Соңғы жылдары симпозиумда қабылданған жас кезеңдерінің сызбасына жаңа туған баладан бастап жасөспірімдік шаққа дейінгі өзгерістер кіреді. Олардың сатылары
Соңғы жылдары симпозиумда қабылданған жас кезеңдерінің сызбасына жаңа туған баладан бастап жасөспірімдік шаққа дейінгі өзгерістер кіреді. Олардың сатылары:
1. Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін)
Нәрестенің жүйке жүйесінің даму қарқыны да айтарлықтай болады.Алғашқыда жаңа туған нәрестеде кейбір шартсыз рефлекстер боолады да(тамақ,қозғалыс,бағдар т.б.) кейін олар көбейе түседі.Шартты рефлекстер екі-үш жетіден кейін пайда бола бастайды.Екінші айда баланың барлық анализаторында шартты рефлекстер жасалуға мүмкіншілік туады.Мәселен, екі айлық бала жай суды тәтті судан, ал үш айлық бала тәттіні тұздан, сондай-ақ кейбір нәрсенің иісін ажырата алады.Төрт айлық бала айналасына көз тоқтатады, үйдегі адамдарды бөтен кісілерден ажырата бастайды.Бес айда көзбен қолдың координациясы қиюласады да, бала төңірегіндегі нәрсенің бәріне ұмтылады, оны аузына апарады.Алты-жеті айлық балада үлкендерге еліктеу бастаудың элементтері(алақаның бір-біріне соғу, ырықты қозғалыстар жасау т.б.) ересектер айтқан сөздерге ұқсас дыбыстар шығаруы байқалады.Шартты рефлекстердің анализаторларда пайда бола бастауымен нәрестелік кезең аяқталады. Бірінші жарты жылдықта ми қабығында тежелудің барлық түрлері көрінеді.Бұл жағдайдың тәрбие процесі үшін ерекше маңызы бар екендігі белгілі. Жарты жастан былай қарай балада <<Бұл не?>> рефлекстері қауырт дамиды.Қол сипай-сезу анализаторының қызметін атқаруға көшеді.Мұның өзі нәрселерді ұстай білу, отыру, еңбектеуге, айналасындағылармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.Олар үлкендердің сұрауларына жауап қайтаруға тырысады.
2. Нерестелік шақ (бір-екі айдан бір жылға дейін);
Бала 1-3 жас аралығында тілі шығып, тілдік қоры молайып, даму үстінде болады. Алғашқы кезде бала айналасындағы жақын адамдарына сұрақ қою арқылы өзіне ақпарат жинайды. Соның негізінде бала тілі дамып, сыртқа шыға бастайды. «Алғашқы кезде сәбидің сөзі үлкендердің сөзіне аздап қана ұқсайтын болады. Мұндай сөзді дербес (автономиялық) сөз деп атайды. Тіпті кейде үлкендер пайдаланбайтын сөздерді де қолданады»
3. Ерте сәбилік шақ (бір жастан үш жасқа дейін);
Бұл жастағы балалар ертегі немесе өлеңмен жазылған қысқа әңгімелерді тыңдауға, айтып беруге өте құштар болады. Негізгі іс – әрекеті ойын. Ойынның барысында баланың қабілеті айқын көрінеді. Бірінші сыныпқа келіп түскен балада кейбір ұнамды қасиеттердің бар екендігін мұғалімде, ата – аналардың өздері де сезе бастайды. Ол қасиеттер баланың оқуға ынталы, сөз қоры мен тіл дамуының дүниеәрежесі, табиғат және адамдар жөніндегі бірсыпыра мәліметтерді білу, дененің жетілуі т.б.
4. Мектепке дейінгі балалық шақ (төрт жастан 7 жасқа дейін);
Өзіне тән ерекшеліктері, оның айналасындағы болып жатқан құбылыстарды жіті аңғарып, көргені мен сезінгендерін зердесіне хаттай жазып ала қоятын зеректігін ала бөтен ескерген жөн. Әрдайым қозғалыс үстінде жетіле дамыған балалардың денесі мен салмағы да бір қалыпты мөлшерді сақтап өсіп отырады.
5. Бастауыш мектеп жасы (7 жастан 11,12 жасқа дейін);
Олар айналасындағы құбылыстарды тез байқап қабылдауға да бейімді. Жете түсінген құбылыстарын өмір бойы ұмытпайтындықтары да белгілі. Сезімдік көңіл-күйінің көтеріңкілігі — олардың маңызды бір ерекшелігі. Оқушылар ересек адамдармен, өзінің құрдастарымен қарым-қатынаста болғанды жақсы көреді.
Бұл жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті — оқу. Бастауыш сынып оқушылары ұзақ уақыт бір қалыпты отыра алмайтындықтан, сабақта жазу мен оқуды алмастырып, сергіту сәттерін өткізіп, сыныптың ауасын тазартып, үзіліс кезінде мектеп ауласында ойындар ұйымдастыру керек.
6. Жеткіншек шақ (11, 12 жастан, 14, 15 жасқа дейін);
Жыныстық толысу тез жүреді:
— қыздарда — 11-13 жас;
— ер балаларда — 13-15 жас.
Қанқа сүйегі мен бұлшық етінің жедел жетілуіне байланысты моторлық аппараттың қайта құрылуы мінез-құлқының өзгеруіне әкеліп соғады, сондыктан дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру керек. Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны оның «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл — ең тынымсыз, ең қиын, ең қызба жас. Жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы -оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі, ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен, жолдастарымен қарым-қатынас орнатуға бағытталады. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моральдық, әлеуметтік негіздерін қолданып, қалыптасуының жалпы бағытының белгіленуі. Бұл кезеңдегі дамудағы биологиялық және әлеуметтік жағдайлардың рөлі туралы теориялық талас жарты ғасырдан астам уақыттан бері болып келеді
7. Жасөспірім шақ (14,5 жарым жастан, 17 жасқа дейін)
Жеткіншектік шақтың басында балалардың сырт пішіні, мінез-құлқы ересектерге ұқсамайды. Олар көп ойнап, көп жүгіреді, алысып-жұлысып тентектіктер жасайды, әлі де бала бола жүріп, елеусіз есейеді. Жеткіншектің жеке басындағы басты жаңа құрылым өзі туралы «енді бала емеспін, ересекпін » — деген түсініктің пайда болып, өзіне жұрттың осы-лай деп қарауын тілейді. Бұл күндегі жастардың мінезінде түрлі өзгерістер пайда болды. Мысалы, қыздар өздерінің сыртқы киіміне, дене қимылына көңіл бөледі. Ер балалар әдемі киініп жүруді ұнатады. Әр түрлі іс-әрекеттерінің барысында осы ерекшеліктер еске алынады. Сонымен мектепке дейінгі балалық шақтан жасөспірімдік шаққа дейін балалардың бейімділігін және қабілетін, мінез-құлқы мен темпераментін мұғалім-тәрбиеші, ата-ана үнемі еске алып, олардың дұрыс дамуына, қалыптасуына жүйелі түрде ықпал етуі қажет.
Осыларды қорыта келе, әрбір адамның тұлғалық кәсіби қалыптасуы – түрліше болғанымен, олардың ортақ байланысы жасөспірім кезеңде алған тәрбие-тәлім, біліміне қатысты екенін көре аламыз. Келешекте тұлға болып қалыптасуы үшін қажетті базалық қорының бастауы әр адам осы кезеңде жинақтайды. Бұл процестер тұлғаның психологиялық және физикалық дамуымен қатар жүретіндіктен, жасөспірімдік жастың тұлғаның кәсіби қалыптасу барысында маңызы зор.