Мектеп оқушыларының даму физиологиясы Дәріс Кіріспе



бет28/49
Дата23.04.2023
өлшемі158,33 Kb.
#85807
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   49
Байланысты:
Дәріс Физиология (4)

Ауыздағы асқорыту және оның жас ерекшеліктері. Жеген тамақ ауыз қуысынан бастап қорытылады. Сұйық тамақ бірден жұтылады, ал қою тамақ шайналып ұсақталады, сілекеймен араласып ас қоймалжыңына айналады. Асты шайнау ас қорытудың алғашқы кезеңі.
Тамақты шайнап, ұстау – ауыз қуысының негізгі қызметі. Ш айнауға қозғалмалы тістер, тіл және ұрт қатысады.
Нәрестеде тіс болмайды. 4-6 айда баланың сүт тістері шыға бастайды да 3 жаста 20 сүт тісі толық шығып бітеді. 5 жастан аса баланың сүт тістері біртіндеп түсіп, орнына тұрақты тістер шыға бастайды. Тұрақты тістердің саны – 32, 15-16 жаста - 28 тіс, ең соңғы 4 ақыл тіс 20- 25 жаста шығады, кей адамдарда одан да кеш шығуы мүмкін.
Ауыз қуысына үш жұп сілекей бездерінің өзектері ашылады: шықшыт, жақ асты, тіл асты. Бұлардан басқа ауыз қуысының кілегей қабатында ұсақ бездер болады. Олар муцинге бай сілекей бөліп шығарады. Муцин астың жұтқыншаққа, өңешке одан қарынға жылжуына ыңғайлы етеді. Ересек адамда тәулігіне 1-1,5 л сілекей бөлінеді. Бұл сілекейдің құрамында амилаза, лизоцим деген ферменттер болады. Амилаза крахмал мен гликогенді ыдыратады. Лизоцим аспен бірге енген микроорганизмдерді жояды. Бірақ ас ауыз қуысында ұзақ болмайды.
Сәби туғаннан бастап сілекей бездері жұмыс істейді, бірақ сілекейдің мөлшері өте аз болады. Мектепке дейінгі балалардың сілекейінің жалпы тәуліктік мөлшері 850-1000 мл шамасында болады.
Жұтқыншақ. Жұту кезінде арнайы тетіктер ас қоймалжыңының тыныс жолдарына бармай, өңешке өтуін қамтамасыз етеді. Жұтқыншақ пен өңеште ас қорытылмайды. Жұтқыншақтың өңешке кіре берісінде сфинктер болады. Сондықтан өңешке өткен ас кері шықпайды.
Өңеш. Өңеш ұзындығы 22-27 см шамасындағы ұзын түтік. Нәрестелердің өңешінің кілегей қабаты нәзік болады, сондықтан ірі ас түйіршіктері оңай жаралайды. Жаңа туған сәбидің өңешінің ұзындығы 10 см, 5 жаста – 16 см, 15 жаста – 19 см.
Қарындағы астың қорытылуы және оның жас ерекшеліктері. Қарынға түскен ас қоймалжыңына қарын сөлі әсер етіп, ас қорытыла бастайды. Қарын сөлінің құрамында 98% су, 0,3%-0,5% тұз қышқылы және әртүрлі тұздар мен органикалық заттар болады. Қарын сөлінің рН реакциясы – қышқыл. Сөл құрамында белокты ыдырататын пепсин, сүт казейнін ыдырататын химозин, майды қорытатын липаза ферменттері болады.
Пепсин рН реакция 1,5-2,5, яғни қышқыл ортада ғана белсенді қызмет атқарады. Қарында барлық белоктар қорытылады, сонымен бірге тұз қышқылының әсерінен тамақпен түскен бактериялар да қорытыла бастайды, яғни қарын сөлі қорғаныс қызметін де атқарады.
Қарын сөлінің құрамындағы липаза ұсақ молекулалы (жұмытрқаның сары уызындағы, ана сүтінің құрамындағы) майды ғана қорытады. Ол майды глицерин мен май қышқылына дейін ыдыратады.
Бұл ферменттің әсер етуі үшін тұз қышқылы астың құрамындағы майды ұсақ май тамшыларына ыдыратады. Қарында ас 3-4 сағаттан 10-11 сағатқа дейін болады.
Жаңа туған сәбидің қарны көлденеңдеу, ересек адамдарда тік орналасқан. Қарынның пішіні әртүрлі: 1,5 жасқа дейін дөңгелектеу, 2-3 жаста алмұрт тәрізді, 7 жаста ересек адамның қарнындай болады. Сиымдылығы да әртүрлі: жаңа туған сәбиде – 30-35 мл, 1жаста 300-350 мл, 10-12 жаста - 1,5 л, ересек адамдарда 1,5-2 л.
Ферменттердің мөлшері 1,5-3 жаста қарқынды арта бастайды, 12-14 жаста ересектердікіндей болады. Тұз қышқылының концентрациясы 6-7 жасқа дейін төмен болады, сондықтан балалар ішек жұқпалы ауруына тез шалдығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет