Адамның жасы
|
Май
|
К өмірсу
|
Барлығы
|
Оның ішінде өсімдік майы
|
6 ай – 1 жас
|
25
|
-
|
113
|
1 – 1,5 жас
|
48
|
-
|
160
|
1,5 – 2
|
53
|
5
|
192
|
3 – 4
|
63
|
8
|
233
|
5 – 6
|
72
|
11
|
252
|
7 – 10
|
80
|
15
|
324
|
11 – 13
|
96
|
18
|
382
|
14 – 17 жігіттер
|
106
|
20
|
422
|
14 – 17 қыздар
|
93
|
20
|
367
|
Су мен тұздардың алмасуы
Денедегі судың маңызы. Су адам тіршілігі үшін өте маңызды рөл атқарады. Тамақсыз тек сумен 60 күндей өмір сүруге болады, ал сусыз 8-10 күн ғана өмір сүруге болады. Бала ағзасында судың мөлшері жоғары болады – 75-80%, ал ересек адамда 65 %.
Физиологиялық тұрғыдан судың екі түрін айырады: ішкі және сыртқы. Ішкі суға дененің ұлпаларының құрамындағы су жатады. Ал сыртқы суға адамның ішетін шайы, сұйық тамағының құрамындағы түрлі сусындар жатады. 1 жастағы бала тәулігіне 800 мл, 2-4 ж – 950 мл, 5-6 ж – 1200 мл, 11-14 ж – 1500 мл, ал ересек адам тәулігіне 2,0-2,5 л сыртқы су қабылдауы тиіс.
Судың қызметі: ферменттердің қоректік заттарды ыдыратуына қатысады, қан мен лимфаға қоректік заттардың сіңуіне, газ алмасу және зат алмасуы қалдықтарын тазалап сыртқа шығаруға, дене жылуының тұрақтылығын сақтауға қатысады.
Несеп арқылы тәулігіне 1,2-1,5 л, тер арқылы 0,5-0,8 л, үлкен дәре арқылы 0,1-0, л, дем шығару арқылы 0,4 л су денеден шығарылады.
Тұздардың организмдегі маңызы мен мөлшері, жас ерекшеліктері. Организмнің қалыпты тіршілігі үшін тұздардың да маңызы үлкен. Организмдегі тұздардың проценттік қатынасына байланысты макро және микро элементтер деп екі топқа бөледі.
Макро және микроэлементтердің рөлі әртүрлі. Мысалы, кальций және фосфор сүйектің, ал фосфор мен күкірт мидағы белоктың құрамына кіреді. Натрий мен калий жүйке жүйесінің қозғыштық қабілетіне әсер етеді.
Микроэлементтер: йод – қалқанша безінің, темір – гемоглобиннің, фтор тіс ұлпасының, цинк – жыныс бездерінің құрамында, хром, марганец, бром – гипофизде, мыс - бауырда болады.
1 жасқа дейінгі балалар үшін кальций көп мөлшерде қажет. Кальций мен фосфор тұздарының ара қатынасы мектеп жасына дейінгі балаларда 1:1, 8-10 жаста 1:1,5, жасөспірімдер мен жоғары сынып оқушыларында 1:2. Мұндай арақатынаста қаңқа дұрыс өсіп жетіледі. Кальций мен фосфордың ара қатынасы сүттің құрамында өте жақсы теңестірілген, сондықтан балалардың тамақ мәзіріне сүтті міндетті түрде енгізу қажет.
Нәрестенің дене массасының 2,55%, ал ересек адамның 5% тұздар.
Қуаттың алмасуы мен негізгі зат алмасу
Ағзадағы зат алмасу қуат алмасумен тығыз байланысты. Ұ лпадағы белок, май, көмірсу оттегінің қатысуымен тотығып ыдырайды және осы заттар денеге бейімделіп қайта өндіріледі. Қоректік заттардың тотығуы нәтижесінде қуат бөлініп шығады. Белгілі бір қоректік заттың 1 г тотыққанда шығаратын қуаттың мөлшерін сол заттың калориялық коэфициенті деп атайды. Бұл мөлшер калориямен (кал), киликалориямен (ккал) немесе джоульмен (Дж), килоджоульмен (кДж) өлшенеді. 1кдж = 4,187 ккал. 1 г белок = 4,1 ккал (17,17 кДж), 1 г май = 9,3 ккал (38,39 кДж), 1 г көмірсу = 4,1 ккал (17,17 кДж).
Денеге сіңген жылулық эквиваленті әр түрлі болады. 1 л оттегі сіңген кезде шығатын жылуды
оттегінің калориялық эквиваленті деп атайды.
Қуат шығыны екі түрлі әдіспен анықталады: 1) денеден шыққан жылу қуатын тікелей калориметр деген аспаппен арнайы камерадағы температураның өзгеруі арқылы өлшеу – тікелей калориметр әдісі;
газ алмасуын (денеге сіңген оттегі немесе денеден шыққан көмірқышқыл газының мөлшерін) өлшеу арқылы – жанама калориметрия әдісі.
Тәуліктегі жұмсалатын қуат мөлшері адамның жасына, денсаулығына, тамағына және іс- қимылына байланысты. Жеңіл дене еңбегінде 2000-2300 ккал қуат жұмсалады, ал ауыр жұмыс кезінде бұл мөлшер 2-3 есе артады. Ми еңбегінде дене еңбегіне қарағанда қуат аз жұмсалады.
Адам тыныштық күйде болғанның өзінде белгілі мөлшерде қуат жұмсайды. Бұл жағдайда адам организміндегі ең төмен деңгейлі зат алмасуы мен қуаттың жұмсалуын негізгі зат алмасу дейді.
Негізгі зат алмасу деңгейін сыртқы ортаның температурасы 18-20º С, адам тыныш жатқанда, тамақтанғаннан кейін 12 сағаттан соң, аш қарында анықтайды. Әр адамның негізгі зат алмасуы салмағына, бойына, жасына, жынысына, денсаулығына байланысты әртүрлі болады.
Балалардың негізгі зат алмасуының мөлшері жыл маусымына да байланысты. Көктем мен жазда негізгі зат алмасу жоғары болады.
Витаминдер
Витаминдер (лат. вита - өмір + аминдер – құрамында азоты бар химиялық заттар) ағзамызға аз мөлшерде қажет, бірақ олар тіршілікке өте қажетті.
Егер ұзақ жеген тамақтың құрамында витаминдер болмаса – авитаминоз, мөлшері өте аз болса –
Достарыңызбен бөлісу: |