3. Білім беру ұйымының ата-анасы (немесе заңды өкілінің) құқықтары және міндеттері 4. Ата-ана (заңды өкілі):
1) баланы тәрбиелеу мен оқытудың барлық бағыттары бойынша білім беру ұйымымен өзара қарым-қатынас жасауға;
2) Қазақстан Республикасықолданыстағы заңнамасында көзделген оқыту-тәрбиелеу үдерісін іске асыруға қатысуға
3) ата-аналар комитеті, қамқоршылық кеңесі, ата-аналар жиналыстарының шешімін орындауға;
4) ата-аналар комитеті арқылы білім ұйымының басқармасы органдарының жұмысына қатысуға;
5) өз балаларының үлгерімі, тәртібі және оқу жағдайына қатысты ақпаратты алуға;
6) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда өз балаларын оқыту және тәрбиелеу проблемалары бойынша консультативтік көмек алуға;
7) қосымша (ақылы және / немесе тегін) қызметтерді алуға (үйірмелер, спорт клубтары) құқылы.
5. Ата-ана (немесе заңды өкілі):
1) білім беру ұйымының Жарғысын және осы шарттың ережесін сақтауға;
2) ата-аналар жиналысына баруға, қажет болған жағдайда оқу-тәрбие үдерісі және нақты педагогикалық көмек көрсету бойынша жеке педагогикалық әңгімелесу үшін әкімшіліктің немесе педагогтердің шақыруы бойынша білім беру ұйымына баруға;
3) педагогтерге және қызметкерлерге өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауда, сондай-ақ білім беру ұйымдарының білім алушыларына құрмет қөрсетуге;
4) Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға сәйкес мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға;
5) сабақтарда баланың болмау себебі туралы білім беру ұйымын хабардар етуге;
6) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес білім беру ұйымына оқушының кінәсінен келтірілген материалдық залалды өтеуге;
7) мектеп аумағынан тыс (мектепке дейін және мектептен кейін) білім алушылардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілік алуға, құқығы мен еркіндігін қорғауға;
8) педагогтермен білім алушыны тәрбиелеу мен оқыту мәселелері бойынша байланыста болуға, кері байланысты жүзеге асыруға;
9) баланы, оның қызығушылықтарын ескере келе: әдептілікке, төзімділікке, академиялық адалдыққа және ұлтаралық келісімге; кибермәдениетке және кибергигиенаға тәрбиелеуге;
10) баланың қажеттіліктерін ескере отырып мобильді құрылғыларды қолдануды шектеу мүмкіндіктерін қарастыруға;
11) қашықтан оқыту арқылы оқытудың нұсқаулықтарын, бағдарламаларын іске асыру және орнату бойынша білім алушыға қолдау көрсетуге міндетті.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 15.04.2020 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 06.05.2021 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.