Оқушылардың бойында өз отбасымен мақтану сезімі; өз ата тегінің тарихын білу, өскен ортасының тарихын білуге деген құштарлығы оянады. Отанды сүю отбасыдан басталатынын түсінеді. Отбасын сыйлауға, құрметтеуге, үлкенді сыйлауға үйренеді. Ата-аналармен, мұғалімдермен бірлесіп жұмыс жасау арқылы оқушылардың өзіне деген сенімділігі артады, өз ойын еркін білдіруге дағдыланады. Қоршаған ортасына, айналасына, отбасына сүйіспеншілікпен қарауға, өмірдің құндылықтарын бағалай білуге,Отанын сүюге, жауапкершілікті сезіне білуге үйренеді