Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№93 бұйрығына
2-қосымша
Нысаны
Мектеп пен баланың заңды өкілдерінің арасындағы келісім шарт
Атырау қаласы «17»«қаңтар» 2022 жыл
ҚР Білім және ғылым министрінің 02.11.2018 № 611 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Білім беру ұйымдары «Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің «жалпы білім беретін №42 орта мектеп» КММ_
(білім беру ұйымының толық атауы)
мен баланың ата-анасы (заңды өкілі) арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеу мақсатында білім беру ұйымының директорының міндетін атқарушы У.А Ергалиевке бекітілген
(тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)
білім беру ұйымының ҚР Әділет министрлігінің 15 қаңтардағы 2021 жылғы №119/68-19/15 – М-М Жарлығы негізінде әрекет етеді._Бір жағынан және көрсетілген мекен жай бойынша тұратын: ________________________________________________________________________ ________ білім алушының _________________________________________________________ ________ (баланың тегi, аты, әкесiнiң аты туған күні, ЖСН)
ата-анасы (немесе заңды өкілі)______________________________________________ ________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда))
екінші жақтан, төмендегілер туралы ________________________________________ _____
осы шартты жасады.
1. Шарттың мәні
1. Осы шарт тараптардың құқықтарын мен міндеттерін белгілей отырып анықтайтын білім беру ұйымы мен ата-ана (заңды өкіл) арасындағы өзара қарым-қатынасты, сондай-ақ білім алушыны (тәрбиеленушіні) тәрбиелеу мен оқыту үшін өзара жауапкершілік тетеігін реттейді.
2. Орта білім беру ұйымының құқықтары және міндеттері
2. Орта білім беру ұйымы:
1) білім алушыдан, ата-анадан (заңды өкілдерден) білім беру ұйымының Жарғысын, білім беру ұйымының ішкі қағидаларын және оның қызметін регламенттей білім беру ұйымының актілерін сақтауын талап етуге;
2) білім беру ұйымдарының кітапханаларының ақпараттық ресурстарға, оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға еркін қолжетімділік мен қолдануды қамтамасыз етуге;
3) білім беру ұйымдарының басшылары бекіткен, актілерге көзделген тәртіппен және шарттарда оқу бағдарламаларының шеңберінде тапсырмаларды орындау үшін білім алушының компьютер техникасымен қолдануына мүмкіндік беруге;
4) білім алушының ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші негізінде мектептен мектепке ауыстыруға;
5) білім алушыларға қосымша білім беру (ақылы және / немесе тегін) қызметтерін ұсыну (үйірмелер, спорт клубтары) құқылы.
3. Орта білім беру ұйымы:
1) білім алушыны, ата-ананы (заңды өкілді) білім беру ұйымының Жарғысымен, білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензиямен, білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесімен және оның қызметін регламенттейтін актілермен таныстыруға;
2) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлеген "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білім алушыны білім, білік, дағдыларды алуды қамтамасыз етуге;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" Санитарлық қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің № 15681 мемлекеттік тізілімінде тіркелген) білім беру және тәрбие үдерісіне жүктелген санитарлық гигиеналық талаптарды сақтауға;
4) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 (Қазақстан Республикасы мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде № 13085 тіркелген) бұйрығымен бекітілген орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға сәйкес міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етуге (бұдан әрі - міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар);
5) оқу процесі және мектептен тыс, мектептік және сабақтан тыс іс-шаралар өткізу барысында мектеп аумағында білім алушылардың өмірі мен денсаулығына жауапты болуға;
ата-аналарының (немесе заңды өкілі) жазбаша түрдегі келісімімен білім алушыларға психологиялық диагностика, консультация және тренингтер (топтық, жеке) жүргізуге, ата-аналарға консультация беруге және тренингтер жүргізуге;
білім алушының жеке қасиеттерін ескере отырып, өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, адамгершілігін, физикалық және психологиялық денсаулығын нығайтуға;
6) білім алушының ата-анасына немесе заңды өкілдеріне құрметпен қарауға;
7) Шартты бұзған жағдайда білім алушыға түскен кездегі құжаттарын қайтарып беруге;
8) білім алушының, ата-анасының (заңды өкілінің) келісімінсіз және оқу процесіне залал келтірмей, білім алушыны тапсырмаларды орындауға тартуға жол бермеуге;
9) оқудың толық курсын сәтті аяқтағаннан кейін және қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін "Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10348 нөмірімен тіркелген) бекітілген тиісті нысан бойынша білім туралы құжатты беруге міндетті.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 15.04.2020 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Достарыңызбен бөлісу: |