Мектеп оқушыларының даму физиологиясы Дәріс Кіріспе


Дәріс 3. Балалардың жүйке жүйесінің физиологиясы. ІІ бөлім



бет4/49
Дата23.04.2023
өлшемі158,33 Kb.
#85807
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
Дәріс Физиология (4)

Дәріс 3.
Балалардың жүйке жүйесінің физиологиясы. ІІ бөлім.


Үлкен ми сыңарлары (ми жарты шаралары). Мидың барлық салмағының 80%-ын үлкен ми сыңарлары алып жатыр. Онда 17 млрд жүйке жасушалары бар.
Құрылысы жағынан ми сыңарлары бір-бірімен сүйелді дене арқылы жалғасқан екі жарты шардан тұрады. Әрбір жарты шар 5 бөлімнен тұрады: маңдай, орталық, төбе, шүйде және самай.
Үлкен ми сыңарларының сұр заты сыртында орналасқан. Ол ми қыртысы деп аталады, оның қалыңдығы 2-4 мм.
Қыртысты қабаттың астыңғы жағындағы ақ затты сырты миелин қабығымен қапталған нейрондардың аксондары құрайды. Олар ассоциативті, коммисуральді және проекционды талшықтар деп бөлінеді.
Ассоциативті талшықтар әр жарты шардың жеке бөліктерін байланыстырады. Комиссуральды талшықтар екі жарты шардың симметриялы бөліктерін байланыстырады. Проекционды талшықтар жарты шардан тыс шығып кетеді.
Нейрондардың пішініне қарай ми қыртысы 7 қабаттан тұрады:
Молекулярлық қабат – ең үстіңгі қабат, ол ұсақ нейрондардан тұрады.
Сыртқы түйіршікті қабат. Нейрондардың пішіні дән тәрізді.
сыртқы пирамидалы қабат. Нейрондардың пішіні пирамида тәрізді, мөлшері әртүрлі.
Ішкі түйіршікті қабат.
Ганглиозды қабат. Ірі пирамидалы Бец жасушаларынан тұрады.
Полиморфты (көп пішінді) қабат. Нейрондардың пішіні әртүрлі.
Бұл қабат жіп тәрізді өте ұзын нейрондардан тұрады. Ми жарты шарлары екі үлкен қызмет атқарады:
Организмнің сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етеді, яғни адамның мінез-құлқы, ойлау қабілеті, санасы, ақыл-ойы – бұлардың бәрі жоғары жүйке әрекеттері;
Организмнің қызметін бір-бірімен байланыстыру, ішкі мүшелердің қызметтерін қажетті жағдайға қалыптастыру. Бұлар төменгі дәрежелі жүйке әрекеттері.
Бұдан бір ғасырдай бұрын ми жарты шарларының қызметі бірдей еместігі анықталған. Мидың сол жағындағы сөйлеу орталығы зақымданса, адам сөйлей алмай қалатынын Брок дәлелдеген.
Ми сыңарларының қызметі



Сол жақ жарты шар

Оң жақ жарты шар

Сөйлеу, түсіну, ойлау, тану, уақытты аңғару, ұқсастықты байқау, болжау, бағдарлау, тұжырымдау, жоспарлау

Есту, сөзсіз іс-қимыл, кеңістікті қабылдау, заттарды тұтас түрінде қабылдау, олардың функциялық ұқсастықтарын байқау, заттардың алыс-жақындығын байқау.

Ми қыртысындағы қозуды әрекет потенциалы ретінде жазып алуға болады. Оны жазып алатын аспапты электроэнцефалограф дейді, ал жазылып алынған биопотенциалдың қисық сызығын электроэнцефалограмма (ЭЭГ) деп атайды.


ЭЭГ-ның негізгі бес түрлі ырғағын бөледі: альфа, бета, гамма, дельта және тета ырғақтары.
Альфа ырғағы – тыныштық ырғақ, жиілігі секундына 8-13 рет. Бұл ырғақ адам жатқанда, тыныш отырғанда (көзін жұмып) байқалады. Ол ми қыртысының желке және төбе тұстарынан жақсы жазылынып алынады.
Бета ырғағы - әрекет ырғағы, жиілігі секундына 14-30 рет. Бұл ырғақ адам ой ойлағанда (мысалы, есеп шығарғанда) ми қыртысының маңдай және төбе бөлімдерінен жақсы жазылады.
Гамма ырғағы қатты қозу кезінде (мысалы, қуаныш, реніш, қатты ойланғанда) пайда болатын ең жиі ырғақ (орта есеппен 40гЦ.
Дельта ырғағы ең баяу, ұйықтағанда пайда болады, жиілігі орта шамамен 25 гЦ).
Тета ырғағы – жиілігі секундына 4-8 рет шала ұйқыда жатқанда жазылатын потенциал ырғағы (5гЦ).
Ми сыңарларының дамуы. 1 жастағы баланың маңдай бөлімі нашар дамыған, оның сайлары мен қатпарлары ұсақ, таяз. Ми қыртысының қызметі нашар, қыртыс асты бөлімін бақылауы төмен дәрежеде, жұлынға ықпалы аз болғандықтан баланың ретсіз қимылдары көп болады.
4-6 жас аралығында баланың сезім және қозғалыс аймақтары қалыптасады. Функциялық жетілуі төмендеу болғандықтан жүйке орталықтарының тежелуі – нашар, қозуы – тез жайылады, бала тез қозады, әсіресе ойнағанда жаман ұйықтайды, ұйықтап жатқанда мазасызданады.
7-13 жаста ми қыртысының үшінші қабатындағы пирамида тәрізді клеткалары қалыптаспаған, байланыс бөлімдерінің нейрондары миелинденіп болмағандықтан ойлау қабілеті, санасы әлі толық жетілмеген. Қозуы тежелуден басымырақ. Сондықтан баланың зейіні 7-8 жаста 15-20 мин, 8-10 жаста 20-25 минуттай ғана. Бастауыш сынып оқушылары тез қозады, үзіліс кезінде түрлі ойындардан кейін ұзаққа дейін тыныштала алмайды.
13-18 жас арасында ми қыртысының үшінші қабаты толық қалыптасып үлгереді. Баланың белсенді зейіні 30-40 минөттей болады. 17-18 жаста баланың ми қыртысының құрылымдық дамуы аяқталады, бірақ қызметінің дамуы одан әрі қарай жалғасады.
Шеткі жүйке жүйесі. Шеткі жүйке жүйесі ми мен жұлыннан шығып бүкіл мүшелерге, олардың ұлпаларына, жасушаларына тараған нейрондар мен жүйке талшықтарынан тұрады. Шеткі жүйке жүйесі соматикалық және вегетативтік жүйке жүйелеріне бөлінеді.
Соматикалық жүйке жүйесі организмнің сыртқы мүшелерін және қаңқа бұлшық еттерін жүйкелендіреді. Соматикалық жүйке жүйесінің орталықтары жұлынның барлық сегменттерінде, мидың барлық бөлімдерінде (аралық мидан басқасында) орналасқан.
Вегетативтік жүйке жүйесі барлық ішкі мүшелерді, қантамырларды, жүректі жүйкелендіреді. Вегетативтік жүйке жүйесінің орталықтары ми бағанасында, жұлынның көкірек, бел және сегізкөз бөлімдерінде орналасқан. Вегетативтік жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйелерінен тұрады.
Симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйелері орталық және шеткі (перифериялық) бөлімдерден тұрады.
Симпатикалық жүйке жүйесінің орталықтары жұлынның І-көкірек омыртқасымен ІІІ-бел омыртқасының арасында орналасқан. Перифериялық бөлімі симпатикалық шекара бағанасы мен түйіндерінен, жүйкелер мен жүйке өрімдерінен тұрады.
Симпатикалық шекара бағанасы мойын, көкірек, бел және сегізкөз бөліктеріне бөлінеді.
Мойын бөлігі 3 түйіннен тұрады: жоғарғы, ортаңғы және төменгі. Ең жоғарғы түйінінен ми сауытының ішіне қан тамырлары мен көздің қарашығын қозғайтын еттерді жүйкелендіретін күре тамыры жүйкесі кетеді. Мойын бөлігінің түйіндерінің үшеуінен де жүрек жүйкелері тарайды.

Көкірек бөлігі 10-12 түйіннен тұрады. Бұл бөліктердің жүйкелері көкірек қуысындағы мүшелер мен қан тамырларды жүйкелендіреді, мұнда үлкен және кіші құрсақ жүйкелері басталады. Олар диафрагмадан құрсақ қуысына өтіп, құрсақ қуысындағы мүшелер мен қан тамырларды жүйкелендіреді.


Сегізкөз бөлігі 4-5 түйіннен тұрады. Олар жамбас қуысындағы мүшелер мен қан тамырларды жүйкелендіреді.
Парасимпатикалық бөлімнің орталығы сопақша мида, ми көпірінде және жұлынның сегізкөз бөлімінде орналасқан. Ми бөлімдерінен басталатын бұл бөлімнің жүйке талшықтары көзді қозғаушы, бет, тіл-жұтқыншақ және кезеген жүйкелердің құрамынан шығып өздері таралатын мүшелердің маңында немесе тікелей мүшелердің ішінде ганглиялар түзеді.
Вегетативтік жүйке жүйесінің екі бөлімінің мүшелерге әсер етуі көбіне бір-біріне қарама-қарсы өзгерістер арқылы байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет