Мектеп мұғалімінің негізгі міндеттері



бет12/31
Дата07.06.2023
өлшемі71,26 Kb.
#99337
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31
Байланысты:
педагогика жауаптары

Оқыту заңдылықтары.

Оқыту заңдылықтары
Оқыту заңдылықтары арқылы оқыту процесі іске асады. Құбылыстар мен процестер арасындағы байланысты дамытудан заңдылық туындайды.
Оқыту процесінің заңдылықтары:
1. Қоғам талабы оқытудық мақсат-міндеттерін айқындайды, оның мазмұны, әдіс-тәсілдері, ұйымдастыру нысандарының өзгеруі, жаңаруы заңды процесс.
2. Білім беру, тәрбие, дамыту қызметінің бірлігі.
3. Кез келген ақпарат бірлігі, іс-әрекет тәсілі білім, іскерлікке айналу үшін мұғалім оқушының санасындағы білім, іс-керлік, дағды деңгейіне сүйену керек.
4. Дидактика заңдылықтарының ерекшелігі - оқыту процесінің бөліктері - оқытушы іс-әрекеті (оқыту), оқушы іс-әрекеті (оқу), білім мазмұны арасындағы тұрақты төуелділіктер. Оқыту оқушының белсенді іс-әрекеті арқылы жүреді. Кез кел-ген оқыту оқытушы мен оқушы және білім мазмұнының мақсатты түрде бір-біріне ықпал етуі арқылы жүзеге асады.

5. Жеке адамды үйрету тек іс-әрекет жасату арқылы мүмкін болады.



  1. Білім беру жүйесіндегі стандарт ұғымы мен оның маңыздылығы.

“Білім туралы” заңы
Стандарт
Оқу бағдарламасы
Әдістемелік нұсқаулық хат
Оқу орындарындағы ең маңызды нормативті құжаттардың бірі – білім берудің мемлекеттік стандарттары болып табылады, солардың негізінде жалпы және кәсіптік білім беру бағдарламалары жасалады. Стандарттар білім беру мекемелерінің барлық түріне міндетті болып саналатын және білім беру ісінің әрбір деңгейінің мазмұнына қойылатын талаптарды, оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқыту жүктемелерінің көлемін, білім сапасын тексеретін мемлекеттік бақылау орындарының ережелерін, оқу бағдарламаларының орындалғанын дәлелдейтін құжаттарды анықтайды.
Білім берудің мемлекеттік стандарттарының негізгі қызметтері – азаматтардың толық білім алуы мен оның сапасын жоғарлатуы, Республикадағы оқыту кеңістігі бірлігі қызметтерін сақтау, білімнің гумандық қызметтері және оны басқару болып табылады. Білім берудің мемлекеттік стандарттары төмендегідей талаптарға жауап береді:

  • білім алушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін, жалпы мәдени ортаның жағдайын ескеру;

  • нәтижесін дұрыс мөлшерлеу;

  • білім беру салаларының және сатыларының сабақтастық стандарттарының ережелерін бұзбау;

  • жеке тұлғаны дамыту міндеттеріне сәйкес әрбір мектеп сатыларының ерекшеліктерін ескере отырып, білім мазмұнымен қамтамасыз ету;

  • білім мазмұнының оңтайлы түрін көрсету;

  • оқушы жастардың қызығушылығы мен бейімділігіне сәйкес мемлекеттің, аймақтық, мектептердің білім мазмұнын көрсету;

  • мектеп оқушыларының оқу жүктемесін мөлшерлеуге көмектесу;

  • тексеру жағдайында жылдам қызмет көрсету.

Білім беру стандарттары оқу жоспарлары мен бағдарламаларын негізге алады. Оқу жоспары белгілі бір оқу орындарында оқытылатын оқу пәндерінің құрамын, оларды оқыту барысы мен ретін, әрбір пәнге берілген сағат санын анықтайды. Базалық оқу жоспары барлық оқушы жастар үшін ұсынылатын міндетті мемлекеттік білім беру стандартының негізгі деңгейі болып табылады. Қазақстан Республикасы білім берудің мемлекеттік стандартында вариативті оқу жоспары үшін мынадай сағаттар қарастырылған



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет