1 қызметі. Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны мен әдістемесімен таныстырады. Алғашқы ата-аналар жиналысында сынып жетекшісі өзі ата-аналармен танысады және өзінің педагогикалық ұстанымдарымен таныстырады, өзінің болашақта жүргізетін жұмыстарының бағдарламасымен, мақсат, міндеттерімен және тәрбие жұмысының жоспарымен таныстырады, өзекті мәселелерді бірігіп талқылайды.
Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне балалар мен олардың ата-анасының шығармашылығының күні, сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдатыруға көмек көрсету; шефтік көмек; ата-аналардың мектеп кеңесі жұмысына қатысу әрекеттері арқылы тартады.
2 қызметі. Ата –аналармен педагогикалық-психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру. Оны келесі әрекеттер арқылы іске асырады: тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата-аналарға арналған мектептік, сыныптық конференциялар ұйымдастыру; ата-аналар университеттері; дарынды балалар, қиын балалар, түрлі үйірмелерге қатысатын балалардың ата-аналары үшін; психологиялық, педагогикалық, медициналық, заң туралы кеңестер; тренингтер.
3 қызметі. Ата-аналарды балалармен бірлескен әрекетке тарту. Оның формалары:
a.) сынып жетекшісі ұйымдастырған сабақтан тыс барлық әрекетке қатысу (серуен, саяхат, жөндеу жұмыстары, сенбіліктер, турнирлер); b.) жалпы мектептік дәстүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды қатыстыру (түлек кеші, туристердің мектептік слеті, мектеп бітіру кеші, ардагерлермен кездесу т.б.) c.) республика және оның шегінен тыс алыс жорықтарға шығуды немесе дайындалуды ата-аналармен бірге жүргізу; d.) оқырмандар конференциясы; e.) отбасылық ойын байқаулары.
4 қызметі. Жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбиеге түзету жұмыстарын жүргізу.
Алдымен отбасы тәрбиесін жүргізу бойынша психологиялық, педагогикалық көмектер мен кеңестер беру. Көп көңілді отбасындағы жиі кикілжіңдер нәтижесінде психологиялық ахуалы ауыр және қиын бала өсіп келе жатқан отбасына көңіл бөлу керек.
5 қызметі. Ата-аналар белсенділері мен ата-аналардың қоғамды ұйымдарымен өзара әрекет ету.