Мектеп оқушыларының даму физиологиясы Дәріс Тақыры: Баланың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары Мектеп оқушыларының даму физиологиясы



бет35/48
Дата19.10.2023
өлшемі158,14 Kb.
#119186
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   48
Бүйректің құрылыс және қызметі. Бүйрек жұп мүше, бел омыртқаларының екі бүйірінде орналасқан. Оң жақтағы бүйрек сол жақ бүйректен сәл жоғары орналасқан. Әр бүйректің массасы 120- 150 г. Бүйрек екі қабаттан тұрады: сыртқы қызғылт қоңыр түсті қыртысты және ішкі ақшыл милы қабат. Бүйректің сырты дөңес, ішкі жиегі ойыстау болады. Осы ойыс жиегінен бүйрекке қантамырлары, нервтері және несеп ағар кіреді. Бүйректің ойыс жағында бүйрек түбегі болады, ол бүйрек тостағаншаларына жалғасады. Бүйректің тостағаншаға жалғасқан ұшында бүртіктері болады.
Бүйректің қыртысты қабаты нефрондардан, яғни бүйрек денешіктерінен тұрады. Бір бүйректегі нефрон саны 1-1,2 млн. Олардың әрқайсысының сырты Боумен капсуласымен қоршалған. Нефронның ішінде Мальпиги шумақтары (қантамырлар шумағы) бар. Капсуланың өзі екі қабаттан тұрады. Ішкі қабаты Мальпиги шумағын қоршап жатады, ал сыртқы қабаты капсула өзегіне айналады. Қыртыс қабатының бойындағы өзектер алғашқы иірім каналына айналады. Олар бүйректің милы қабатына еніп, иірімдері жазылып Генле иініне айналады да, қайтадан қыртыс қабатына өтіп, екінші деңгейлі иірім каналға айналып несеп жинағыш түтікке жалғасады. Екінші деңгейдегі нефрон иірімдері артерия тамырлар шумағымен жанасып, екеуі құрамындағы заттармен алмасады. Мұны юкстагломерулалық комплекс деп атайды.
Бүйрек ұлпасында ренин және эритропоэтин ферменттері өндіріледі. Ренин артерия қан қысымын және қантамырлардағы қанның мөлшерін реттеуге қатысады. Ал эритропоэтин эритроцитердің өндірілуіне әсер етеді.
Несептің түзілуі. Несеп нефронда түзіледі. Ол екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде алғашқы, екінші кезеңде соңғы несеп түзіледі. Нефрон капсуласындағы қантамырлардың қысымы жоғары болғандықтан сұйық бөлігі капсула ішіне сүзіледі. Мұның нәтижесінде алғашқы несеп түзіледі.
Екінші кезеңде алғашқы несептің құрамындағы су, глюкоза, амин қышқылдары, натрий, калий иондары т.б. организмге қажетті заттар қантамырына кері сүзіледі. Ал мочевина, несеп қышқылы, сульфаттар сияқты қажет емес заттар нағыз несептің құрамына кіреді. Соңғы несеп нефронның жинағыш жолдарымен ағып, бүйректің бүртіктеріне, одан тостағаншасына, одан бүйрек түбегіне, содан соң ұзындығы 30 см-дей несеп ағар арқылы қуыққа барады.
Тәулік бойы бүйректен 2000 л қан айналады, одан 150-180 л алғашқы несеп өндіріледі, бірақ соңғы несептің мөлшері 1,5 л ғана. Соңғы несеп сарғыш түсті сұйықтық. Меншікті салмағы 1,010-1,025, реакциясы сәл қышқылдау. Құрамының негізі – су (98-99%), қалған 1-2%-ы көптеген химиялық заттар.
Бүйректің құрылысы мен қызметінің жас ерекшеліктері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет