Мектеп оқушыларының даму физиологиясы Дәріс Кіріспе


Тірек-қимыл жүйесінің гигиенасы



бет27/49
Дата23.04.2023
өлшемі158,33 Kb.
#85807
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   49
Байланысты:
Дәріс Физиология (4)

Тірек-қимыл жүйесінің гигиенасы. Баланың жататын төсегі, тамақ ішкенде, сурет салғанда отыратын үстелі мен орындығы, еңбек мөлшері, киімі гигиеналық талап бойынша жасына сәйкес болуы керек. Баланы дұрыс отыруға, төсекте дұрыс жатуға дағдыландыру қажет. Үстелде дұрыс отыруға дағдыланса, арқа еттері күшейіп, омыртқа жотасының дұрыс өсуіне мүмкіндік туады. Физиологиялық және гигиеналық тұрғыдан қарағанда бала үстелде тік дұрыс отырса омыртқа сүйектері қисаймай, дұрыс өседі, бұлшық еттері шынығады.
Дәріс 10 Ас қорыту жүйесінің жас ерекшеліктері.


Ас қорыту жүйесінің құрылысы, маңызы. Тіршілік процестерінің негізі организмде үздіксіз жүріп отыратын және оның тіршілігіне қажет энергияның бөлінуіне әкеліп соғатын заттардың алмасуы.
Заттардың алмасуы үшін организм құрамында күрделі органикалық заттар - белок, май, көмірсу және минералды тұздар мен витаминдер, су бар қоректік заттарды үнемі қабылдап отыру керек.
Бірақ органикалық заттар ағзаға түскеннен кейін қорытылып, дененің ұлпаларын жасауға қажетті қарапайым заттарға бөлінеді. Астың қорытылуы деп олардың физикалық және химиялық процестерге ұшырап, мономер түрінде қан мен лимфаға сіңуін айтады. Органикалық заттардың ағзада ыдырауы (қорытылуы) ферменттер арқылы іске асады.
Асқорыту жүйесіне: асқорыту мүшелері мен асқорыту бездері жатады. Асқорыту мүшелері - ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, ас қазан, ащы ішек (үшке бөлінеді – ұлтабар немесе он екі елі ішек, аш және мықын ішек), тоқ ішек, ал асқорыту бездеріне үш жұп сілекей бездері, бауыр және қарын асты (немесе ұйқы) безі жатады. Асты қорыту «конвейер негізінде» жүреді: ас қорыту жолдарының әр бөлігінде жеген тамақтың біразы ғана қорытылады.
Асқорыту мүшелерінің қабырғасы 3 қабаттан тұрады: ішкі, ортаңғы, сыртқы. Ішкі қабаты - сілемейлі (шырышты), ортаңғы қабаты – бұлшық етті (бірыңғай салалы бұлшық етті), сыртқы қабаты – сірі қабат деп аталады. Бұлшық етті қабаты екі түрлі жиырылады: маятник тәрізді және перистальтикалық (бүлкілдеп). Маятник тәрізді жиырылғанда ас сөлмен араласады, ал перистальтикалық жиырылғанда ас асқорыту жүйесінің бір мүшесінен екіншісіне жылжиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет