Дидактикалық қабілет - мұғалімнің оқушыға оқу материалын жеткізу- қабілеті, оқушының білім дәрежесін, іскерлігін, дағдысын дұрыс анықтай білу, өз пәніне қызығушылығын арттыру, таным белсенділігі мен ойын дамыту.
·Академиялық қабілет - мұғалім қабілетінің пән саласына (математика, физика, химия, биология, тарих, т.б.) сәйкестігі, өз пәнін ғылым дамуына сай біліп, өз бетімен қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізуі.
·Перцептивті қабілет – оқушының ішкі дүниесін, сабақ үстіндегі психикалық жағдайын тани білу.
·Сөйлеу (экспрессивті) қабілеті – тіл арқылы өз ойын, ішкі сезімін нақты, түсінікті етіп жеткізе білуі.
·Ұйымдастырушылық қабілеті – сабақты тыңдауға, білімді қабылдауға оқушыларды әзірлей білуі, ұжымды дұрыс басқарып ұйымдастыра білуі, оқу-тәрбие процесін дұрыс ұштастыру, оқушыларға бағыт беріп рухтандыру ісіне басшылық беру, ата-аналармен жқмыс істей білу, сынып ұжымын оқушыларға педагогикалық ықпалды құралға айналдыруы, мұғалімнің өз жұмысын ұйымдастыру білуі.
·Конструктивті қабілет – оқу және тәрбие міндеттерін шешудің тиімді жолдарын іздестіру, оқу және тәрбие жұмысының түрлері мен әдістерінің мазмұның анықтау, өз ісіне саналылық, жауапкершіліукпен қарап педагогикалық тапқырлық таныту.
·Қолданбалы қабілет – мұғалім өз мамандығына қатынасы жоқ спорт, көркемөнер, бейнелеу өнері, туындаларын білетіндігімен оқушыларды қызықтырып, оларға қатыстырып, баланы жан-жақты дамыту ісіне өз үлесін қосуы тиіс.