Мектеп оқушыларының даму физиологиясы Дәріс Кіріспе



бет44/49
Дата23.04.2023
өлшемі158,33 Kb.
#85807
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
Дәріс Физиология (4)

Мәжіліс залының ауданы 12 м2.
Асхананың ауданы әр орынға 0,65-0,70 м2 есебінен бөлінеді. Асханада ас дайындау бөлмесі, ас қоймасы, ыдыс жуатын орын, буфет болады.
Киім ілгіш гардероб екі бөлмеден тұрады: шешінетін жер – фойе және киім ілгіш гардероб. Жуынатын бөлме және дәретхана мектеп кешенінің әр қанатында орналасады.
Баспалдақтардың ені 30 см, биіктігі 16 см болады және онда жарық көзі болу керек.
Мектеп жиһаздарына қойылатын гигиеналық талаптар
Жиһаздар, жабдықтар оқушылардың жасына сәйкес болу керек.
Парта қазіргі талап бойынша бала бойының ұзындығына сәйкес 5 топқа бөлінеді:
А тобы бойы 130 см-ге дейінгі балаларға арналған;
Б тобы – 130-145 см; В тобы – 145-160 см; Г тобы - 160-175 см;
Д тобы – 175-190 см арналған.
Әр топқа түстер бекітілген: А – сары, Б – қызыл, В – көкшіл, Г – жасыл, Д – ақ түсті.
Әр мұғалім сынып бөлмесіне парта таңдағанда балалардың медициналық картасындағы бойының ұзындықтарына сәйкес таңдайды.
Парталарды орналастыру. Бастауыш сыныптарда 3 қатардан әр қатарға 6-7 партадан, жоғары сыныптарда көбінесе екі қатардан орналастырады. Шеткі парта мен қабырға арасы 50-65 см, қатар аралығы 70-75 см, алдыңғы парта мен тақта арасы 2,4-3 м, соңғы парта мен тақта арлығы 8 м болу керек.
Партада отыру ережесі: аласа бойлы балалар, нашар еститін, нашар көретін балалар алдыңғы қатарға отырғызылады.
Оқушы дұрыс отырғанда бел омыртқасы мен сегізкөз сүйектері, жауырынның төменгі ұштары орындық арқалығына тиіп тұрады және ұршық, тізе буындары тік бұрыш жасап бүгіліп табаны еденге немесе партаның аяқ қойғышына еркін тіреледі. Білектері үстелдің үстінде еркін орналасады. Партада дұрыс отырып үйренгенде ғана оқушылар сабақ кезінде шаршамай еркін отырады. Дұрыс отырмаса тез шаршап, сабаққа зейіні төмендейді.
Сынып тақтасы – алдыңғы қабырғаның дәл ортасында, бастауыш сыныптарда еденнен 75 см, 5-7 сыныпта 95 см, жоғары сыныпта 100 см биіктікте ілінеді. Ұзындығы 3 м, ені 1,2м беті тегіс, бірақ жылтыр емес, түсі қоңыр не қою жасыл болады. Сурет, сызу сабағы өтетін сыныптарда қара түсті болады.
Тақтаның төменгі шетінде бор ұнтақтарын жинайтын жіңішке астауша болады.
Сыныпта көрнекі құралдар мен оқулықтар сақтайтын шкафтар болады. Олар ықшам болу керек және бөлменің артқы қабырғасына орналастырылады.
Мұғалімнің үстелі мен орындығы отырып тұруға ыңғайлы болғаны дұрыс. Оқушы партасы мен мұғалім үстелінің арасы кемінде 15020 см болу керек.
Оқу-техника құралдары (теледидар, магнитофон, кодоскоп т.б.) бөлмені тарылтпайтын, шаң- тозаңды жинамайтын жағдайды қарастырған жөн. Оларды пайдаланбаған кезде арнайы бөлмеде сақтау керек.
Диафильмдерді 7-15 минут, кинофильмдерді және телекөрсетулерді 15-20 минуттан артық көрсетуге болмайды.
Зертханада 1 не 2 кісілік үстелдар мен орындықтар, шкафтар, тәжірибе көрсету үстелі болады. Бір оқушыға 65-70 см кеңістік қажет.
Зертханалық үстелдің ұзындығы 130-140 см, ені 60 см, биіктігі 75 см және тартпасы болады.
Зертханалық үстелді орнықты бекітіп, оған су және электр сымы өткізіледі.
Үстелдің беті қышқыл сілтілерге төзімді заттардан жасалады.
Демонстрациялық үстелдің ұзындығы 3 м, ені 80 см, биіктігі 80 см болады.
Түрлі аспаптарға, ерітінділерге арналған шкафтарды препараторлық бөлмеде орналастырады. Шкафтың ішінде улы заттар, күшті сілтілер мен қышқылдарды сақтауға болмайды. Оларды арнайы орындарда сақтайды.
Мектепте, зертханаларда қауіпсіздік ережелері, алғашқы дәрігерлік көмек ережелері мен дәрі- дәрмек жинағы, өрт қауіпсіздігіне қажетті құм, өрт сөндіргіш саймандар болу керек.
Мектептегі оқу-тәрбие жұмысына қойылатын талаптар
Оқу бағдарламасы балалардың жасына қарай жылдан жылға күрделеніп отырады. Жазғы демалыстан соң балалар еңбекке біртіндеп үйрене бастайды. Сондықтан оқу жылының басында өткенді қайталап, жаңа тақырып өте бастайды. Оқу жылының барысында барлық пәндерден мектеп бағдарламасы біртіндеп қиындап, жыл аяғында қайтадан жеңілдене бастайды.
Сабақ кестелері апталық, айлық, тоқсандық және оқу жылындағы еңбек қабілетіне сай жасалады. Аптаның дүйсенбі-сәрсенбі күндері жоғары болады да, бейсенбі күннің аяғында шаршау байқалады, жұма, сенбі күндері қабілеті төмендейді. Демалыстан кейін дүйсенбі күні зейіні төмен болады. Сондықтан сейсенбі-бейсенбі күндері қиын пәндерді қою керек. Жұма-сенбі күндері сабақ санын және қиын пәндердің мөлшерін азайту қажет.
Жеңіл пәндерге: әдебиет, тарих, ән-күй, денешынықтыру, сурет-сызу пәндері жатады. Қиын сабақтың алдында денешынықтыру пәнін қоюға болмайды. Қиын пәндерге: физика, грамматика, математика, химия пәндері жатады.
Күнделікті сабақ саны төмендегідей болғаны дұрыс:
1-4 сыныптарда күніне 4 сабақтан;
5-7 сыныптарда 6 сабақтан;
жоғары сынаптарда 6-7 сабақтан аспау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет