3. Байқауға қатысушылар мен талаптар
10. Байқауға жас санаттары бойынша 13-17 жас аралығындағы мектеп / студенттік парламент мүшелері қатысады:
орташа жас санаты: 13-15 жас;
жоғары жас санаты: 16-17 жас.
11. Байқауға қатысушы білім алушының жеке жетістіктері көрсетілетін электрондық портфолиоға сілтеме ұсынады. Слайдтардың ұзақтығы - 20 слайдтан аспауы қажет.
Білім алушының жеке жетістіктерінің портфолиосы келесі бөлімдерді қамтуы мүмкін:
- Негізгі ақпаратты қамтитын титул парағы (білім алушының тегі, аты, әкесінің аты, білім беру ұйымы, сыныбы, тобы, байланыс ақпараты және фотосуреті (ата-анасының және білім алушының қалауы бойынша);
I бөлім «Менің әлемім» мыналарды қамтиды:
- білім алушының жеке деректері;
- білім алушының өмірбаяны (түйіндеме, эссе);
- білім алушының өзі туралы қысқаша ақпарат (ата-анасымен бірге толтырылады).
- оқушының отбасы туралы қысқаша ақпарат.
«Менің мектебім» - мектеп/колледж және педагогтер туралы әңгіме, сүйікті мектеп пәндері туралы шағын жазбалар.
«Менің хоббиім» - қызығушылығы, хоббиі туралы шағын әңгіме.
II бөлім «Менің оқуым».
Бөлім мектеп пәндеріне арналған, қызықты жобалармен, шығармашылық жұмыстармен толықтырылады.
III бөлім «Менің жетістіктерім» мыналарды қамтиды:
- пәндік олимпиадалар - мектеп, аудандық, облыстық, халықаралық және т. б.;
- қосымша білім беру ұйымдары өткізген іс-шаралар мен байқаулар; мектеп, аудандық, облыстық, халықаралық және т. б.
ІҮ бөлім «Жинақ» мыналарды қамтиды:
- білім алушының әртүрлі шығармашылық, жобалық, зерттеу жұмыстарының жинағы, сондай-ақ оның оқу және шығармашылық белсенділігінің негізгі нысандары мен бағыттарының сипаттамасы; ғылыми конференцияларға, байқауларға, спорттық және көркемдік жетістіктерге қатысу және т. б.
Байқау жұмыстарын бағалау өлшемдері:
- ұсынылған ақпараттың толықтығы, өзіндік ерекшелігі;
- портфолио бөлімдерін мазмұнды толтыру;
- шығармашылық;
- ақпараттылық;
- оқушының дипломдармен, грамоталармен және т. б. расталған нақты жетістіктері.
12. Байқауға қазақ немесе орыс тілдеріндегі тек жеке жұмыстар қабылданады.
13. Интернет желісінен бөгде адамдардың материалдарын пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салынады. Байқау жұмыстары бұрын бірде-бір сайтта жарияланбауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |