқта, жүген, айыл, өмілдірік, т.б.

Тапсырмалар: «Құлагер» тобына, І деңгей:

Атпен ойналатын ұлттық ойын туралы мәтін құра.

Дыбыс  саны  мен  әріп  санында  айырмашылық  бар 

бірнеше сөз жаз.

Тек ашық дауыстылардан тұратын он сөз жаз.

ІІ деңгей:

Дауыстылардың тілдің қатынасына қарай түрлерін айт.

Дауысты дыбыс дегеніміз не? Оларды ата.

О, ө, ұ, ү, ә дауыстыларының жазылуы. Мысал келтір.

ІІІ деңгей:

Терлік – ат арқасына жұмсақ болу үшін тоқым астына 

салынатың жұқа киіз (Дауыстыларға сипаттама бер).

Үзеңгі  –  атқа  міну  үшін  аяқ  салып  мінетін  жезден, 

темірден  жасалған  тұрман  (Еріндік  дауыстылары  бар 

сөздерді теріп жаз).

Айыл – ер-тоқымды ат арқасына бекітетін қайыс әбзел. 

(Жіңішке сөзді тап).

«Ақтабан» тобына, І деңгей:

1. Жылқы малының пайдасы туралы мәтін құра.

2. Еріндік дауысты дыбыстан басталатын он сөз ойла.

3.  Айтылуы  жағынан  бір-біріне  ұқсайтын  бірнеше 

сөзді тауып жаз.

ІІ деңгей:

1. Дауыстылардың жасалу жағына қарай түрлері.

2. Қазақ әліпбиіндегі әріптердің жазылуы.

3. Ә, е, ы, і дауыстыларының жазылуы. Мысал келтір.

ІІІ деңгей:

1.  Тоқым  –  былғарымен  қапталған  киізден  жасалған 

әбзел (Дауыстыларға сипаттама жаз).

2. Таралғы – үзеңгіні ерге қосатын жалпақ қайыс (Тек 

езулік дауыстылардан тұратын сөздерді тап).

3.  Жүген  –  ат  басына  кигізілетін  негізгі  әбзелдердің 

бірі (Жуан сөздерді тап).

«Тайбурыл» тобына, І деңгей:

1.  Әр  сөзі  дауысты  дыбыстан  басталатын  үш  сөй-

лемнен тұратын мәтін құра.

2. «У» дыбысы жуан болатын сөздер ойла.

3.  Ат  туралы  мақал-мәтел  жазып,  дауысты  дыбыста-

рына сипаттама бер.

ІІ деңгей:

1. Фонетика дегеніміз не?

2.  Ашық  дауыстылардың  анықтамасын  айт,  оларды  

ата.

3. «У» дыбысының ерекшелігі.



30

31

ІІІ деңгей:



1. Ер – екі қастан, екі қапталдан, белағаштан тұрады 

(Еріндік дауысты дыбысы бар сөзді тап).

2.  Ноқта  –  жүген  астынан  түсетін  әбзел  (Езулік 

дауыстыдан тұратын сөзді тап).

3. Өмілдірік – ер кейін кетпес үшін аттың омырауына 

шеттік  арқылы  тағылатын  әсемделген  өте  сәнді  әбзел 

(Қысаң дыбыстардан тұратын сөзді тап).

Әр  оқушы  орындаған  деңгейлік  тапсырмасына 

байланысты бағаланады.

Қорытынды. Үйге тапсырма.

   

   


 

Ақкенже ЕРМЕКБАЙ,

«Бота» балабақшасының 

ән-күй жетекшісі.

Алматы облысы,

Қарасай ауданы,

«Үшқоңыр» ауылы.



МуЗЫКА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ                  

БАЛА ДЕНСАуЛЫҒЫНЫҢ 

ДАМуЫНА ӘСЕРІ

Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй. 

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй!

                                               Абай Құнанбайұлы.

Егеменді  елдің  ертеңі  –  оқу-біліммен,  өнеге, 

тәрбиемен  өлшенеді.  Бала  болашақта  тұлға  ретінде 

қалыптасуы – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның 

міндеті.


Балабақшада  тәрбие  алып  жатқан  бүлдіршіндердің 

арасынан  болашақ  өнерпаздар,  әншілер,  жазушылар, 

ақындар, талай мамандық иелері шығуы мүмкін. «Бұлақ 

көрсең,  көзін  аш»  демекші,  солардың  бойындағы 

қасиеттерді ерте бастан байқап, өнерге баулу, ең алды-

мен,  ата-ана  мен  тәрбиеші-ұстаздардың  сезімталды-

ғына, ізденімпаздығына көп байланысты. Сол тәрбие-

нің  бір  саласы  –  шығармашылық  сала.  Шығармашы-

лық  саланың  ішінде  музыкалық-эстетикалық  тәр-

биенің бала дамуына әсері мол.

Музыка баланың ішкі жан дүниесіне, сезіміне тікелей 

әсерін тигізеді. Музыканың адамға деген ықпалы кейде 

үгіттеуден, нұсқаудан да анағұрлым күшті болады.

Музыка  баланың  сезімдеріне  тікелей  әсер  ете 

отырып,  оның  патриоттық,  адамгершілік  сезімдерін 

қалыптастырады.  Отан,  Қазақстан,  батырлық  туралы 

айтқан  балалардың  әндерінен  өз  елдеріне  деген 

сүйіспеншіліктерін көруге болады.

Музыка  баланы  толғандырады,  қабылдаушылық 

қабілетін оятады, өмір құбылыстарымен таныстырады, 

оларды бір-бірімен салыстыратын ой туғызады.

Балабақшадағы  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекет 

барысында  музыканың  емдеу  қасиеттерін  пайдалану 

керек,  баланың  тыңдай  білу  қабілетін  арттыру  – 

өлеңнің  бастамасы,  қайырмасы  деген  ұғымдармен 


32

33

қоса, қарапайым аспаптардың дыбыстарын тыңдатып, 



тембрінен  ажыратуды  үйретуі  керек.  Сонымен  қатар 

бала  музыканы  тыңдай  отырып  әнді,  кейіпкерлерді 

көз  алдына  елестетеді.  Тыңдалған  шығармада  немесе 

ән  айту  барысында  үркек  қоянға,  маршпен  жүрген 

сарбазға, маң-маң басқан аюға еліктеу және оны өзінше 

сипаттай білуі керек, образ жасай білуі керек.

Өзіміздің  тәжірибемізде  қолданып  жүрген  тәсіл  – 

балабақшадағы  бүлдіршіндеріміз  таңғы  жаттығуды 

музыка  сүйемелдеуімен  жасайды.  Таңғы  жаттығу 

сонымен  қатар  кей-кейде  қазақтың  ұлттық  би 

элементтерін  қоса  отырып,  «Қара  жорға»  әнімен  де 

орындалады.

Жапсыру, сурет салу, т.б. ұжымдық жұмыстар жасап 

отырған  кезде  үнтаспада  әсем  сазды  әуен  қосылып 

тұрса,  балалардың  көңіл  күйлері  жайдары  болып, 

әр  түрлі  жағымды  әсер  алады.  Осындай  әсем  әуенді 

тыңдай отырып жасаған жұмыстары да жақсы нәтиже 

береді.


Ұжым  болып  ән  салу,  билеу,  ойнау  көп  ретте 

тәрбиелік міндеттерді шешеді. Ән айту бәрінің бірдей 

күш  салуын  қажет  етеді,  әнді  дәл  айтпайтын  бала  

жақсы айтатын балаға қарап үйренеді.

Музыкалық орта – мектеп жасына дейінгі баланың 

жалпы мінез-құлқына, мәдениетіне себін тигізеді.

Өнердің басқа түрлері сияқты музыканың танымдык 

маңызы  да  бар.  Музыка  балаларды  эстетикалык  және 

ақыл-ой тұрғысынан жетілдіре отырып, оның қабылдау 

және  көз  алдында  елестету  қабілетін  жандандырады. 

Музыкалық  ырғақ  сәтінде  балалар  рахаттана  әндетіп, 

музыка  ырғағына  сай  қимылдай  жүріп,  өздері  ойлап 

тапқан  жаңа  биге  көшеді.  Би,  халықтың  жеке  билері, 

пантомимо,  әсіресе,  музыкалық  ойын  түріндегі  драма 

балаларды  өмір  көріністерін  бейнелеуге,  бейнелі 

қимыл, мимика, сөз арқылы кейіпкерлерді сомдайды.

Балалардың  жас  ерекшеліктеріне  байланысты 

музыкалық  даму  ерекшеліктері  де  жылдан-жылға  өсе 

береді,  баланың  қабілеті  белсенді  музыкалық  қызмет 

үдерісінде дамиды.

Музыкалық дамудың неғұрлым елеулі ерекшеліктері: 

есту сезімі, музыкалық есту қабілеті, ән айту, музыкалық 

ырғақ орындаудағы қарапайым дағдылары, қимылдары.

Бір жасқа аяқ басқанда: нәресте туғаннан кейін 10-12 

күнде дыбысқа елеңдейді, 4-5 айда қай дыбыстың қай 

жерден  шыққанын  аңғарады,  әндеткен  дауысқа  құлақ 

түреді,  ал  1  жасқа  шыққанда  бөбек  ересек  адамның 

салған әнін тыңдап, ілесе былдырлап, уілдейді.

Екі  жасқа  аяқ  басқанда:  музыканы  қабылдағанда 

балалар жарқын контрасты эмоциялар көрсетеді. Бала 

жоғары  және  төмен  дыбыстарды,  қатты  және  бәсең 

үнді  айыра  біледі,  сылдырмақпен  ойнайды,  әннің 

қайталанған сөздерін айтады. Әндеткен ересек адамға 

қосылады, ең қарапайым қимылдар жасауды меңгереді; 

музыка әуеніне ілесіп алақандарын соғады, аяқтарымен 

топылдатады.

Үш,  төрт  жасқа  аяқ  басқанда:  балалардың 

сезімталдығы  артады,  заттар  мен  құбылыстарды, 

музыкалық  қасиеттерді  айыра  алады,  кейбір  бала 

қарапайым  әуенді  дәл  қайталап  айта  алады.  Төрт 

жасқа  толар  шағында  балалар  ересектердің  аз  ғана 

көмегі арқылы шағын әнді орындай береді. Бидің түрлі 

қимылдарын жасайды.


34

35

Бес  жасқа  аяқ  басқанда  –  бұл  балалардың  көп   



нәрсені  білуге  құштарлығы  артады,  ол  өте  байқағыш 

келеді, музыканың көңілді, қуанышты, сабырлы екенін, 

дыбыстардың жоғары-төмен, тез-баяу орындалатынын, 

әуеннің  қандай  аспапта  орындалып  жатқанын 

ажыратады.  Бала  әнді  қалай  айту,  қол  ұстасып  жүріп 

билеуде қалай қимылдауды біледі.

Алты  және  жеті  жасқа  аяқ  басқанда:  бұл  кезең 

–  мектепке  даярлық  кезеңі.  Музыка  туралы  алған 

білімдерін тек сұрақ арқылы жауап бермей, музыкалық 

шығармаға   өзінше сипаттама бере алады, музыканың 

бейнелеу  құралдарын  талдап,  музыка  әуеніндегі  әр 

түрлі сарындарды сезінеді. Бала музыка ерекшеліктерін 

айыра біледі және оларды есіне ала отырып, музыканы 

тыңдағанда,  ән  мен  би  қимылдарын  орындағанда 

белгілі  бір  образға  сай  қимыл  жасайды.  6-7  жастағы 

балалардың  дауысы  бұрынғыдан  да  бекіп,  диапазоны 

кеңейеді,  әншіліктері  айқындалады,  музыкаға  деген 

жеке ынтасы мен қабілеті айқын көріне бастайды.

Жалпы алғанда, кішкентай бүлдіршіндер күнделікті 

өмірінде  –  жапсыру,  сурет  салу,  дене  шынықтыру, 

ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеттерінде,  ертеңгілік-

терде,  сергіту  сәттерінде  ойын  ойнаған  кездерін 

музыкамен үйлестірсе, өте жақсы нәтиже берері сөзсіз. 

Музыка  орталығының  бала  денсаулығының  дамуына 

әсері өте көп.

Сөз  соңын  М.Әуезовтің  «Әнге  әуес,  күйге                              

құмар  бала  жаны  сұлу,  өмірге  ғашық  болып  өседі» 

деген сөзімен қорытындылаймыз.



Тиімді әдіс – баршаға ортақ

Гүлнәр ІЛДЕБАЕВА, 

Павлодар қаласындағы

 №1 жалпы орта білім беру

 мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі.

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТуДА 

КӨРНЕКІЛІК ӘДІСІН 

ҚОЛДАНуДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Баланың  таным  аясын  кеңейту  арқылы  сөйлеу  тілін 

қалыптастыруға болады. Дұрыс сөйлеуге үйретуді неден 

бастау керек?

Мағжан  Жұмабаев  «Бала  тілінің  дұрыс  өркендеуінің 

бірінші шарты – балаға сөзді бұзып сөйлемеу керек және 

балаға ұқпайтын жат сөз үйретпеу керек» деген сөзі орыс 

тілді мектептердің қазақ тілі мұғалімдеріне арналған десе 

артық емес. Сонымен тіл ұстарту – сөзді ұғындыра үйрету 

екен. Сөзді дұрыс меңгерту көрсету мен естірту арқылы 

іске  асатыны  мәлім.  Мағжан  Жұмабаевтың:  «сыртқы 

алты сезім ішінде жан үшін ең қымбаты – осы көру сезімі. 

Жанымызда  болатын  барлық  әсерленулердің,  екінші 

түрлі  айтқанда,  біз  барлық  білімнің  3/4-ін  осы      көру 

сезімі  арқылы  аламыз.  Басқа  сезімдер  арқылы  алынған 

білімдерді,  әсерленулерді  көру  арқылы  анықтауға 

ұмтыламыз.  Мысалы,  бір  дыбыс  естісек,  сол  дыбыс 

шығарған затты көргіміз келеді» [1] дегеніндей көрсету, 

естірту арқылы сөзді меңгертудің пайдасы мол. 


36

37

Жаңа  сөздердің  көбі  оқушының  есінде  қалмайды, 



оның  себебі 

  сөзді  түсінбеуінде.  Түсінбеген  сөз 



қабылданбайды. 

Сондықтан 

көрнекілік 

әдісін 


пайдалану – жаңа сөзбен таныстыруда қолайлы.

Көрнекілік әдісінің тиімділігі:

- көрсету («әдемі түс, әдемі түр, жаратылыстың сұлу 

заттары,  сұлу  көріністері  адамның  әдемілік  сезімін 

тереңдетпей қоймайды»); [1].

-  естірту  (сөзді  қалай  болса,  солай  айта  салмай, 

сөйлем мазмұнына үйлесімді ырғақ, екпін, әуен тауып, 

дауысты түрлендіріп сөйлеудің үлкен мәні бар.); [2].

Жоғарыда айтып кеткендей, көрнекіліктің көмегімен 

тұлғаны  қызықтыра  аламыз,  яғни,  сұрақ-жауап 

арқылы  оның  ауызша  сөйлеу  тілі  дамиды.  Суретпен 

жұмысты  сұрақ,  тапсырма  немесе  ауыз  әдебиетінен 

үзінділерді ұсыну арқылы жүргізуге болады. Мысалы, 

М.Әлімбаевтың тыйым сөздерін көрсету:

1. Суретте не бейнеленген?

2. Тыңдалым әрекетін іске асыру («тыңдалым 

– 

есту 


ғана емес, сонымен бірге мағыналы, маңызды хабарды 

ұғып алып, қажетке жарату» дейді Ф.Оразбаева).

3.  Негізгі ойды табу. 

«Жан  тұрмысы  өркендеу  үшін,  яғни,  ойы,  ақылы 

кеңейіп, құлқы түзеліп, тілі баю үшін жас балаға ертегі 

–  тым  қымбат  нәрсе»,-  деп  М.Жұмабаев  айтқандай, 

ауыз  әдебиеті  үлгілері  оқушының  тілін  дамытып,  ой-

өрісін  кеңейтуде  маңызды.  Әрі  тәрбиелік  мәні  зор, 

өйткені, көркем әдебиет – өмір шындығының сәулесі. 

Ол қоғамдық болмысты образдар арқылы бейнелейді. 

Өмір  шындығы  мен  қоғамдық  тартыс  қандай 

формада берілмесін олардың қайсысында да идея мен 

композиция  болады  және  барлық  формада  бір  ғана 

объектіні зерттейді, ол – адам.

Әдебиеттің  қай  жанры  болмасын  –  адамды 

тәрбиелеудің  пәрменді  құралы.  Мектеп  қабырғасында 

оның  біртіндеп  қалыптасуы  мұғалімнің  қазақ  тілі, 

әдебиет  сабағын  дұрыс  ұйымдастыра  алу  шеберлігі 

мен  әдістемесіне  де  қатысты,  сондықтан  материалды 

саралау,  оқытуды  нақты  мақсаттарға  негіздей 

ұйымдастыру  –  нәтижеліліктің  кепілі.  Сабақ  үстінде 

оқушының  әлеуметтік-мәдени  тұлға  ретінде  дамуы 

оқу  әрекетінде  қолданылатын  әдіс-тәсілдерге  тәуелді 

болғандықтан, мұғалім қызықтыру, ойланту, іздендіру, 

салыстыру,  құрастыру  сипатындағы  әрекеттерді 

дұрыс  ұйымдастырғаны  жөн.  Оқулықтағы  ұсынылған 

тапсырмалар жүйесін саралап алып, көрнекілік арқылы 

нақты мақсатқа сәйкес жұмыс түрін орындатудың мәні 

зор.  Олар  оқушылардың  құзыреттілігін  жетілдіріп, 

тұлғалық  қабілет-қасиеттерін  дамытуға  әсер  етерлік 

болғанын ескерген дұрыс.

 Пайдаланылған әдебиеттер:

1.  М.Жұмабаев.  Шығармалар  жинағы.  3-том. 

Психология. А., «Жазушы», 2005, 119, 129-б.

2.  А.Б.Қабылова.  Сөз  мәдениеті.  Мұғалімдерге 

арналған көмекші құрал. А., «Жазушы»,  2005, 22-б.

3.  М.Атымов.  Көркем  шығарма  композициясы                 

туралы. А., 1969, 26-27-б.



38

39

Мұғалім мінбесі



Нағима МЕҢДІБАЕВА,

успенка орта мектебінің

 директорының тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары.

Солтүстік Қазақстан облысы,

Мағжан Жұмабаев ауданы.

ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ  

ӘРІПТЕСТІГІ – ТҰЛҒАНЫҢ 

ТАБЫСТЫ ӘЛЕуМЕТТЕНуІНІҢ 

КЕПІЛІ

Адам  тұлға  болып  тумайды.  Тұлғаның  дамуы  оның 

әр түрлі әлеуметтік институттардан (отбасы, балабақша, 

мектеп және т.б.) өтуінің нәтижесінде жүзеге асады. Әрбір 

кезеңде адамның дамуы басқарылатын сыртқы және ішкі 

факторлар  тарапынан  ықпалға  ұшырап  отырады.    Бұл 

үдеріс жүріс-тұрысы мен әрекетінің себебіне айналатын 

моральдық, 

интеллектуалдық 

және 


эстетикалық 

пайымдаулардың туындауына түрткі болады, демек, тұлға 

әлеуметтенеді. Бала тұлғаға айналады.

Отбасы  –  әр  адамның  өміріндегі    бірінші  тұрақты 

ұжым,  бұл  –  әлеуметтену  мен  тұлға  санасы    дамуының 

бірінші  сатысы.    Отбасы  тұлға    мен  қоғам  арасындағы 

дәнекер,  жалпыадамзаттық  құндылықтарды  жеткізуші 

болып табылады.

Өкінішке  қарай,  әлеуметтік  және  педагогикалық 

зерттеулер  көрсеткендей,  көптеген  ата-анаға  педагоги-

калық  және  психологиялық  білім,  тәрбиелік  біліктер, 

кейде, тіпті, отбасылық тәрбиенің мүмкіндіктерін дұрыс 

түсіне  білу  жетіспейді  екен.  Көбіне  ата-ана  тәрбиенің 

қандай  факторлары  балалар  қабілетінің  дамуына, 

олардың мектеп пен қоғамға бейімделуіне ықпал ететінін 

және  қандай  факторлар  кедергі  болатынын  түсінбейтін 

көрінеді.

Отбасы  тәрбиесінің  тиімділігі    ата-аналар    өзінің 

тәрбиелік міндетін қалай түсінетіндігіне байланысты, олар 

психологиялық-педагогикалық білімді, тәрбиенің әдістері 

мен амалдарын қаншалық меңгергеніне байланысты. Бұл 

ретте отбасына мектеп пен кәсіби педагогтардың жәрдемі 

қажет.  Отбасы  мен  мектептің  әріптестігі  мен  өзара 

байланысты  тұлғаның  табысы  әлеуметтенуінің  кепілі 

екені  даусыз.  Отбасылық  саясат    әлеуметтік  саясаттың 

басым бағыттарының бірі болып саналады.

Қазақстан 

Республикасының 

Конституциясында 

«Балаларды  қамқорлыққа  алу,  оларды  тәрбиелеу  ата-

аналардың табиғи құқығы және міндеті болып табылады» 

деп жазылған.

Егеменді  еліміздің  жас  азаматының  тұлғасын  

қалыптастыруда  рухани-адамгершілік  білім  беру  мен  

тәрбиенің    міндеттері  ерекше  мән-маңызға    ие  болып 

отыр.


Отбасы – руханияттың бесігі. ҚР «Неке және отбасы 

туралы» заңының 62-бабында «Баланы тәрбиелеуші ата-

ана оның дене, психикалық және рухани дамуына бірінше 

кезекте жауапты» деп жазылғаны тегін емес. Одан бөлек, 

ҚР  «Балалар  құқығы  туралы»  заңның  490-бабында  «  ... 

ата-ана  баланың  дене  және  психикалық    денсаулығына, 

оның адамгершілігінің дамуына кедергі  келтірмеуі керек» 

деп жазылған.

Соңғы он жылда көптеген отбасы экономикалық, кейде, 

тіпті, жан бағу қамымен жүрген жағдайда көптеген ата-



40

41

ана баланы тәрбиелеу  мен тұлғасын дамыту мәселелерін 



шешуден    шеттетілген    әлеуметтік  тенденциясы  етек 

алуда.  Ата-ана  баланың  дамуының  жас  және  тұлғалық 

ерекшелігін тиісінше білмегендіктен, кейде өз түйсігі, өз 

шешімі бойынша  тәрбиелей береді. Мұндай  отбасыларда, 

әдетте,  ата-ана  мен  балалар  арасындағы  тұлғааралық 

қарым-қатынас  болмайды,  соның  салдарынан,  көбіне, 

жағымсыз  болып  келетін  сыртқы  ықпалға  басымдық 

беріліп, баланың отбасы ықпалынан тыс қалуына әкеліп 

соқтырады.

Қазіргі  уақытқа  дейінгі  тәжірибеде  отбасының 

әлеуметтік институт ретіндегі рөлін төмендетіп, қоғамдық 

тәрбиеге басымдық беру тәртібі қалыптасқан.

Педагогтардың  отбасы    мәселелерін  зерттеуге  құлық 

танытпауының  себебі  –  осы.  Әрбір  үшінші  отбасы 

толыққанды  емес    деген  дерек  бар.  Әрбір    екінші  отба-

сында  балалар тәрбиесіне өзіндік ықпалы бар  жасырын 

немесе ашық шиеленісті жағдайлар кездеседі.

Кәмелетке  толмаған  балалардың    қылмыс  жасауына 

кикілжіңдер  орын алып тұратын шиеленісті  отбасылық 

жағдай  себеп болады. Мұндай отбасында қылмыс жасау 

қауіпі бар тұлға қалыптасады.

  Ата-аналар  мұғалімдерге  хабарласып,  байланысып 

тұратын  отбасылармен  жұмыс  істеу  қашанда  жеңіл.  Ал 

шиеленісті жағдайларға толы отбасылармен қалай жұмыс 

істеу керек? 

    Мұндай  отбасылармен  жұмыс  істеу  табандылықты, 

зор еңбекті талап етеді.  Отбасының жалпы шиеленісімен 

күрес  бар  уақытта    оңды  нәтиже  бере  бермейді.  

Мұғалімдердің    көпшілігі  бұл  істе  айтарлық  нәтижеге 

қол жеткізе алмай, өз шамасы келетін жағын – баланың 

мектептегі    өмірін    өзгертуді  қолға  алады.    Оқушыға 

қамқорлық  жасап,  көбірек    көңіл  бөліп,  балалармен 

арқа-жарқа  араласып,  сергіп,  өз  жанына  жайлы  ермек 

тауып, ісінің нәтижесіне қуануына жағдай  жасайды. Бір  

сөзбен айтқанда, оқушының  сыныптастарымен тілдесіп, 

оқудан  қуаныш табуына  жағдай жасап,  әлеуметтік  рөлін 

арттырады.

 Мұғалімдердің  әлдеқайда тәжірибелі енді бір  тобы 

шиеленісті  отбасылардың  ата-аналарымен    қарым-

қатынас  жасаудан    жалтаруға    асықпайды.    Керісінше,  

ондай ата-аналардың ойына қозғау салып, өз  баласының 

тұлғасын  өздері,  өз  өнегесімен  қалыптастыратынын 

түсіндіреді.  Уақыт,  табандылық,  төзім,  ата-анаға 

деген  мейірім  өз  балаларының  тәрбиесіне,  олардың  

болашағына  жауапкершілікпен  қарауына  міндетті  түрде 

түрткі    болады. 

  Ата-ананың  балаға  өз  әрекеттері    арқылы  көрсеткен 

өнегесі халықтық тәрбиенің ең ықпалды құралы болған.  

Қай  ата-ана  ержетіп  келе  жатқан  баласының  нағыз 

ер  азамат  болғанын  қаламайды?  Болмаса  қыз  баланы  

қалай  нәзік  жанды,    сырбаз  бойжеткен  етіп  тәрбиелеу 

керек?  Бұл  –  асқан  төзіммен  келетін  өте  қиын  жұмыс. 

Бір  танымал  саясаткер: «Бір ер жігітті тәрбиелеу – бір 

адамды  тәрбиелеу, ал бір қыз баланы ақылды келіншек 

етіп тәрбиелеу – бүкіл бір отбасын тәрбиелеу» деген екен.

  Көп  диаспоралы    мемлекетте  тұратын  адамдар  

еліміздің  тәрбиелік  ой-пікір  мұраларымен,  қазақ,  орыс, 

неміс, татар және өзге халықтардың тәрбиелік дәстүрлер  

тәжірибесімен танысуы керек.

 Мектеп пен отбасы ұлттық сананың қорғаны  болуға, 

оқушылардың  бойында    туыстық    сезім,  ата-ана,  жас 

балалар,  қарттар  алдындағы  парыз  сезімін  қалыптас-

тыруға,  ерлер  мен  әйелдер  арасындағы  қатынастарға 

үйретуге тиіс.

Мектеп  пен  отбасы  одақтас  болуы  тиіс.  Осылай 


42

43

істеген  жағдайда  ғана  өз  балаларымызды  тәуелсіз 



Қазақстан  Республикасының  азаматы  етіп  тәрбиелеу 

мәселесін шешуге жағдай жасалады. Бұл үшін отбасымен 

байланысты  дұрыс  жолға  қою  ғана  емес,  отбасының 

педагогикалық мәдениетін көтеруге жағдай жасап, оның 

күшті  тәрбиелік  әлеуетін  тиімді  пайдалануға  талпыну 

керек.  Халықтық,  отбасылық  дәстүрді  жаңғыртып, 

ата-ананы  бірлескен  әрекетке  жұмылдыруға,  оларды 

педагогтармен бірлесе еңбектенуге тарту қажет.

Тәжірибеден байқағанымыздай, отбасы мен мектептің 

әріптестігінің маңыздылығы барған сайын артуда. Бүгінде 

педагогтар ата-аналардың өз балаларына тиісінше көңіл 

бөлмеуін алға тартса, ата-аналар мектепте балаға өздері 

күткендей білім мен білік бермейді деп уайымдайды.

Сондықтан 

мектеп 

өзара 


ықпалдастықтың 

көзін,  ата-анамен  жұмыс  түрлерін  нақты  айқындап, 

отбасылық  тәрбиені  жетілдіру  негізі  ретінде  ата-ананың 

педагогикалық  мәдениетін  арттыру  жағын  ойластыруы 

қажет.

Қазақстан  мектептерінде  табысты  әлеуметтендіруге  



жағдай  жасау  мақсатымен  «Біз  біргеміз»  бағдарламасы 

жасалып, енгізілуде.

Жоғары  сынып  оқушыларына  арналған  курс 

оқушылардың тұлғааралық қатынастарда мәдениетаралық 

түсінігі  мен  толеранттылық  ұстанымына,  отбасылық 

өмірге дайындығына ықпал етеді.

Мектептің 

әкімшілігі 

оқушылар 

тұлғасының 

әлеуметтену  сапасына  мақсатты  түрде  мониторинг 

жүргізіп отырады.

Көне  заманда  данышпандар:  «Бір  жылын  ойлаған 

күріш егеді, он жылын ойлаған ағаш егеді, тұтас дәуірдің 

қамын  жегендер  ұрпағын  жақсылап  тәрбиелейді»  деген 

екен.


Әдістеме әлемінде: қазақ әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет