Мектеп оқушыларының даму физиологиясы Дәріс Кіріспе


Дәріс 5. Жоғары жүйке қызметі және оның баланың өсіп-дамуы барысында қалыптасуы ІІ бөлім



бет7/49
Дата23.04.2023
өлшемі158,33 Kb.
#85807
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49
Байланысты:
Дәріс Физиология (4)

Дәріс 5.
Жоғары жүйке қызметі және оның баланың өсіп-дамуы барысында қалыптасуы ІІ бөлім.


Шартты рефлекстердің түрлері. Шартты рефлекстер рецепторлардың тітіркенуіне және пайда болатын қызметіне байланысты, қозу мен тежелуге байланысты бірнеше түрге бөлінеді.
Тітіркенетін рецепторларына байланысты төмендегідей бөлінеді:
Экстрорецепті шартты рефлекстер шартты тітіркендіргіштер сыртқы сезім мүшелеріне әсер еткенде пайда болады: көзге, құлаққа, иіс және дәм сезу мүшелеріне, тері рецепторына.
Проприорецепті шартты рефлекстер қаңқа бұлшық еттерін тітіркендіргенде пайда болады.
Интерорецепті шартты рефлекстер ішкі мүшелерді тітіркендіргенде пайда болады.
Туатын қызметтің түріне қарай шартты рефлексті екіге бөледі: қимыл-қозғалыс және вегетативтік шартты рефлекстер.
Рефлексті тудыратын қозу мен тежелудің кезеңдеріне қарай шартты рефлекстерді оң және теріс неме жағымды және жағымсыз деп бөледі.
Уақытша нервтік байланыс. Шартты тітіркендіргіш әсер еткенде ми қыртысының тітіркендіргішке сәйкес орталығында қозу пайда болады. Мысалы, көзге әсер етсе – көру орталығы, дыбыс әсер етсе - есту орталығы. Ш артсыз тітіркендіргіштің әсерінен оған сәйкес орталықта екіншің қозу ошағы пайда болады. Организм үшін маңызды әсерді шартсыз тітіркендіргіш ретінде алғандықтан екінші орталықтағы қозу ошағы біріншіге қарағанда күштірек болады. Сондықтан бірінші қозу ошағындағы нерв импульстері екінші орталыққа тартылады да екеуінің арасында байланыс пайда болады. Ш артсыз тітіркендіргіш неғұрлым күшті болса, соғұрлым екінші орталықтың қозуы күшті болып шартты рефлекс тез туады. Ш артты рефлекстің пайда болуының негізі – ми қыртысындағы нерв орталықтарының арасында уақытша нервтік байланыстың пайда болуы.
Шартты рефлекстердің тежелуі. Тежелу 2 түрлі болады: сыртқы немесе шартсыз және ішкі немесе шартты тежелу.
Сыртқы тежелу туа пайда болады. Ол шартты рефлекторлы түрде пайда болған кезде сыртқы ортаның күшті немесе ұзақ әсер ететін басқа тітіркендіргішіне байланысты байқалады. Мысалы, мұғалімнің айтқанын ұқыпты тыңдап отырған бала, кенеттен даладан шыққан қатты дауысты естісімен мұғалімді тыңдамай, дереу терезеге қарайды. Мұнда ми қыртысында пайда болған жаңа қозу ошағы шартты рефлекторлы түрде болған қозу ошағын тежейді.
Шартты немесе ішкі тежелу пайда болған шартты рефлекстердің жағдай өзгергенде туады.
Ми қыртысының талдау және талқылау қызметтері. Динамикалы стереотип. Сыртқы және ішкі ортаның көптеген тітіркендіргіштерінің әсерінен биологиялық маңыздыларын таңдап алу үшін олар мида талданады.
Талдау арқылы организм өзіне қажетті, тиімді әсерлерді бөліп алып, ажыратады. Ми қыртысы әсер ететін тітіркендіргіштерді жіктеп талдайды. Таңдалған әсерлерге дұрыс жауап қайтару үшін ми қыртысында олар қайта жинақталып қорытылады, талқыланады. Мұны ми қыртысындағы талқылау дейді.
Өте күрделі талдау мен талқылаудың үлгісі ретінде динамикалы стереотипті алуға болады. Динамикалы стереотип деп адам мен жануарлардың ми қыртысында ұзақ мерзім тұрақты ретпен әсер еткен топты тітіркендіргіштердің біртұтас шартты рефлекторлы әрекетті тудыратын қабілетін айтады.
Жоғары жүйке әрекетінің топтары
Әр адамның жүйке жүйесінің тұқым қуалаған жеке қасиеттері мен өмірден алған тәжірибесін, сыртқы ортадан алған мағлұматын,мінез-құлықтарын жүйке әрекетінің топтары деп жинақтайды.
И.П.Павлов жоғары жүйке әрекетінің топтарын ми қыртысындағы қозу мен тежелудің негізгі 3 қасиетіне байланысты 4 топқа бөледі. Ол қасиеттер: қозу мен тежелудің күші, теңдігі, алмасуы.
Қозу мен тежелудің күші деп ми қыртысындағы олардың өту дәрежесін айтады. Қозу мен тежелудің теңдігі деп олардың бір-біріне қатынасы мен дау дәрежесін айтады. Қозу мен тежелудің алмасуы деп олардың бір-біріне алмасу жылдамдығын айтады. Олардың алмасуы ширақ немесе баяу болуы мүмкін.
Қозу мен тежелудің осы қасиеттеріне қарай И.П.Павлов жануарларда жоғары жүйке әрекетінің 4 тобын ажыратады:
Күшті, ұстамсыз, қозуы тежелуден басым топ.
Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы жылдам топ.
Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы баяу топ.
Әлсіз топ. Ми қыртысының нерв клеткаларының қызмет қабілеті төмен, қозуы нашар дамыған, тежелуі басым.
И.П.Павлов өзінің ашқан жоғары жүйке әрекеттерінің 4 тобын дәрігер грек ғалымы Гиппократтың айтқан 4 темпераментіне сәйкес деп есептеген. Гиппократ денедегі 4 түрлі сұйықтықтың өзара қатынасына байланысты адамның темпераментін 4 топқа бөлген. Олар холерик (грек. холе- сары өт), сангвиник (сангвине - қан), Флегматик (флегма – кілегей, шырын), меланхолик (мелайне холе – қара өт).
Күшті, ұстамсыз, қозуы тежелуден басым топ – холерик.
Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы жылдам топ – сангвиник.
Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы баяу топ – флегматик.
Әлсіз топ – меланхолик.
Аталған 4 топтың аралас түрлері жиі кездеседі.
1-ші және 2-ші сигнал жүйелері мен олардың дамуы. Адам баласының ми қыртысының жануарлардың ми қыртысынан айырмашылығы бар. дегенмен. Жануарлар мен адамдар үшін нақтылы әсерді және көз, құлақ т.б. организмнің сезгіш рецепторлары арқылы келетін сыртқы ортаның көріністерін талдау мен талқылау екеуінде де бар ортақ қасиет. И.П. Павлов сыртқы ортаның табиғи әсерін «сигналдар» деп атады. Сол сигналдарды қабылдайтын мүшелер жүйесін 1-ші сигнал жүйесі деп атады. Ал сол сигналдардың сөзбен белгісін «сигналдың сигналы» деп атады. «»Сигналдың сигналын қабылдауға қатысатын мүшелер жүйесін және сөйлеуге, сөзге байланысты ойлау қабілеттерін 2-ші сигнал жүйесі деп атады. 2-ші сигнал жүйесі адамдарға ғана тән.
1-ші сигнал жүйесі жаңа туған нәрестеде бірнеше күннен кейін қалыптасады. 7-10 күндері алғашқы шартты рефлекстері қалыптаса бастайды. Ал 2-ші сигнал жүйесінің даму белгілері 6 айдан пайда бола бастайды.
И.П.Павлов сигнал жүйесіне байланысты адамдардың жоғары жүйке әрекетін 3 топқа бөлді:
Көркем суретті топқа жататын адамдарда 1-ші сигнал жүйесі 2-ші сигнал жүйесінен басым.
Ойлы немесе саналы топтағы адамдардың 2-ші сигнал жүйесі 1-ші сигнал жүйесінен басым.
Орташа немесе аралас топтағы адамдарда екі сигнал жүйесі де бірдей шамада дамыған. Екі сигнал жүйесінің арасындағы мәліметтердің берілуі бойынша И.П.Павлов адамдардың




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет