Мектеп оқушыларының даму физиологиясы Дәріс Кіріспе



бет16/49
Дата23.04.2023
өлшемі158,33 Kb.
#85807
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   49
Байланысты:
Дәріс Физиология (4)

Аденогипофиз

Нейрогипофиз

Алдыңғы бөлігі

Ортаңғы бөлігі

Артқы бөлігі

  1. Соматотропин немесе өсу гормоны (СТГ);

  2. Тиреотропин (ТТГ);

  3. Адренокортикотропин (АКТГ)

  4. Гонадотропиндер (лютейіндеуші, лютеотроптық, фоликулстимулдеуші гормондар)

1. Меланотропин (МТГ)

  1. Вазопрессин;


  2. Окситоцин



Соматотропин немесе өсу гормоны (СТГ) – белоктың алмасуын, ұлпалардың өсуін реттейді, май мен көмірсудің алмасуына әсер етеді. Жаңа туған сәбиде өсу гормонының мөлшері өте көп (60 ммкг/мл), 3 айда 16 ммкг/мл, ересек балаларда 10,8 ммкг/мл, ал ержеткенде 0,55 ммкг/мл болады.
1945 ж. бұл гормонды Эванс пен Ли Симпсон тек малдың безінен тапқан, ал 1948 ж. жануарлардың, 1956-1968 жылдары адамның безінен тапқан.
СТГ гиперсекрециясында баланың бойы ұзарып (2 м-ден асып кетеді) алыптық, ал гипосекрециясында баланың бойы қысқа ергежейлік байқалады.
Жыныстық жетілуден кейін СТГ көбейіп кетсе акромегалия байқалады, яғни адамның бет, қол- аяқ, жақ сүйектері күшті өсіп ұзарады.
Тиреотропин (ТТГ) қалқанша безінің қызметіне әсер етеді: йодтың без клеткасында жиналуына, тотығуына әсер етіп қалқанша безінің гормондарының қызметін реттейді.
Адренокортикотропин (АКТГ) бүйрек үсті бездерінің қыртыс қабатының гормондары глюкокортикойдтар мен адренокортикойдтардың өнуіне әсер етеді және көмірсутегінің алмасуына әсер етеді.
Гонадотропиндер (лютейіндеуші, лютеотроптық, фоликулстимулдеуші горомондар) жыныстық жетілу кезінде маңызы арта бастайды. Ерлер сперматогенезін күшейтеді, әйелдер етеккірін мезгілінде келтіреді, емізетін әйелдің сүтінің келуін реттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет