Мектеп / студенттік парламент мүшелері арасында «Жетістіктер портфолиосы» республикалық байқауын қашықтан ұйымдастыру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Мектеп / студенттік парламент мүшелері арасында «Жетістіктер портфолиосы» республикалық байқауын қашықтан ұйымдастыру ережесі (бұдан әрі - Байқау) оның мақсатын, міндеттері мен өткізу тәртібін анықтайды.
2. Мақсаты: Білім алушыларда өзін-өзі басқаруды, өзін-өзі табысты жүзеге асыру дағдыларын дамыту және насихаттау мақсатында.
Міндеттері:
- өзінің білім деңгейін көтеру қажеттілігін қалыптастыру;
- оқушылардың білім алуын дараландыруға (дербестендіруге) ықпалдасу;
- оқушылар мен педагогтерді ашық білім беру ортасын қалыптастыру және дамыту үдерісіне тарту;
- білім беру қызметінде «Портфолио» технологиясын қолдану салаларын кеңейту.
3. Байқауды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК өткізеді.
4. Байқау ұйымдастырушылары қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитетінің құрамын қалыптастырады.
2. Байқауды өткізу мерзімі мен тәрітібі
5. Байқау жұмыстары электронды түрде 2023 жылғы 15 қарашаға дейін portfoliouspekha@mail.ru поштасына қабылданады.
2023 жылғы 15 қарашадан кейін түскен, сондай-ақ, талаптарға сәйкес келмейтін Байқау жұмыстары қарастырылмайды.
Байқау қорытындысы, жеңімпаздардың дипломдары, қатысушылардың сертификаттары www.ziyatker.org сайтында 2023 жылғы 30 қарашада орналастырылады.
6. Ұйымдастырушы Байқауды өткізу мерзімін ұзартуға құқылы. Ұйымдастырушылар міндетті түрде әлеуетті қатысушыларды Байқауды өткізу мерзімі мен қорытындысын орналастыру мерзімі туралы www.ziyatker.org сайтында хабардар етеді.
7. Байқауға ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды. Байқауды ұйымдастырушылар авторға сілтеме жасай отырып, байқау материалдарын БАҚ құралдарына жариялауға құқылы.
8. Байқау тегін өткізіледі.
9. Байқауға қатысу үшін келесі құжаттарды portfoliouspekha@mail.ru электрондық поштаға жіберу қажет:
1) қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім ;
2) https://www.youtube.com арнасында орналастырылған электронды форматтағы портфолиоға сілтеме.
Достарыңызбен бөлісу: |