Қытайдағы демографиялық келеңсiздiктiң сипаты басқаша. Мұнда некеге тұруға қабiлеттi ерлердiң саны әйелдерге қарағанда 8 миллионға көп. Сарапшылардың есептеуінше,2020 жылы 20-45 жастағы ерлердiң саны осы жастағы әйелдерге қарағанда 30 миллионға артық болмақ. Бiр шаршы шақырымға 140 адамнан келетiн мемлекет өз азаматтарының шет елдерге шығуына мүдделiлiк танытатыны түсiнiктi. Ендеше, алдағы уақытта Қытайдың « адам экспорты » көршi мемлекеттердегi әлеуметтiк-демографиялық жағдайға елеулi әсерiн тигiзедi.
Жапониядағы адам саны қазіргі қарқынмен кеми берсе,кейбiр болжамдар бойынша 100 жылдан соң қазiргi 127 миллион жапондықтан бар-жоғы 40 млн қалуы ғажап емес. Сондықтан да бұл елде адамдарға бала сүюдің отбасылық бақыттың ажырамас бөлiгi екенiн ұғындыратын әлеуметтiк мекеме құру қажеттiгi айтыла бастады. Қазіргі таңда 2019 жылғы санақ ббойынша жапон халқының саны 125млн-нан астам