Мектеп ресурстары эыдұ шолуы Анна Понс, Джереми Аморосо, Ян Херчински



Pdf көрінісі
бет13/28
Дата03.03.2017
өлшемі3,47 Mb.
#6396
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28

3.3-
кесте
 2011-
2012 оқу жылындағы азаматтық қызметкерлердің еңбекақысының
 
құрылымы
 
Лауазымда
р санаттары
 
 
(G-1 -
дан 
G-
14-
ке дейін)
 
Қызмет 
 
Негізгі
 
лауазым
дық 
еңбек 
ақы 

теңге
 
Коэффициенттер
 
Жұмыс өтілі
 
0-1 
7-9 
17-20 
20 
жылдан 
артық
 
G-1 
Азаматтық қызметкерлердің жоғары 
деңгейі 
 
17697 
4.29 
4.76 
5.10 
5.15 
G-4 
Мектеп директорлары
 
3.41 
3.77 
4.04 
4.08 
G-5 
Мектеп директорларының
 
орынбасарлары
 
3.17 
3.51 
3.76 
3.80 
G-7 
ЖОО

орта
 
білімнен
 
кейінгі
 
мекмелердің

ТжКБ
 
оқытушылары
 
2.80 
3.11 
3.33 
3.35 
G-9 
Жоғары
 
білімі
 
бар
 
мектеп
 
мұғалімдері
 
2.40 
2.63 
2.83 
2.88 
G-11 
Орта
 
немесе орта
 
білімнен
 
кейінгі

техникалық
 
және
 
кәсіптік
 
білімі
 
бар
 
мектеп
 
мұғалімдері
 
2.02 
2.21 
2.38 
2.42 
Дереккөз

АТО
  (2014), 
ЭЫДҰ
 
«Мектептерде
 
ресурстарды
 
пайдалану
 
тиімділігін
 
арттыру
 
саясаты

Қазақстан
 
бойынша
 
елдің
 
негізгі
 
баяндамасы»
 
шолуы,
 
Қазақстан
 
Республикасы
 
Білім
 
және
 
ғылым
 
министрлігінің
 
Ақпараттық
-
талдау
 
орталығы

Астана

www.
 
oecd.org/edu/school/schoolresourcesreview.htm
 
сайтында қол жетімді

Бұдан басқа, мұғалімдер біліктіліктерін арттырғаны үшін қосымша ақы алады.  Бұл қосымша 
білім алуға, лауазымдар құрылымының үш жоғарғы  санаттарына қол жеткізуге, кәсіптік дамудың 
бірқатар бағдарламаларын өтуді (атап айтсақ, НЗМ желісі әзірлеген жаңа буынның кәсіптік дамуы 
бағдарламалары) білдіреді. Қосымша төлемдер түрлері 3.4-кестеде сипатталған. 

85 
3.4-
кесте
 
Мұғалімдердің
 
қосымша
 
білімдері, қызметте
 
жоғарылаулары
 
және
 
кәсіптік
 
дамудың
 
бірқатар
 
бағдарламалары
 
үшін
 
қосымша
 
төлемдері
 
Қосымша
 
төлем
 
төлеу
 
үшін
 
негіз
 
Қосымша төлемдер 
 
Ғылыми дәрежесі
 
Ғылым
 
кандидаты 
 
Ең
 
төмен
 
еңбекақының
 1 
еселік
 
мөлшері
 
PhD 
Ең
 
төмен
 
еңбекақының
 2 
еселік
 
мөлшері
 
Лауазымдар санаттары  
 
G9 

 
Жоғары 
 
Лауазымдық еңбекақының 100% 
(коэффициенттер қолданғанға дейінгі)
 
G9 

 
Бірінші 
 
Негізгі
 
лауазымдық еңбекақының 50% 
 
G9 

 
Екінші 
 
Негізгі
 
лауазымдық еңбекақының 30% 
 
G11 

 
Жоғары 
 
Негізгі
 
лауазымдық еңбекақының 90% 
 
G11 

 
Бірінші 
 
Негізгі
 
лауазымдық еңбекақының 45% 
 
G11 

 
Екінші  
 
Негізгі
 
лауазымдық еңбекақының 30% 
 
НЗМ
 
желілерімен
 
әзірленген

бағдарламалар
 
бойынша
 
даму
 
НЗМ
 
оқуды
 
аттестаттау
: 3-
ші
 
деңгей
 
(
негізгі

Негізгі
 
лауазымдық
 
еңбекақының
 30% 
(
коэффициенттер
 
қолданғаннан
 
кейінгі

НЗМ
 
оқуды
 
аттестаттау
: 2-
ші
 
деңгей
 
(
негізгі

Негізгі
 
лауазымдық еңбек ақының 70% 
 
НЗМ оқуды аттестаттау: 1
-
ші деңгей 
(жоғары)
 
Негізгі
 
лауазымдық еңбек ақының 100% 
 
Дереккөз

АТО
  (2014), 
ЭЫДҰ
 
«Мектептерде
 
ресурстарды
 
пайдалану
 
тиімділігін
 
арттыру
 
саясаты

Қазақстан
 
бойынша
 
елдің
 
негізгі
 
баяндамасы»
 
шолуы

Қазақстан
 
Республикасы
 
Білім
 
және
 
ғылым
 
министрлігінің
 
Ақпараттық
-
талдау
 
орталығы

Астана

www.
 
oecd.org/edu/school/schoolresourcesreview.htm
 
сайтында қол жетімді

Жоғарыда сипатталып өткендей, мұғалімдер оқушылардың үй жұмыстарын тексеру, сыныпқа 
жетекшілік  ету,  зертханаға  жетекшілік  ету  және  пәндерді  тереңдетіп  оқыту  сияқты  қосымша 
қызметтері  үшін  қосымша  төлемдер  алады.  Мұғалімдер  сонымен  қатар  күрделі  жағдайларда 
жұмыс  істегендері  үшін  (мысалы,  ауылдық  жерлерде,  радиация  деңгейі  жоғары  аудандарда) 
өтемақы алады. 
Соңында,  мұғалімдер  «сәтті  оқытулары»  үшін  сыйақылар  алады.  Мұғалімдерге  арналған 
сыйақылар  жергілікті  білім  органдарының  (аудан,  қала  немесе  облыс)  қарастыруы  бойынша 
беріледі  және  оқушылардың  республикалық  және  халықаралық  олимпиадалардағы  немесе  ҰБТ 
бойынша  нәтижелерімен  байланысты.  Бұл  сыйақылар  аудандық,  қалалық  және  облыстық 
деңгейдегі «Үздік мұғалім» конкурстары шеңберінде жиі беріледі. 
Мектептердің басшы кадрлары 
2012-2013  оқу  жылында  Қазақстандағы  директорлар  саны  6 641,  ал  директорлардың 
орынбасарларының саны – 17 998 тең болды. Мектеп директорларының саны және түрлері мектеп 
көлемімен реттеледі және соған тәуелді. Мектептердің шамамен 45% директор және екі немесе үш 
орынбасарлары болған (3.2-суретті қараңыз).
11
 Төрт мектеп директорының шамамен үшеуі (4 875, 
73%)  ауылдық  жерде  орналасқан  мектепке  басшылық  етті  (АТО,  2014).  2012  жылы  мектеп 
                                                      
12
  Сарапшыларға  2012-2013  оқу  жылындағы  бір  мектептегі  орынбасарлар  саны  туралы  деректер  жинағы 
ұсынылды.  Деректер  жинағы  7 416  мектептер  бойынша  ұсынылды,  бірақ    846  мектеп  бойынша 
(шамамен 5%) деректер болған жоқ. Директор орынбасарларының жапы саны 17 998 құрады, яғни 
орташа  алғанда  әрбір  мектепте  1  директор  және  2,74  директор  орынбасарлары  болды.  Бірақ  бір 
мектепке  қатысты  директор  орынбасарларының  санындағы  айырмашылық  айтарлықтай  үлкен 
болды:  0  (952  мектеп),  1  (594  мектеп),  2  (2  086  мектеп),  3  (879  мектеп),  4  (761  мектеп),  5  (641 
мектеп), 6 (380 мектеп), 7 (175 мектеп), 8 (77 мектеп) және 9 (25 мектеп). Сарапшыларға деректер 
жинағы  дәлдігінің  шамамен  80%  құрайтыны  хабарланды.  Директор  орынбасарларының  саны, 
директорлық  директордың  орынбасары  лауазымы  ретінде  ресми  танылатын  шағын  мектептерде 
асыра  бағалануы,  немесе  директордың  орынбасарлары,  ресми  түрде  мектептердің 
директорларының  орынбасарларына  қатысты  болмаған  санаттарды  алған  мектептерде  жете 
бағаланбауы мүмкін (4-бөлімді қараңыз). 

86 
директорлары арасындағы әйелдердің үлесі (54%) әйел мұғалімдер үлесінен айтарлықтай аз болды 
(88%), яғни әйелдерде еркектерге қарағанда мектеп директоры болу мүмкіндігі алты есе аз болды.  
Мектептегі  басшылық  ететін  лауазымдарға  тек  мұғалімдер  бере  алады.  Басшылық  ететін 
лауазымды  атқару  үшін,    үміткерлердің  директордың  орынбасары  лауазымына  үш  жылдан  кем 
емес  еңбек  өтілі,  сондай-ақ  педагогикалық  білімі  болуы  тиіс.  Бұл    директордың  орынбасары 
лауазымы үшін өткен тәжірибе мен басқару саласындағы дайындық қажет емес екенін білдіреді. 
2012-2013  оқу  жылында  шамамен  90  пайыз  мектеп  басшылары  жоғары,  бірінші  немесе  екінші 
педагогикалық  санатқа  ие  болған,  яғни  олар  ең  тәжірибелі  мұғалімдер  санына  жатқызылған 
(анағұрлым  толық  ақпараты  бар  мұғалімдер  туралы  жоғары  бөлімдерден  қараңыз)  (АТО,  2014). 
Барлық директорлардың, кем дегенде жоғары білімі болған, ал олардың ішінен 2%-ында жоғары 
білімнен кейінгі білімі болған (АТО, 2014). 
Мектептердің  директорларын  қабылдау  және  жұмыстан  шығару  үшін  жергілікті  атқарушы 
органдар  жауап  береді.  Жұмысқа  қабылдау  2007  жылдан  бастап  конкурстық  ережелерге  сәйкес 
жүзеге  асырылады.  Бос  орындар  ашық  қолжетімділікте:  алынған  өтінімдерді  бағалау  және 
таңдалған  үміткерлермен  сұхбаттарды  өткізу  үшін  арнайы  құрылған  комиссия  жұмыс  істейді. 
Комиссия  жергілікті  білім  беру  органдары,  мұғалімдердің  бірлестіктері  (кәсіби,  оқу-әдістемелік, 
мектептік) және ата-аналардың мүдделерін қорғайтын бестен кем емес мүшеден тұрады. Комиссия 
үміткерді  тағайындайды,  бірақ  тағайындау  туралы  түпкілікті  шешім  білім  берудің  аудандық 
бөлімінің  жетекшісі  тарапынан  бекітуге  жатқызылады.  Осыған  қарағанда,  директорлар 
орынбасарлары анағұрлым тәжірибелі мұғалімдер ішінен тікелей директормен тағайындалады .  
Мектеп  директорларының  көбі  осы  қызметке  тағайындалғанға  дейін  тәжірибелі  мұғалім 
болған және әдетте, осы қызметте өзінің еңбек жолының аяғына дейін қалады. 2012  жылға дейін 
директорлардың жартысынан астамы ( 57%) басшылық қызметте 10 жылдан артық отырған, 26% - 
үш жылдан он жылға дейін, қалған 17% - 3 жылдан кем. Тәжірибелі директорлар үлесі 2013 жылы  
TALIS зерттеуіне қатысқан елдерге қарағанда анағұрлым жоғары, онда директорлардың 34% ғана 
10 жылдан аса тәжірибесі болған, 47%-үш жылдан он жылға дейін, 29% - үш жылдан кем (ЭЫДҰ , 
2014).  Қазақстандық  мектеп  директорларының  өз  қызметіндегі  үлкен  өтілі  директорлыққа 
тағайындау үшін ең төменгі кәсіби талаптарды қоса алғанда, олардың орташа жасы үлкен екенін 
көрсетеді. Директорлардың негізгі үлесіне зейнет алдындағы жасы кіреді (6 пайыз немесе зейнет 
жасынан  асып  кеткендері  (4  %  (АТО,  2014).    Мектеп  директорлары  контингентінің  қартаюы 
Алматы,  Ақмола,  Шығыс  Қазақстан,  Жамбыл,  Солтүстік  Қазақстан  және  Оңтүстік  Қазақстан 
облыстарын  қоса  алғанда,  көптеген  облыстарда  алаңдаушылық  тудырады.  Тұрақсыздық 
коэффициенті жоғары емес, 2012 жылы 183 директор ғана ауыстырылған (3%) (АТО, 2014). 
Мектептер  директорларында  –  азаматтық  қызметкерлер  мәртебесі.  Мектептің  басшы 
кадрларына арналған бөлек лауазымдық құрылым жоқ, бірақ  еңбекақының бірыңғай шкаласымен 
өз  лауазымдық  санаттары  бар.  Мектеп  директорлары  алдымен  бір  жылға  тағайындалады,  одан 
кейін    олармен  мерзімсіз  шарт  жасалады.  Жалақы  азаматтық  қызметкерлер  еңбекақыларының 
жалпы  шкаласына  сәйкес  анықталады  (3.3-кестені  қараңыз).  Мұғалімдер  еңбекақыларының 
есептеріне  ұқсас,  мектептердің  басшылық  ұжымының  негізгі  лауазымдық  айлығы  негізгі 
лауазымды еңбекақысын жұмыс өтіліне негізделген коэффициентке көбейту арқылы есептелінеді. 
Ең  жоғары  еңбекақысын  алу  мақсаттарында  олар  әдетте  сабақ  беруді  жалғастырады  немесе 
аптасына  9  сағатқа  дейін  жүктемесімен  мектептегі  қосымша  қызметтерді  орындайды  (мысалы, 
сынып  жетекшісі,  сыныптан  тыс  шараларды  өткізу,  оқудағы  ерекше  қажеттіліктерге  мұқтаж 
балалар үшін сабақ беру). Басшылық қызметкерлері сонымен бірге басқа мемлекеттік салалардағы 
мұғалімдер мен мамандар сияқты, ауылды мекенде жұмыс істей отырып, жәрдем мен тұрмыстық 
көмек  ала  алады.  Күрделі  мектептерде  жұмыс  жасау  үшін  жоғары  біліктілікті  басшылық 
кадрларын жұмылдыру, нәтижелер негізінде мадақтау мен жеке дамуға сыйақы беру үшін ынталар 
жүйесі  жоқ.  Осыған  қарамастан,  мектеп  директорларының  табыстарын  жалпы  қабылдау  жүйесі 
бар.  2012-2013  оқу  жылында  мектеп  директорларының  21%  Министрліктің  медальдарын  немесе 
үздік белгілерін алған (АТО, 2014). 

87 
Мекенжай саясаты және оқушылардың кейбір санаттарын қолдау  
Аз қамтамасыз етілген отбасылардан және тәуекел тобына жататын отбасылардан шыққан 
балалар  
Мектеп  директорларына  сәтсіз  оқушыларды  қолайлы  ортамен  қамтамасыз  етуге 
жауапкершілік  жүктеледі.  Мектептер  аудандардың  қосымша  қаржыландырылуын  жалпы 
бюджеттің  1%-дан  кем  емесін  құрайтын  Жалпыға  ортақ  міндетті  білім  қорынан  алады  және  аз 
қамтамасыз  етілген  отбасылардан  және  тәуекел  тобына  жататын  отбасылардан  шыққан 
оқушыларға  қолдау  көрсету  үшін  көзделген.  Бұл  қаржыландыруды  нақты  түрде  қолдау  көрсету 
(мысалы,  киім,  аяқ  киім,  оқулықтар,  оқу  құралдары,  мектептегі  тамақтандыру,  жазғы  лагерьлер, 
мәдени немесе спорттық шараларға қатысу) немесе қаржылық көмек түрінде пайдалануға болады. 
Оқушылар немесе олардың ата-аналары мектеп директорларына осы ресурстарды алу үшін өтінім 
жазуы тиіс.  
Мектептегі  тамақтандыру  сәтсіз  деп  танылатын  оқушылар  үшін  тегін  ұсынылады.  Сәтсіз 
оқушылардың  келесі  санаттары  анықталған:  мемлекеттік  мекенжайлық  әлеуметтік  көмек  алуға 
құқықтары  бар  отбасылардан  шыққан  балалалар;  өмір  сүрудің  ең  төмен  деңгейінен  төмен 
табыстың  орташа  деңгейімен  отбасылардан  шыққан  балалар;  жетімдер  мен  ата-аналар 
қамқорлығынсыз  қалған  балалар  және  төтенше  жағдайларға  байланысты  жедел  көмекке  мұқтаж 
отбасылардан  шыққан  балалар.  Мектептер  сонымен  қатар  сәтсіз  оқушылардың  қосымша 
санаттарын  да  анықтауы  мүмкін.  Мекенжайлық  бағдарламалар,  әдетте,  ресурстар  мұқтаждықты 
ескермей  барлық  халық  арасында  бөлінетін  бағдарламаларға  қарағанда,  тиімдірек  және  мұндай 
бағдарламалар Қазақстанда қолданылады. Алайда, мектеп ішінде балаларды мекенжайлық қолдау 
алушылардың  стигматизациясына  әкелуі  мүмкін,  және,  мысалы,  тек  аз  қамтамасыз  етілген 
отбасылардан  шыққан  балалар  үшін  тегін  тамақтануды  ұсыну  сәтсіз  оқушыларды  баршаға 
көрінерліктей  анықтаудың  ең  айқын  әдістерінің  бірі  болып  табылады  (Банди  және  басқалары, 
2009). Тегін тамақтандыру бүкіл Қазақстан бойынша сәтсіз оқушыларға ұсынылған уақытта, бес 
өңір  пен  Алматы  қаласында  тегін  тамақтандыруды  барлық  оқушыларға  ұсыну  туралы  шешім 
қабылданды.  
Қазақстанда жетімдер олардың сәтсіз жағдайының орнын толтыру үшін ерекше шарттармен 
қамтамасыз етілуі тиіс айрықша қажеттіліктері бар балалар санаттарына жатады (ЭЫДҰ, 2014b). 
2012 жылы мектептердегі жетім балалар саны 18 017 құрады, соның ішінде 9 659 – қалаларда және 
8 358  –  ауылды  мекенде.  Жергілікті  атқарушы  органдар  жетімдер  немесе  ата-аналар 
қамқорлығысыз  қалған  балаларды  асырауға  қамқоршыларға  ай  сайынғы  жәрдемақы  бөледі. 
Жетімдер жоғарыда  аталған  бағдарламалар  шегіндегі  көмекке құқылы.  Сонымен  қатар жетімдер 
мен ата-аналар қамқорлығысыз қалған балаларға арналған мамандырылған мектептер мен мектеп-
интернаттар  бар.  Мектеп-интернаттар  бюджет  пен  қайырымдылық  есебінен  қаржыландырылады 
және  балаларды  тұру  үшін  жағдайлармен,  киіммен,  аяқ  киіммен,  жабдықпен,  тамақтандырумен, 
оқулықтармен және медициналық қызметтермен қамтамасыз етеді (АТО, 2014). 
Мектепке бармайтын балалар 
Қазақстан  соңғы  жылдары  көп  күш  салған  бағыт  –  «Мектепке  жол»  және  «Қамқорлық» 
бағдарламалары  шегінде  мектептерде  кейін  қалулардың  алдын-алу  және  мектепке  бармайтын 
балалар  санын  қысқарту.    Қазақстандық  статистикаға  сәйкес,  540  бала  2013  жылы  мектепке 
бармайтын  бала  ретінде  белгіленді,  олардың  ішінде  76-сы  себепсіз  10  және  одан  да  көп  рет 
сабаққа  қатыспаған.  «Мектепке  жол»  бағдарламасы  шегінде  әр  оқу  жылының  тамыз  айында 
мектепке есепке тұру маңыздылығы туралы хабардар болуды жоғарылату үшін сала аралық топтар 
қалыптастырылады  және  әлеуметтік  сәтсіз  санаттардан  оқушыларға  материалды  көмек 
көрсетіледі. 2013 жылы мектепке бармайтын шамамен 300 000 балаға 2 миллирд теңге сомасына 
көмек көрсетілді (АТО, 2014). Оқу жылының шамамен ортасында, қаңтар айында, «Қамқорлық» 
бағдарламасы шегінде мұғалімдер мектепке бармайтын немесе себепсіз 10 күннен артық мектепке 
қатыспаған  балаларды  анықтау  үшін  және  балаларды  қайтадан  мектепке  оралуға  отбасыларға 
көмек көрсету үшін өз мектептерінің шағын аударында үй шаруашылықтарының санағын өткізеді. 
2013  жылы  «Қамқорлық»  бағдарламасы  шегінде  158 000  сәтсіз  оқушыларға  материалдық  көмек 

88 
көрсетілді (мысалы, киім үлгісін, қарындаштар, қалам, дәптер, портфельдер беру). Республикалық 
бюджет  пен  халықаралық  қайырымдылық  ұйымдары  сәтсіз  оқушылар  үшін  білім  беру 
мүмкіндіктерін  жоғарылату  бойынша  мекенжайлық  бағдарламаларды  қолдайды.  ЮНИСЕФ 
Қазақстанда мектепке бармайтын балалар туралы жақын арадағы баяндамасы мектепке бармайтын 
немесе  бармау  тәуекелі  бар  балалар  туралы  ешбір  сандық  және  талдау  ақпаратының  жоқ  екенін 
және  мұндай  оқушыларды  анықтау  және  қолдауың  қолданыстағы  стратгияларының  шектеулерін 
көрсетеді (қосымша ақпарат Антонович, 2013). 
Дарынды оқушылар  
Дарынды  балаларға  арналған  білім  қызметтерінің  тез  өсетін  жүйесі  бар.  2012  жылы  3  966 
мектеп  2011  жылы  1 958  мектептермен  және  оқушылардың  5%-ымен  салыстырғанда,  815  177 
оқушылар  үшін  тереңдетіп  оқытуды  ұсынды  (АТО,  2014),  алайда  мектептер  мен  оқушылардың 
жалпы  санын  анықтау  –  жеңіл  тапсырма  емес,  себебі  терминология  стандартталмаған. 
Президентпен  және  оның  Әкімшілігімен  құрылып,  мұқият  бақыланатын  Назарбаев  зияткерлік 
мектептері (НЗМ), дарынды балалар үшін мектептер желісі – ең беделділердің бірі (3.2-ендірмені 
қараңыз).  Дарынды  балаларға  бейімделген  басқа  мемлекеттік  мектептер  гимназияларды, 
лицейлерді,  сонымен  бірге  мамандырылған  мектептерді  қамтиды.  Бұл  мектептер  әдетте 
оқушыларды  қабылдауға,  ұжымды,  басқарудың  нақты  механизмдерін,  қаржыландыру 
механизмдерін  таңдауға    қатысты  және  білім  саясатында  ерекше  қатынаспен  дербестіктің  ең 
жоғары дәрежесіне  ие.    Осы  мектептерге баратын  оқушылар  тереңдетілген  бағдарлама бойынша 
оқытылады  және  мамандықтың  бір  немесе  бірнеше  пәндері  (мысалы,  математика,  физика, 
биология,  қоғамдық  ғылымдар)  бойынша  тереңдетіп  оқытылу  үшін  көбірек  мүмкіндіктерге  ие 
болады. 
3.2-
ендірме Назарбаев Зияткерлік мектептері
 
Президенттің  басшылығымен  қамқоршылық  кеңеске  бағынысты  автономды  мектептер  болып 
табылатын  Назарбаев  Зияткерлік  мектептері  (НЗМ),  Білім  және  ғылым  министрлігіне  жатқызылатын 
мектептермен салыстыру үшін қызықты мысал болып табылады. НЗМ ғылым,  технологиялар, инжиниринг 
және математиканың саласында оқыту мен сабақ беруді арттыру бойынша зертханалардың рөлін орындау 
үшін  2008  жылы  негізі  қаланды    және  Назарбаев  Университеті  үшін  «жабдықтаушы
-
мектептер»  болып 
табылады.  2013  жылға  қарағанда  9700  оқушы  Астана  (2),  Ақтөбе,  Қарағанды,  Көкшетау,  Қызылорда, 
Павлодар,  Шымкент  (2),  Тараз,  Өскемен  және  Орал  қалаларындағы  14  жұмыс  істейтін  мектепте  оқыды. 
НЗМ интернатта тұра отырып ауылды жерлерден 1
 
108 оқушы оқиды. 
 
НЗМ  қабылдау  конкурстық  емтихан  арқылы  негізделген.  2013  жылы  іріктеу  процесі  математика, 
тілдер  (қазақ,  орыс  және  ағылшын),  математика  мен  ғылымдарды  оқу  қабілеті  (сандық  пайымдау  мен 
кеңестікті  ойлау)  бойынша  тестілеуді  қосты.  НЗМ  ға  конкурс  үлкен,  әсіресе  қазақ  тілді  ооқыту 
сыныптарындағы  орынға  келетін  оқушылар  үшін.    2013    жылы    7  689    адам  884    орынға  қазақ  тілінде 
оқитын  7  сыныпта  өтініш  берген  және  2  864  оқушы  –
   
884  орынға  орыс  тілді  оқытуға,  яғни  қазақ  тілді 
сыныптарға келу коэффициенті (12%)  орыс тілді сыныптарға қарағанда анағұрлым төменірек (31%) (НЗМ 
жылдық  есебі,  2013).  Барлық  өтініш  иелерінің  50  пайыздан  кемі  еңбектеріне  қарай  шәкіртақы  алу  үшін 
талаптарды қанағаттандырды.
 
НЗМ  оқу  ресурстары  ЭЫДҰ  елдерімен  салыстырылады     

жаңа  нысандар  мен  үлкен  кітапханалар 
(мысалы,  181  кітап  Астананың  НЗМ  бір  оқушысына  келеді),  шағын  телестудия  (8  НЗМ),  «интерактивті 
едендер»  (6  НЗМ),  жаңа  мектептердегі  жылдамдықты  интернет,  интерактивті  тақталар,  жабдықталған 
ғылыми  зертханалар  сияқты  технологиялыр  кеңінен  қолданылады.  НЗМ  оқу  бағдарламасы  халықаралық 
серіктестермен  ынтымақтастықта  әзірленген.  НЗМ  мұғалімдері  конкурстық  іріктеу  негізінде  қабылданады, 
және олардың ішінен шамамен 15 пайызы магистр немесе ғылымдар саласында PhDs  дәрежесіне ие; 17% 

шетелдік  мұғалімдер.    Штатты  мұғалімдердің  бастапқы  еңбек  ақылары  120
 
000  теңгеден  (656  АҚШ 
доллары) жергілікті мұғалімдер үшін және шетел мұғалімдері үшін 4000
-
5000 мың АҚШ долларын құрайды. 
Оқушылар мен мұғалімдердің қатынасы орташа есеппен барлық НЗМ бойынша 6,4 тең. 
 
Дереккөз
НЗМ 
(2013), 
«Назарбаев 
зияткерлік 
мектептері»
 
ДБҰ 
жылдық 
есебі

2013, 
http://nis.edu.kz/en/about/reports/?id=2817. 

89 
Мүмкіндігі шектеулі оқушылар   
Қазақстанда  қажеттіліктері  айрықша  және  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  бөлек 
«коррекциялық»  мектептерде,  кәдімгі  мектептерде  бөлек  сыныптарда  немесе  үйде    білім 
беріледі.2012 жылы 106 коррекциялық мектептер 15 261 оқушыға қызмет көрсететін; 388 кәдімгі 
мектептерде жалпы алғанда 1 219 арнаулы сыныптар болатын, оларда 8 825 оқушы білім алатын; 
жеке бағдарламамен үйінде оқытылатын 7 923 оқушының белгісіз үлес салмағы, немесе отбасында 
білім  алатын  156  мүмкіндігі  шектеулі  балалар  болатын  (АТО,  2014).  Арнайы  сыныптарда 
оқытылатын  оқушылардың  шамамен  90%    дамуда  кешеуілдеуі  бар,  тек  мүмкіндігі  шектеулі 
балалар санатына жатпайтындар болып табылады (АТО, 2014).  
Соңғы  жылдары  Қазақстан  қажеттіліктері  айрықша  және  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға 
кәдімгі мектептерде инклюзивті білім беруге қатысты кейбір шараларды қолға алды. Мүмкіндігі 
шектеулі  балалар  егер  олардың  ата-анасы  сондай  шешімге  келсе,  кәдімгі  мектептерге  баруға 
құқылы,  және  осындай  балаларға  бағытталған  мектептердің  нысандарының  үлес  салмағы  2010 
жылы  10%, 2013 жылы 23% көбейді. 2020 жылы мемлекет: 70% мектеп инклюзивті білім беретін,  
20%  кедергісіз  енгізетін,  және  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  50%  кәдімгі  мектептерде  білім 
алатындай жағдайға жетуді жоспарлап отыр. (ҚР БҒМ, 2010). Түрлі топтарға қолдау көрсету және 
жағдайын  жақсартуға  (мысалы,логопед  көмегіне  зәру  балалар)  және  арнаулы  білім  беру 
бағдарламасын,  құлағы  нашар  еститін  балаларға  арналған  оқулықтар  мен  оқу-әдістемелік 
құралдарды жаңартуға мән берілмек (АТО, 2014).  
Физикалық ресурстар  
Мектептердің инфрақұрылымы   
Көптеген  мектептік  нысандар  Кеңестер  Одағы  кезінде  құрылған.  Мектептердің  физикалық 
инфрақұрылымын қаржыландырудың орта-немесе ұзақ мерзімді келісілген стратегиясы жоқ, және 
жалпы капиталдық шығындары  2011 жылы орта білім берудің жалпы бюджетінің тек  2,5% ғана 
құраған (3.1-суретті қара).  Соңғы жылдары мектептердің құрылысы мен жаңғыртуын қажет ететін 
аудандарға  баса  мән  беріліп  келеді.  Қазақстан  Президентінің  2007  жылғы  «100  мектеп,  100 
аурухана» бағдарламасы шеңберінде 106 жаңа мектеп салынып, еліміз бойынша 86 000 қосымша 
оқу  орнын  қамтамасыз  етті.  Республикалық  бюджеттен  дамуға  бөлінген  тікелей  трансферттер 
арқылы қаржыландырылған бағдарламаның мақсатына үш бағыт енді: (i) үш ауысымдық оқытуды 
қолдануды  азайту;  (ii)  құлағалы  тұрған  мектептердің  санын  азайту;  (iii)  мектептердегі  оқушы 
орнының  жетіспеушілігін  азайту  (АТО,  2014).  Соның  нәтижесінде,  үш  ауысыммен  оқытылатын 
мектептердегі оқушылардың саны 2007 мен 2011 жылдардың аралығында екі есеге азайды.     
Техникалық  қамсыздандыруға  толық  инвестиция  салмаудың  сақталуы  және  мектептерді 
жаңғырту  жетілдіруді  қажет  ететін  ғимараттардың  санын  көбейтті.  2012-2013  оқу  жылында 
күрделі  жөндеуді  қажет  ететін  мектептердің  саны  1  461  (20%)  құрады,  ал  189  (2,6%)  апатты 
жағдайда  деп  танылды.  (3.1-кестені  қараңыз)  (АТО,  2014).  Ауылдық  жерлерде  жедел  жөндеуді 
қажет ететін ғимаратта орналасқан мектептердің саны алты есе көп. Мектептердің үштен бір бөлігі 
апатты  жағдайда  деп  танылғандары  бар-жоғы  төрт  аймақта  шоғырланған:  Оңтүстік  Қазақстан, 
Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында. Еліміздегі мектептердің жартысының 
барлығында  дәретхана  далада  орналасқан;    осы  мектептердің  барлығы  ауылдық  жерлерде 
орналасқан.  Ашығын  айтқанда,  қажетінше  жабдықталған  (37%)  ауыл  мектептерінің  саны 
жабдықталмағандықтарынан екі есе көп (63%).  
Технологиялар, зертханалар мен оқу материалдары  
Қазақстанда  мектептердің  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялармен  (АКТ)  және 
мектептердің  Ғаламтор  желісіне  қосылуына  баса  мән  беріледі.  2010  жылы  жарияланған 
электронды  оқыту  бағдарламасы  шеңберінде  мектептердің  бірнеше  тобы  компьютерлік 
қондырғымен және бағдарламамен, мультимедиямен, интерактивті ақылды тақталармен қамтылды 
және  мұғалімдер  де  соған  сәйкес  оқытылды.    2013  жылды  алып  қарағанда  мектептердің  99% 
Ғаламторға қосылған, оның  75% соның өзінде кең көлемде қолжетімді болды  (ауылдық жерлерде 
соның өзінде – тек 52%).Жалпы алғанда мектептерде 246 000 компьютер (13 оқушыға біреуден),  

90 
орнатылды,  бірақ  оның  әрбір  бесіншісі  ескірген  және  жаңартуды  қажет  етеді.  Дегенмен 
электронды  оқыту  бағдарламасы  елімізде  кең  көлемде  қолданыс  тапқанымен,  мектептердің  тек  
16%  және  ТжКБ  мекемелерінде  ғана  жүзеге  асырылған.  Оның  жүзеге  асырылуының  созылуы, 
қамтылудың  аймақтық  ерекшелігіне  әкелді,  тіпті  көршілес  аймақтарда.  Мысалы,  2013  жылы 
қамтылу  Астанада  58%  құраған  кезде,  көрші  Ақмола  облысында  қамтылу  елімізде  ең  төмен 
дәрежеде- тек 6% ғана құрады (ҰБСБО, 2014).  
Мектептерде  сондай-ақ  ғылыми  зертханалармен  жарақтану  үнемі  жақсарып  отырады.  2012-
2013  оқу  жылында  мектептердің  50%  заманауи  физика  зертханалармен,  40%  -  биология 
зертханаларымен,  30%  -  химиялық  зертханалармен  жарақтанды  (АТО,  2014).  Жаңа  қондырғы 
алған мектептердің шамамен екіден үш бөлігі ауылдық жерлерде орналасқан. Білімді дамытудың 
мемлекеттік  бағдарламасы  (БДМБ)  аясында  2020  жылға  қарай  мектептердің    80%  заманауи 
зертханалармен қамту көзделген.  
Оқушылардың  барлығына  оқулықтар  тегін  таратылады  және  оның  қамтылу  коэффициенті 
жалпыоқыту  болып  табылады.  Білім  туралы  заңға  сәйкес(  6-бап)    аудан  мен  қала  деңгейіндегі  
ЖАО  олардың  мемлекеттік  білім  ұйымдарына  тіркелуіне  орай  оқулықтар  тізіміне  сай  барлық 
оқушылардың оқулықпен қамтуға міндетті саналады. Қазақстан Республикасындағы білім беруді 
дамыту  мемлекеттік  бағдарламасында  2015  жылға  қарай  оқулықтармен  толық  көлемде 
жалпыұлттық қамту көзделген.  2013 жылы Қазақстан оқушыларының 98% оқулықпен қамтылды. 
Көптеген  аймақтарда  ол  толық  көлемде  жүзеге  асты,  ал  кей  аймақтар  әлі  де  артта  келеді 
(Солтүстік -Қазақстан облысы елімізде ең соңғы орында– бар-жоғы 90%). Алайда сарапшылардың 
бір  тобы  кей  мектептерде  ата-аналардың  кітаптарды  өз  қаржысына  сатып  алатынын  байқаған. 
Алайда,  есеп  бойынша,  аймақтар  тегін  оқулықтармен  100%  қамтылуы  тиіс  болатын.  2008 жылы 
оқулықтарды,  оқу-әдістемелік  материалдар  мен  құралдарды  тексеру  және  басудың  тәртібі 
енгізілген  болатын,  және  мыңнан  астам  оқулықтар  жаңа  стандарттарға  сай  емес  деп  танылды 
(Сингх,  2012).  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет