Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастырудың теориялық негіздері


Математиканы үйретудің мазмұны мен әдістеріндегі сабақтастық



бет55/55
Дата19.02.2023
өлшемі209 Kb.
#69273
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
Мектеп жасына дейінгі балаларды арапайым математикалы ымдар

Математиканы үйретудің мазмұны мен әдістеріндегі сабақтастық.
Білім беру жүйесінде сабақтастық оқыту мен тәрбиенің қағидаларынын бірі болып келеді. Бұл тұтастай педагогикалық ықпалды орнатуды және практика жүзінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осындай жүйенің орнатылуы баланың дамуын тұтастай үздіксіз жүйе ретінде әрбір звеноның сапалылығымен, келесі сатынын өзгеруі алдағынын жалғасы ретінде түсінуге сүйенеді.
А.М. Леушина сабақтастық – бұл мектепке дейінгі және мектептегі балалық шақтың жалпы, физикалық, рухани дамуының ішкі органикалық байланысы, жеке тұлғаның қалыптасуындағы ішкі әзірліктін бір сатыдан, екінші сатыға көшуіне дайындық, - деп көрсетеді. Мектепке дейінгі ұйым мен мектеп сабақтастығың жүзеге асыру, мектепке дейінгілерде жаңа өмірді, режимді қабылдауға, балаға кең таңымдық бағдарламаларды меңгеруге эмоционалдық-жігерлік және интеллектуалдық қабілеттерінін дайындығын дамытуболып табылады.
Бірінші сыныпқа және мектепке дейінгі ұйымға арналған заманауи математикадан бағдарламаларды қорытындылау, олардың мазмұнында үлкен сабақтастық көрінетінін көрсетеді. Бағдарламалар теориялық негізінде құрастырылған. Бірінші сыныптағы және мектепке дейінгі ұйымдағы балалар танысытын негізіг түсінік жиын, ал негізгі оқыту әдісі – бір уақытта қарама-қарысы әрекеттер болып келеді.
Математика бағдарламасында шарты бес бөлім көрсетуге болады:
- жиын және сан туралы білім,

  • көлем,

  • пішін,

  • кеңістік,

  • уақыт.

Бағдарламаны меңгеру мектепке дейінгі ұйымдарының түлектеріне мектепте математиканы жетік меңгеруге жағдай жасайды. Бірінші сыныптағы бірінші «Оңдық» деген тақырыпты меңгеруде, балаларда осы тақырып бойынша жетік білімдері болады. Олар заттарды, дыбыстарды, қозғалыстарды жақсы санау біледі, натурал қатардағы оң санның жүйесіе және белгіленуін біледі. Мектепке дейінгі ұйымда сан және сандармен арифметикалық әрекеттер жасау бірінші сыныпта түрлі аяқталған жиынтықтармен практикалық операциялар жасауды қалыптастыру жалғасады. Осығын балалардың мектепке дейінгі ұйымда алған тәжірибелері көмектеседі.
Бірінші сыныпта натурал қатардың араласқан сандары арасындағы қатынастар туралы білімдері тереңдейді, беттестіру, тұттастыру және сандарды салыстыру арқылы екі жиынын элементтері арасындағы үйлесімділік бекітіледі.
Мектепке дейінгі ұйымда арнайы терменалогияның: сандардың атауы, әрекет жасау (қосу, азайту), белгілер (+, -, =) дамуына назар аударылады. Мектепте балалардың тілдері арнай терминдармен толықтырылады. Балалар аталған атауларды және искомых, қосу және азайту әрекеттерінін компонентерінін атауларын меңгереді, және қарапайым түсініктерді, т.б. оқуға және жазуға үйренеді.
Мектептің математика курсын үйренуде мектепке дейінгілерді дер кезінде арифметикалық жаттығулар және есептермен таныстыру өте маңызды. Мектепке дейінгі ұйымдарының түлектері есептің математикалық негізін меңгерген, есеп сұрақтарының маңызы мен мазмұның түсінеді, оларға дұрыс жауап береді, арифметикалық әрекеттерді тандап, дәлелдей алады. Оң көлемінде санның екі кіші саннан құрылуы туралы білім негізінде қосу және азайту таблицасын меңгеру мектепке дейінгі ұйымда басталып, бірінші сыныпта жалғасады Содан басқа бірінші сыныпта балалар бір сан нөл санына тең болғандағы қосу мен азайтудын жеке-дара сәттерімен танысады.
«Оңдық» деген тақырыпты оқуда бірінші сыныптағылар өзерінің геометриялық фигуралар, соның ішінде көпбұрыштар (үшбұрыш, төртбұрыш, т.б.) және олардың элементтері (қабырғасы, бұрышы, төбесі) туралы білімдерін терңдетеді. Осы жөнінде бастапқы білім мектепке дейінгі ұйымда алынды. Қоршаған заттардың формаларын геометриялық фигураларды этолон ретінде пайдалана отырып нақтылай біледі.Айналадағы обьектілерге, фигуралардың моделдері мен бейнелеріне сүйене отырып, балалар фигураларды өзара салыстырады, бұл индуктивті және дедуктивті ойлауының дамуына себебін тигізеді, қарапайым қорытындылар жасай білуін қалыптастырады. Осы жаста фигураны анализдеуді түсінуге бағыттау өте маңызды, осының нәтижесінде нақты қасиеттері көрсетіледі. Бірінші сыныптағы оқушылар тіке және тіке емес бұрыштарды көрсетуге үйренеді, түрлі ұзындықта сызықтар сызады, дәптерге геометриялық фигуралар бейнелейді. Осыған мектепке дейінгі ұйымда дайындалады.
Сан туралы білімді қалыптастыруда бағдарлама мазмұнымен қарастырылған көлем жөніндегі балалардың білімдері себеп болады, сонымен қатар шарты өлшеуішпен және мынандай дәстүрлі өлшеуіштер метр, литр, килограммдап өлшей білу дағдылары. Бірінші сыныпта балалар ұзындықты, массаны, сиымдылықты, обьемді өлшеуді жалғастырады, Біртіндеп мектепке дейінгі ұйымда бастап, бұл жұмысты мектепте жалғастырып балаларды өлшеп жатқан көлем, өлшемі мерой және нәтижесіндегі функционалдық байланыстылығын түсінеді. Осы білімдер сан туралы түсінікті кеңейтеді, баланың ойлауын, қызығушылығын және қабілеттерін дамытады.
Бірінші сынып бағдарламасы кеңістік және уақыт қатынастары жөнінде білімдерін тереңдетуді қарастырған.
Бағдарламаларды салыстыруынан оқу-тәрбие жұмысының бағдарламалық талаптары байланысты. Мектепке дейінгі ұйымның қызметкерлері мектептің талаптарын, тек ғана көлімін емес, білім мазмұның, соңымен қатар сапалық ерекшеліктерін мемлекеттік стандарт бойынша: бірінші сынып балалларына қандай білім мен дағдылар қажет екенін жақсы білу маңызды. Балаларға математиканы үйрету әдістемесі жөнінде Г.С. Костюк, Н.Н. Поддьякова, В.В. Давыдова, А.М. Пышкало және басқалардың зерттеулері қызығушылық туғызады. Олар, оқыту жағдайында мектеп жасына дейінгі балалар обьектілердің нақты қасиеттерін (түсін, пішінін, көлемін) ажырата білу дағдыларын игереді, - деп көрсеткен. Оқыту балалардың интеллектуалдық әрекеттін төменгі структураларынан жоғарғы структураларына көшуін күшейтіп ғана қоймайды, психологтар ойлары бойынша олардың айналысымының қажетті шарты болып келеді. Жаңа структуралар сыртан келмейді, олар балалармен игерілген бұрынан қоғамдық тәжірибеде пайда болған үлгі бойынша оқыту процесінде жасақталады. Осы процесте сыртқы ынталандыру баланың ішкі белсенділігі арқылы әрекеттенеді.



37





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет