Зат және энергия алмасуы. Метаболизм. Зат пен қуат алмасуы, немесе метоболизм-тіршілікті қамтамасыз ететін заттар мен қуаттың химиялық физикалық айналымдарының жиынтығы.
Метаболизм үрдісі барысындағы бөлініп шыққан қуат организмнің жұмыс атқаруына, өсуіне және дамуына қажет. Зат пен қуат алмасу біртұтас құбылыс және материя мен қуаттың сақталу заңына бағынады.
Зат алмасу ассимиляция және диссимиляция үрдістерінен тұрады.
Ассимиляция (анаболизм) – организмнің заттарды сіңіруі. Ол қуаттың шығындалуымен өтеді.
Диссимиляция (катаболизм) – қуат бөлініп шығуымен өтетін, күрделі органикалық заттардың ыдырауы. Аспен бірге түсетін органикалық заттардың тотығуы-жалғыз қуат көзі болып табылады. Макроэргиялық қосындылар ыдырауы кезінде өте көп қуат бөлініп шығады. Ол заттарға аденозинүшфосфорлық қышқыл (АҮФ) және креатинфосфат (КФ) жатады. Адам өсіп келе жатқанда ассимиляция диссимиляциядан қалып отырады. Катаболизм мен анаболизм арақатынасы ауырған кезде бұзылады.
Нәруыздар алмасуы.
Нәруыздар (протеиндер) деп амин қышқылдарынан тұратын жоғары молекулярлық қосындыларды айтады. Нәруыздар қызметі:
структуралық немесе пластикалық;
каталитикалық немесе ферменттік;
қорғаныстық;
тасымалдау;
тұқым қуалау қасиеттерін беру; (ең маңызды қызметі)
реттеулік;
нәруыздардың қуатқа қарсы рөлі – адам организміндегі барлық тіршіліктік үрдістерді қуатпен қамтамасыз етіледі. 1 г нәруыз тотығанда, орта санмен 16.5 кДж (4,0 ккал) қуат бөлінеді. Нәруыздар ас қорыту жолында аминқышқылдарына дейін ыдырап аш ішекте сіңеді. Аминқышқылдары мен қарапайым пептидтерден осы организмге ғана тән жеке нәруыздар синтезделезді. Нәруыздардың биологиялық құндылықтары. Аминқышқылдары көп, бірақта адам қабылдайтын аста оның 20 түрі бар. Кейбір аминқышқылдары организмде синтезделмейді, сондықтан олар денеге дайын түрінде аспен бірге түсу керек.Бұлар ауыстыруға болмайтын, немесе тіршілік үшін қажетті аминқышқылдары деп аталды. Оларға – валин, метионин, треонин, лейцин, изолейцин, триптофан және лизин жатады, балаларда тағы аргирин және гистидин болады. Ауыстыруға болмайтын қышқылдар жетіспеушілігі организмдегі нәруыз алмасуының бұзылуына әкеледі. Ауыстыруға болатын аминқышқылдары организмде синтезделеді. Ауыстырылмайтын аминқышқылдары жануартекті астарда, өсімдіктекті астарға қарағанда көбірек. Құрамында барлық қажетті аминқышқылдары бар нәруыз биологиялық құнды деп аталады. Сүтте, жұмыртқада, балықта, етте болатын нәруыздардың биологиялық құндылығы жоғары. Егер нәруыздарда, организмде синтезделмейтін бір аминқышқылы жоқ болса, олар биологиялық құнсыз деп аталады. Жүгері, бидай, сұлы нәруыздары биологиялық құнсыз нәруыздар болып табылады. Егер құнды ас қабылданбаса бой өсу тежеледі, қаңқаның құрылуы бұзылады.