1-тапсырма. Ұғым деңгейін анықтау
Балалардың ойлау операциялары мен ұғымдардың қандайлық деңгейде қалыптасқандығын жобалайтын диагностикалық тапсырмалар.
Мақсаты: Балалардың қалыптасу деңгейін анықтау.
Құралдар: Сөздер тобы:
а) Өрік, алма, алмұрт, шие, жаңғақ, жүзім.
Жауап: бір атаумен - жемістер.
б) Трактор, мотоцикл, машина, велосипед.
Жауап: қозғалыс құралдары.
в) Көйлек, тон, малақай, шалбар.
Жауап: киетін киімдер.
Л.С. Выготский әдісі Балаға топтама сөздер оқылады, оқылған сөздерді бір сөзбен не деп айтуға болады деген сұраққа жауап берілуі керек.
Бағалау: Балаларда қалыптасқан түсінік деңгейін анықтау.
I деңгей: Балаларда түсінік қалыптаспаған, олар қойылған сұраққа жауап бермейді.
II деңгей: Заттардың атқаратын қызметін нұсқайды: жейді, жүреді, киеді. Балалар үлкен қызығушылықпен жауап береді.
2-тапсырма. Ойлау деңгейін анықтау
Мақсаты: Балалардың ойлау операциясының даму деңгейін анықтау.
(Е.Е. Кровцова) «Кім үлкен?"
Балаларға сұрақ қойылды: «Қоян қасқырдан үлкен бе, қасқыр аюдан үлкен бе?». Сонымен, үлкен қоян ба, аю ма, қасқыр ма?
Бағалау: Балалардың жауабын 3 топқа бөлуге болады: 1-топ. Қойылған сұраққа ойланбастан аю үлкен дейді, яғни, есептің шартына емес өмір тәжірибесіне сүйенеді;
2- топ. Ә дегенде берілген есепті шеше алмай, жауап беруде олар өмір тәжірибесіне емес, есеп шартына жүгінеді. Есепті қайталағанда дұрыс жауап береді.
3- топ. Балалар есепті бір окығанда-ақ дұрыс шешеді.
Әр фактордың мазмұнының сипаттамасы 1. Мектептегі жалпы қорқыныштың: мектеп өміріндегі әр түрлі мысалмен қосылуына байланысты баланың жалпы эмоционалдық жағдайы.
2. Әлеуметтік күйзелісті уайымдау: баланың эмоционалдық жағдайы баланың әлеуметтік байланысы (ең алдымен құрдастармен) фонында дамиды.
3. Жетістікке жетудегі фрустрация қажеттілігі: баланың жоғары нәтижелерге жетуіне және өзінің кажеттіліктерін дамытуға мүмкіндік бермейтін қолайсыз психикалық орта.
4. Өз пікірін айту қоркынышы өзінің мүмкіншіліктерін көрсету өзін басқа қылып көрсету, өзін-өзі ашылу қажеттілігі мен байланыстыратын жағдайды негативті эмоционалдық уайымдау.
5. Білімді тексеру жағдайы: білімді тексеру жағдайында уайымдау мен негативті қатынас.
6. Айналаңдағылар күтетін нәтижелерге сәйкес келмеу қорқынышы: өзінің ойларының нәтижелерінің бағалауындағы басқаларды шолу маңыздылығы, баға туралы мазасыздану.
7. Күйзеліске деген төмен физиологиялық қатыстылық: баланың күйзелістік сипаттағы жағдайларға бейімделуі төмендетіліп, мазасыз ортаға бейімделу қаупі.
8. Мұғалімге қатысты қорқыныштар мен қайшылықтар баланы оқу жетістігін төмендететін, мектептегі үлкендермен қатынасының жалпы негативті эмоционалдық ортасы.