Мектеп математика курсындағы теңдеулерді шешу тәсілдері


Ғылыми мәселенің қазіргі кездегі шешу жағдайында



бет3/3
Дата11.12.2023
өлшемі19,53 Kb.
#137396
1   2   3
Ғылыми мәселенің қазіргі кездегі шешу жағдайында бағалауға тоқталар болсақ , мектеп бағдарламасының курсында , ҰБТ-де тапсыру кезінде , Жоғары оқу орындарына түсуге арналған емтихан сұрақтарында туындыға байланысты есептер көптеп кездеседі. Дегенмен, қазіргі орта мектепке арналған оқулықтарда туындына пайдалануға жете мән берілмеген. Мысалы, туындының көмегімен теңсіздіктерді дәлелдеу, теңбе-теңдіктерді дәлелдеу, өрнектерді теңбе-тең түрлендіру, санды өрнектерді салыстыру, теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу тағы басқа мәселелер қамтылмаған. Осы мәселені шешу жолында бұл жұмыстың берері мол.
Ғылыми мәселенің қазіргі кездегі шешу жағдайын бағалау: мектеп бағдарламасындағы күрделі тақырыптардың бірі – параметрлі теңдеулерді шешу болып табылады. Стандартты емес есептердің қатарына параметрлі теңдеулерді де жатқызуымызға болады. Соңғы жылдары жарық көрген оқулықтарда параметрлі теңдеулерді шешуге қатты назар аударылмай, мектеп оқушылары параметрлі теңдеулерді шешу дағдысын қалыптастыра алмай жатыр. Оқушылардың математикалық олимпиадаларға мен ҰБТ-ға даярлануда, мектеп мұғалімдері сабақтар жүргізу кезінде, параметрлі теңдеулерді шешуге байланысты оқулықтардың аздығынан көптеген қиындықтарға кездесіп жүр. Осы айтылған мәселелер бұл тақырыптың маңыздылығын көрсетеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: параметрлі көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу әдістемесін құрастыру, оның қолдану тиімділігін теориялық-практикалық тұрғыда негіздеу, тақырыпты оқытуды талдау, қорытынды жасау, ұсыныстар беру.
Зерттеу міндеттері:дипломдық жұмысты орындау барысында мынадай негізгі міндеттер қойылды:
- Параметрлі теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу әдістері ;
- Параметрлі көрсеткіштік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу әдістері ;
- Параметрлі логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу әдістері ;
- Құрамында параметрі бар логарифмдік және көрсеткіштік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуге есептер шығару;
-Орта мектепте алгебра курсында құрамында параметрі бар логарифмдік және көрсеткіштік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу әдістерін пайдаланып оқытудың әдістемесін жасау.
Ғылыми жаңалығы: орта мектептің жоғары сыныптарында оқушыларды құрамында параметрі бар логарифмдік және көрсеткіштік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу әдістерін үйретудің әдістемесі дайындалды.
Құндылығы: алгебра курсында параметрлі теңдеу мен теңсіздіктерді шешу әдістерін пайдаланып оқытуды жетілдіру үщін құрамында параметрі бар логарифмдік және көрсеткіштік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу әдістерін шешуге үйретудің әдістемелік құралдар жүйесі, математика курсын тереңдетілген бағдарлама бойынша оқитын жоғары сынып оқушыларына, сондай-ақ оқушыларды математикалық олимпиада мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарына даярлауда пайдалануға болатындығында.
Зертеу нысаны: орта мектепте математиканы оқыту үдерісі.
Зерттеу әдістері: берілген тақырып бойынша әдістемелік әдебиеттерді зерделеу, математикалық әдебиеттерге, ғылыми-әдістемелік басылымдарға талдау жасау; алдыңғы қатарлы математика пәнінің мұғалімдерінің тәжірибелерімен танысу; оқу бағдарламалары мен элективті курс бағдарламаларына талдау жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет