Мектеп оқушыларының даму физиологиясы Дәріс Тақыры: Баланың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары Мектеп оқушыларының даму физиологиясы


Дәріс 4. Жоғары жүйке қызметі және оның баланың өсіп-дамуы барысында қалыптасуы. 1 бөлім



бет6/48
Дата19.10.2023
өлшемі158,14 Kb.
#119186
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
Дәріс Физиология 23-2

Дәріс 4.
Жоғары жүйке қызметі және оның баланың өсіп-дамуы барысында қалыптасуы. 1 бөлім.


Жоғары жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады. Жоғары дәрежедегі қызметтер: ес, сана, ойлау, көңіл-күй, ұйқы, түс көру.
Адамның мінез-құлқы мен мидың арасындағы байланысты ең алғаш Платон, Гиппократ секілді алдыңғы қатарлы ғалымдар болжап айтқан болатын. Ал, психикалық әрекеттердің рефлекторлы табиғатын орыстың ғалымы физиолог И.М.Сеченов «Ми рефлекстері» (1863 ж.) деген еңбегінде ғылыми түрде түсінік берген. И.М.Сеченовтың бұл ілімін экспериментальды түрде дәлелдеген және дамытқан орыс ғалымы И.П.Павлов. Ол жоғары жүйке әрекетін шартты рефлекстер тудыру арқылы зерттеп, адам мен жануарлардың психологиясының заңдылықтарын алғаш рет түсіндірген.
Рефлекс және оның түрлері. Рефлекс деп сыртқы ортаның тітіркендіргіштерінің әсеріне жүйке жүйесінің қатысуымен берген жауабын айтады. Рефлекс кезінде қозудың жүретін жолын рефлекторлық доға деп атайды. Рефлекторлық доға бірнеше бөлімдерден тұрады:
Сезгіш бөлім. Мұнда орналасқан сезгіш рецепторлар тітіркендіргіштің әсерін қабылдауынан қозу туады.
Афференттік жол рецепторларда пайда болған қозуды орталық жүйке жүйесіне тасиды.
Жүйке орталығы. Орталық жүйке жүйесінде орналасқан, белгілі бір қызмет атқаруға бейімделген нейрондар тобы орталыққа келген қозуды талдап орталық жүйке жүйесінің жауабын тудырады.
Эфференттік жол орталық жүйке жүйесінде пайда болған жауап қозуды эффекторға (жұмысшы мүшеге) әкеледі.
Эффектор орталықтан келген қозуға байланысты қызмет атқарады.
Эффектордың рецепторлық құрылымы. Жұмысшы мүше қызмет атқарғанда ол мүшенің биохимиялық және электрлік өзгерістері пайда болады. Осы өзгерістерді мүшеде орналасқан рецепторлар қабылдап, мүшенің жағдайына байланысты оларда қозу пайда болады.
Эффектордың эфференттік жолы. Эффектордың рецепторында пайда болған қозуды сол мүшенің афференттік жүйке талшығы қайтадан орталық жүйке жүйесіне апарады. Мұндағы жүйке орталығы келген қозуды талдап, жұмысшы мүшенің қызметін тоқтатып немесе қажеттігіне қарай жалғастыратын жауап қозу пайда болады.
Рефлекторлық доғаның қозу жүретін жолдарын екіге бөледі: тура және кері байланыс жолы деп. Рефлекторлық доғадағы сезім мүшесінде пайда болған қозу орталыққа барып, одан жауап келген жол тура байланыс жолы деп аталады. Ал жұмысшы мүшенің сезгіш рецепторында пайда болған қозудың қайтадан орталыққа барған жолын кері байланыс жолы деп атайды.
И.П.Павлов барлық рефлекстерді шартты және шартсыз рефлекстер деп екіге бөлді. Шартты және шартсыз рефлекстердің айырмашылығы



Шартсыз рефлекс

Шартты рефлекс

1 Туа пайда болған

1. Жүре пайда болған

2. Тұқым қуалайды

2. Тұқым қуаламайды

3. Рефлекторлық доғасы жүйке жүйесінің төменгі дәрежедегі жұлын, сопақша ми секілді бөлімдері арқылы
Қалыптасады

3. Рефлекторлық доғасы ми сыңарларының қыртысында қалыптасады.

4. Ш артсыз рефлекс қалыптасу үшін қосымша жағдайлар
қажет емес

4. Қажет

Шартты рефлекстің пайда болуына қажетті жағдайлар:



  • әсер етуші шартты және шартсыз тітіркендіргіштер;

  • шартты тітіркендіргіштердің әсері шартсыз тітіркендіргіштердің әсерінен сәл бұрын басталып (15-20 сек), олар біраз уақыт әсер ету керек;

  • тітіркендіргіштер тұрақты ретпен әсер ету керек;

  • аталған жағдайлар ұзақ уақыт қайталану қажет;

  • -Ш артты тітіркендіргіштердің шартсыз тітіркендіргіштен әлсізде болуы;

  • ми қыртысының қызметі дұрыс болу керек.

Балаларда шартты рефлекстерді тудыру үшін 3 жасқа дейін шартты әсер ретінде баланың жақсы көретін тамағын немесе ойыншығын қолданады. Мысалы баланы жүргізіп үйреткенде кәмпит немесе ойыншықты көрсетіп шақырады да бала тәй-тәй басып келгенде бере қояды. Кейіннен кәмпитті алуға ұмтылған бала аяғын тезірек басуға ұмтылады.
Сөз әсеріне шартты рефлекс тудыру үшін 3 жасқа дейінгі балаларда негізінен 3 жағдайды сақтау керек. Сонда бала тез, уақытында сөйлеп үйренеді:
Үйретіп отырған сөздің мағынасына байланысты бейненің болуы. Мысалы, «әке» деген сөзді үйрету үшін «әке» деп айтып отырып, әкесін көрсету керек.
Сөзді айтушы болу керек және алғаш кезде ол тұрақты кісі, айталық шешесі болуы тиіс.
Бала сөздің мағынасына байланысты затты дұрыс көріп тұру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет