М.Жұмабаевтың дидактика мен жеке пән әдістемесінің ерекшеліктері.
Мағжан тұңғыш педагогикалық оқулықтар жазып қалдырған. Ол жазған «Бастауыш мектепте ана тілі»1925, «Сауатты бол» 1926, « Педагогика» 1922 атты оқулықтары педагогика және әдістеме ғылымдарына қосқан үлесі болып табылады. «Бастауыш мектепте ана тілі» еңбегінде ол төрт жылдық бастауыш мектептің әр жылына сәйкес ана тілі бойынша бала тілін дамыту үшін жүргізілетін жаттығулар, қалыптастырулар дағдылар жүйесін жасап ұсынды. Мағжан Жұмабаев ана тілінің мектептің дәл төрінен орын ала алмай жатқанын, мектебімізде ана тілі әлі дұрыс негізге құрылмағанын айта келіп, «Осы күнгі мектеп баласы ана тіліне өзінің тілі емес, мұғалімнің тілі»-деп қарайды. Мектептің міндеті –бір жақтан хат таныту болса, екінші жақтан баланы дұрыс сөйлетуге үйрету. Балаға дұрыс тәрбие беру үшін оны әдебиетпен таныстыру және баланы түсініп, ұғып оқуға үйрету керектігін айтқан. Мағжанның жоғарыда аталған « Педагогика» атты ғылыми еңбегі он бес бөлімнен тұрады. Мағжан өзінің осы педагогикасын он төрт ірі бөлімнен құрып, әр бөлімінде педагогика ғылымын жан — жақты саралап, болашақ ұрпақ тәрбиесін беруде таптырмас көмекші құрал ретінде қалдырған. Мағжан Жұмабаевтың педагогикасының мақсаты: 1. Ақыл тәрбиесі, 2 Құлық тәрбиесі. 3. Сұлулық тәрбиесі. 4. Дене тәрбиесі.
Оқыту процесінің негізгі құрамды бөліктері.
Оқыту процесі – тәлім –тәрбиелік қарым–қатынастарды ұйымдастырудың тәсілі. Оқыту процесін ұйымдастыратын педагог. Оқыту процесі –бірнеше элементтен құрылатын жүйе. Педагогикалық процестің үш құрылымы болады: педагогикалық, әдістемелік, психологиялық.Педагогикалық процесің педагогикалық құрылымы:мақсат – принциптер –мазмұн –әдістер –құралдар– түрлер.Мақсат –ұстаз бен шәкірт арасындағы педагогикалық қатынастардың нәтижесі. Принциптер мақсатқа жету жолдарын анықтайды. Мазмұн – мақсатқа жету жолында оқушыларға берілетін тұлғалар тәжірибесінің бөлігі. Әдістер–мұғалім мен оқушының мазмұнды жетілдіру –қабылдауға арналған іс–әрекеттері. Құралдар – мазмұнмен жұмыс жасайтын материалдық тәсілдер мен әдістері.