Мектеп: №19 жоббм мұғалім: Хуантхан Елікжан Пән атауы


-тапсырма «Туған жерім –тұғырым»



бет5/5
Дата06.01.2022
өлшемі25,11 Kb.
#14002
1   2   3   4   5
3-тапсырма

«Туған жерім –тұғырым»

«Мен Отаныма не беремін» эссе



(оқушылар)

Әр бала ана тіліне, салт-дәстүрге сыйластықпен, сүйіспеншілік қарауға үйренеді, Отанды сүю, оған қамқорлық көрсету осы отбасынан қалыптасатынын біледі. «Отан отбасынан басталады» деген нақыл сөзді жадында сақтайды.

«Туған жерім – тұғырым» деп аталатын келесі тапсырманы орындамас бұрын Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан үзінді келтіре кеткім келеді: «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атаулының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс».



Оқушылар «Мен Отаныма не беремін» тақырыбында эссе жазыңыздар.

Балалар 20 сөзден аспайтын шағын эссе жазулары керек.

1 минут


4-тапсырма

«Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер»



Ал, балалар! Қане, қайсысың жеті аталарыңды білесіңдер!

Балалар жеті аталарын қаншалықты білетінін дәлелдейді.

3 минут



5-тапсырма

Сергіту сәті



Құрметті бүгінгі сынып сағатының қатысушылары! Сіздердің барлықтарыңызға арналған ортақ сұрақ: «Біз әрқашанда біргеміз!», «Біз бір отбасымыз!» деген сөздерді өз іс-әрекеттеріңізбен көрсетсеңіздер. (Қатысушылар бірін-бірі құшақтап, қол ұстасып бірліктерін көрсетеді.)


Қатысушылар бір отбасы екенін іс-әрекетпен дәлелдейді

Сабақтың соңы

3 минут


Рефлексия

«Екі жұлдыз, бір тілек»



Сабақ барысындағы орындалған жұмыстарды саралап, салмақтап, әрбір топ келесі топқа екі жақсы жағын және тағы нені өзгертуге болатынын жазады. Уақыт үнемдеу мақсатында сағат тілімен қозғалып, әрбір топ жанындағы келесі топқа арнап жазады.

Қатысушылар жылдам, жинақы түрде тапсырманы орындауы қажет. Бүкіл сынып барысындағы жұмысты бағалау мақсатында жүргізіледі.

Павлодар қаласы №19 жалпы орта білім беру мектебі



Сынып сағаты

Тақырыбы: «Отбасы – рухани



жаңғыру негізі»

Орындаған: Павлодар педагогикалық колледжінің



ИМ-21 тобының студенті Хуантхан Елікжан


2018-2019ж

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет