Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастырудың теориялық негіздері


Ерте жастағы балалардың уақытты қабылдау ерекшелігі



бет30/55
Дата19.02.2023
өлшемі209 Kb.
#69273
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   55
Байланысты:
Мектеп жасына дейінгі балаларды арапайым математикалы ымдар

Ерте жастағы балалардың уақытты қабылдау ерекшелігі.
Уақыт объективті түрде, біздің санамыздан тыс және әрі одан тәуелсіз түрде болады. Оны қабылдау әрі танып білу нақты уақыттың біздің санамызда бейнелеуі ғана.
Уақыттың сипатты ерекшеліктері болып табылатындар оның озып өтуі, уақыт қозғалыспен байланысты, оның қайтымсыздығы, көрнекі формалардың болмауы, ол көрінбейді де, естілмейді де. Орыс тіліндегі «время» деген сөзінен шыққан, ол айналу деген мағынаны береді. өткен, келер және осы шақтар, олар алмаса алмайтындай болып, өзара байланысқан. Уақыттың қайтымсыз болу қасиеті, уақыттың бір бағытпен өтуі табиғат пен қоғамның жоғары өрлеу сызығы бойымен мәңгі даму, ескіден жанаға өту белгісі.
Түйсіктік қабылдау деген уақытты қабылдаудың негізі болмақ. Алуан түрлі анализаторлар комплексі уақыттың баяу өтетіндігін түйсікпен қабылдауға септігін тигізеді, алайда Сеченов есту және бұлшық еттер түйсіктеріне ерекше мән берген. Адам уақытты қабылдаудан бұрын жануарлар дүниесінің бүкіл даму жолын өтіп отыр. Алайда психологиялық жоғары сатыдағы жануарлардың уақытты қабылдауы уақытты адамның қабылдауынан сана жағынан өзгеше таза биологиялық құбылыс. Уақыт өлшеудіңалуан түрлі құрал жабдықтары, эмоция, уақыт ұғымдары, қондырғылар мұның бәрі жануарларда атымен болмайды.
Уақытты сезу әр түрлі даму басқышында болуы мүмкін. Ерте кезде уақыт эталондарын білмей тұрып та бай сезім тәжірибесіне сүйеніп қалыптасады. Нәресте дыбыс береді, өйткені тамақтанатын мезгілі жетті. Нәресте тойынды ол тыныш жымиып жата береді, ұйықтайды. Зеріттеушілердің айтуынша, уақыт аралығын сөзбен бағалау ең аз дәлдікпен сипатталады. Мұның себебі сол, егер қабылданатын уақыт аралығын қабылдағанда және өлшегенде есте сақталған белгілі эталонмен іштей салыстыру қажет болса,ал демонстрациялап көрсетілген уақыт аралығын қайыра бейнелегенде оны эталонмен іштей салыстырумен қатар,ол аралықты іс жүзінде әлгінде демонстрацияланған эталонмен салыстыру керек болады. Физиологиялық зеріттеулердің көрсетуінше, ерте жастағы балаларда уақытқа деген шартты рефлекстерді тәрбиелеу жылдамдығы әр түрлі, ал мектеп жасына дейінгі балаларда үлкен қиындықпен келеді және аса тұрақсызда. Балалар үшін уақыт қатынастарын белгілейтін сөздің мәнісін түсіну де күрделі, өйткені ол салыстырмалы сипатты. Кіші топтың балалары сапалық белгілері бар оқиғаларды уақыт жағынан шектей біледі. Олар тәулік бөліктерін, тұсында атқарылатын әдепкі әрекеттермен байланыстырып, айыра біледі, өздеріне жақсы таныс және де өздерін эмоция жағына қызықтыратындай кейбір уақиғаларды белгілі бір уақыт мерзімімен байланыстырады. Елка қыс түскенде болады. Балалар бақшасында тәрбиелеу программасы ересек топтағы балаларды кейбір тарихи оқиғалармен таныстырады, осы жастан бастап ақ балаларда уақыт жөнінен бағдарлай білуді қалыптастыру қажет С.Л. Рубинштейін былай жазды уақыт жөніндегі түсінік балаларда әдетте кеш дамитын болғанмен, оған баланың ой жотасы жете бермейді деп қорқуға болмайды.
Уақыт жөніндегі түсінік қалыптастыруда сөздің атқарар ролі үлкен, ұзақтығы әр түрлі уақыт аралықтары сөз арқылы абстракцияланады және қорытындалады секунд, минут, сағат, тәулік, апта, ай, жыл т.б. осы арнаулы атаулармен балалардың пайдалану дәлдігі уақыт эталондарының әрқайсысының нақты мазмұны қандай, ол қандай негізгі белгілермен сипатталады соған байланысты. Алайда қандай уақыт аралықтарын болса да сипаттайтын нақтылы белгілер аса шектеулі келеді, өйткені олар адам өмірінің тұрмыстық, экономикалық және географиялық шарттарымен айқындалады. Күн дегенде ол әр уақытта да, қай жердеде жарық және халықтың еңбек етуі деп, ал түн болса қараңғы және халық ұйықтайды деп сипаттала бермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет