Орындау ережесі: 1 санынан 19-ға дейін мына шеңберлердің ішіне орналастыру қажет. Әр шеңбердің ішіне бір сан жазылады. Сандардың әр қайсысын бір рет қолдануға болады. Сан қайта қолданылса ол қате болып есептелінеді және жаттығу орындалмайды. Сандарды дұрыс орналастырғанда қарама-қарсы орналасқан үш шеңбер ішіндегілердің қосындысы 30-ға тең болуға тиіс. Бір санды ортадағы дөңгелек ішіне, ал қалған 18 санды шеңбер бойынша айналасында орналасқан дөңгелек ішіне жазып шығу керек.
Орындалуы: Жұптастырылған сөз тіркестерін мұқият тыңдап, әр сөздің екінші сөзбен қандай белгі бойынша жұптастырылғанын, олардың бір-бірімен байланысын түсініп еске сақтау қажет. Бірінші сөз тіркестері оқылады, екі секундтан соң әр жұптың бір сөзін ғана қайта оқу керек. Ал тестке қатысушылар сөз жұптарының екіншісін естеріне түсіріп, оны жауап парағына жазбаша түсіруі тиіс. Мысалы: жүргізуші “трактор” деген сөзді оқығанда қатысушылар оның жұбы “дала” деген сөзді жазады.