Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры В.М.Машина _2 Б____ класс оқушысы _____________________________________________._________________________
ата-анасы (заңды өкілі) _______________________________________________________________
(толық аты-жөні)
Екі жақты шартқа қол қоя отырып,төмендегі мәселе жөнінде келісімге келді.
Оқушының аты-жөні, туғаны жылы_________________________
Мектепке қабылданған күні,айы,жылы_________________________
1.Шарттың мәні Мектеп оқушысының жан-жақты тұлға ретінде дамуына және білім алуына жағдай жасау мақсатында, әрі мұғалімнің шығармашылық қызмет жасауы үшін бірлесіп әрекет қылу, ата-ана мен мектеп арасында келісім мен өзара сыйластық қажеттілігін түсіне отырып міндеттелінеді:
1.1.Жоғары және мектеп актілері, келісім шарт заңдылықтарын сақтай отырып, қызмет істеу;
1.2.Оқу тәсілдерін жетілдіру, тәрбие және өзара қарым-қатынасты дамыту ынтасын қолдау;
1.3.Педагогикалық қызметкерлер мен мектеп әкімшілігінің кәсіптік және қызметтік әрекетіне негізсіз араласпау шараларын құру;
1.4.Ұстаз,тәрбиеші және мектеп қызметшілеріне құрмет көрсету.
2.Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2.1.Мектеп міндеті -ҚР «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңының 45-бабының 4- тармағы мен 48- бабының 6-тармағын жүзеге асыру;
-оқу жоспарындағы «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнін бағдарламаға сәйкес жүргізуді және терроризм мен ланкестіктің алдын алу;
-ақыл-ой , танымдық эмоционалдық және бала денесінің физиологиялық өсуі, оқушының қабілетінің жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау;
-оқушылардың белгіленген тәртіп бойынша бірдей мектеп формасын (ер балалар көк түсті кастюм шалбар, ақ көйлек, қыз балалар көк юбка, жакет пен ақ кофта, бантик) сақтауын, шаш үлгісі мен оқушылық стилін сақтануын бақылау;
-ата-аналарға білім беру бағдарламасының жұмысымен танысуға мүмкіндік беру;
-оқушының ата-анасын, педагогтарды және оқушыны дербес тұлға ретінде танып, құрмет көрсету;
-қолайсыз жағдай түскен оқушыға әділдік қалпына келтіру әрекеттерін уақытылы қолдану міндеттеледі.