«Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру теориясы мен әдістемесі»


Өсімдіктер бірлестігі. Жер асты, жер үсті ярустық бірлестік. Бірлестіктегі өсімдіктердің бір-біріне әсері. Өсімдіктер бірлестігінің басты белгілері



бет18/32
Дата16.01.2023
өлшемі0,73 Mb.
#61457
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32
Өсімдіктер бірлестігі. Жер асты, жер үсті ярустық бірлестік. Бірлестіктегі өсімдіктердің бір-біріне әсері. Өсімдіктер бірлестігінің басты белгілері
Әрбір өсімдік өзінің тіршілігіне қолайлы жағдайды керек етеді. Ол жағдайлар: жылылық, жарық, ылғалдылық, қорек т.б. Сондықтан да бір өсімдік жарық жерде өссе, келесі өсімдік таулы жерді қалайды, ал кейбіреуі батпақта, құмда, шөлде де өсе береді. Табиғатта өсімдіктер жеке-жеке өспей, оның бір түрі екінші түрмен аралас өсіп топ құрайды. Мұндай топтарда өсімдіктер бірлестігі не фитоценоз дейді.
Өсімдіктер бірлестігінің құрамы кездейсоқ өсімдіктермен тұрмайды. Мысалы, қара жидек (черника) пен меруертгүл (ландыш) үнемі қылқын жапырақ ағаштар арасында өседі. Ал өлең шөп (осока) жалпақ жапырақты ағаштар арасында өседі. Бірлестікте бір-біріне тіршілік қажеттігі ұқсас өсімдіктер ғана өсе алады. Бірлестікке енетін өсімдіктер биіктігі мен көлемі жағынан әртүрлі болғандықтан, бір-бірінен биіктеп, ярустар құрайды.

1

5

Омыртқасыз жануарлар. Бір жасушалы жәндіктер және көп жасушалы жануарлар қарапайымдылар-ерекше жануарлар типі. Дене құрылысының ерекшеліктері зат алмасуы, қозғалуы, көбеюі. Оның табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Ішекқуыстылар.
Зоология- (грекше зоон жануар, логос ғылым деген мағынаны білдіреді) жануарлар туралы ғылым. Тірі табиғаттың өте күрделі түрі –жануарлар. Олар жер бетінде де, суда да, топырақта да, биік таулар мен өте ойыс ойпаттарда кездеседі. Жануарлар кездеспейтін аймақ жоқ. Жануарлардың қоректеніп, ұрпағын өрбітетін аймағы мекен ету ортасы деп атайды. Олардың негізгі мекен ету ортасы-құрлық, су, топырақ. Қазіргі таңда зоология ғылымы бірнеше биологиялық құрылымнан тұрады. Жануарлар морфологиясы – (морфо форма, логос учение)-жануарлар формасы туралы ғылымы. Ол өзіне дене мүшесін зерттейтін анатомияны да қосып алады. Гистология- жануарлардың клеткаларын зерттейді. Эмбриология –көбею, өсу заңдылықтары, физиология жануарлардың тіршілік әрекетін, әр мүшесінің атқаратын қызметін, экология олардың тіршілік ортасымен қарым -қатынасын зерттейді. Жануарлардың түрінің өзгерісі мен тұқым қуалаушылығын генетика зерттесе, зоогеография олардың жер бетіне таралу заңдылығын зерттейді. Кейінгі кезде бионика ғылымы дамып отыр. Ол жануарлардың дене құрылысындағы, тіршілік әрекетіндегі болатын ерекшеліктерді зерттей отырып, оны техника жетістіру үшін пайдалану. Зоологияның өзі бірнешеге бөлінеді:
1.Териология-сүтқоректілерді
2.Орнитология-құстарды
3.Ихтиология-балықты
4.Энтомология-бунақденелілерді
5.Гельминтология-паразиттерді, құрттарды зерттейді.

1

5



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет