«Бала жүрегіндегі мейірім» атты бейнематериалды көріп талдау
Шығармашылық жұмыс 1топ: «Мейірімділік» кестесі
2-топ: «Мейірімділік» эмблемасы
3-топ: «Мейірімділік – жүректе эссе жазу
4-5 топ Мейірімділікке байланысты жағдаят құрастыру
«Мейірімділік» кестесі
Мейірімді істер
Мейірімді адамның қасиеттерін
Ойын «Мейірімділік жібі» (Балалар бір - бірлеріне жіпті беріп, тілектер айтады. Ақырғы бала жіп орамын мұғалімге беріп, өз тілегін айтады)
- Күлімдеген - күн мейірімді!
- Кіршіксіз ақ қар мейірімді
- Таза мөлдір су – мейірімді!
- Тату - тәтті Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
- Аяулы анам мейірімді!
- Қадірлі әкем мейірімді!
- Әлпештеген әжем мейірімді!
- Еркелеткен достарым мейірімді!
- Егіні мол жер мейірімді!
- Қамқор апам мен ағам мейірімді.
Жылы жүзді ұстазым мейірімді
Қорытынды:Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттер
Дәйексөз. Жылуы бар жүректен жылытатын сөз шығар, Жылуы жоқ жүректен жылататын сөз шығар Дәйексөзді талдау
6. Топпен ән айту. МЕЙІРІМДІ БОЛАЙЫҚШЫ,АҒАЙЫН 1.Көктем етіп көркейтсе де маңайын,
Көріп жүрміз өкпешілдің талайын.
Өшігуді қояйықшы өзгеге,
Кешірімді болайықшы, ағайын!
2.Көк нөсерін көл етсе де жауындар,
Көк пен жерді сел етсе де дауылдар.
Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,
Мейірімді болайықшы, бауырлар!
3.Болашаққа қол ұстасып барайық,
Ақиқаттың ауылын іздеп табайық.
Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,
Кішіпейіл болайықшы, халайық!
4. Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп,
Сонда дағы бөлінумен шаршап ек.
Өзімізге қалайтұғын нәрсені,
Тілейікші өзгеге де, болса деп!
5.Ұлттың қамын жүректермен ұғынып,
Жұрттың жүгін көтерейік жұмылып.
Қаратайық Құбылаға жүздерді,
Таратайық адамзатқа жылылық
Соңғы тыныштық сәті: Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Бүгінгі сабағымызда нені түсіндік, нені өзімізге алдық, сол жөнінде ойланайық. Айналамызға нұр шашып жақсылық тілейік. Барлық болып жатқандардың бәрі жақсылыққа қарай бастайды. Тек жақсылық ойлаңыз.өкпе-реніш, қызғаншақтықтан аулақ болыңыз. Сонда ішкі жан дүниеніз ішкі тыныштыққа толы болады. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап көздеріңізді ашуға болады.