Мектеп математика курсындағы теңдеулерді шешу тәсілдері


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



бет2/3
Дата11.12.2023
өлшемі19,53 Kb.
#137396
1   2   3
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................

64

Мазмұны


Кіріспе


Мектептерде математиканы оқыту әдістері жаңартылған білім мазмұнына сәйкес оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін белсенді түрде дамыту, білімнің мазмұнын толықтырып жетілдіру бағытында жаңартылуда.
Кез – келген қиын есепті шығару оқушылардан үлкен еңбекті, ерен күшті табандылықты талап етеді. Осыған сәйкес орта мектеп математика курсында құрамында параметрі бар есептерді шығаруға ерекеше назар аударылып отыр.
Жұмыстың өзектілігі: Жаратылыстану- математикалық бағыттағы мектептердің жоғарғы деңгейінде математиканы оқытудың мақсаты – оқушыларды математикалық модель құруға, қойылған мәселені шешу үшін қажетті алгоритмді құруға немесе ыңғайлы математикалық әдістерді таңдауға үйрету, эксперименттік жұмыстарды орынды жүргізу және есептеу, өлшеу, зерттеу нәтижелеріне математикалық тұрғыда баға беру біліктерін, өз бетінше білім алу қабілеттерін дамыту.
Орта мектептегі күрделі тақырыптардың бірі – параметрлі көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу болып табылады. Мектеп оқулықтарда параметрлі теңдеулерді шешуге басты назар аударылмай, мектеп оқушылары параметрлі теңдеулерді шешу дағдысын қалыптастыра алмай келеді. Параметрлері бар теңдеу мен теңсіздіктер математикалық олимпиада мен ҰБТ-ға даярлануда, мектеп мұғалімдері қосымша сабақтар жүргізуде жиі кездеседі. Берілген есептерді шешуде оқушылар логикалық тұрғыдан алып қарағанда да (есепті қалай шығару керек?), техникалық жағынан болса да (есепті дұрыс жауабына дейін жеткізу) қиындықтарға кездесуде. Өйткені, мұндай есептерді шешудегі қиындық параметрлі теңдеулерді дәстүрлі қалыпты әдістермен шығаруға болмайды, оларды шешкенде параметрдің берілген мәндеріне байланысты шешу әдістері бір- бірінен мүлде өзгеше болатын әртүрлі жағдайларды қарастыруға тура келеді, кейде теңдеуге енетін функцияның негізгі қасиеттерін жақсы біліп, оларды берілген теңдеу үшін дұрыс қолдана білу қажет. Параметрлі есептерді шешу және оның жауабын тұжырымдау кезінде кездесетін қиыншылықтарды шешуде бұл жұмыстың берері мол деп есептейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет