3. A1 ҚОСЫМШАСЫ
ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ
КОМПОНЕНТІ
Мектептерді қаржыландырудың жаңа моделі бюджеттің екі бөлікке бөлінуін қарастырады:
орталық атқарушы органдардың гранттарының есебінен қаржыландырылатын білім беру процесі,
және аудандар мен облыстардың табыстары есебінен қаржыландырылатын білім беру ортасы.
Басқа ерекшелігі білім беру ортасындағы мктептердің нақты қажеттіліктеріне емес, білім беру
процесінің компонентіндегі оқушылар саны негізінде бөлуде. 3.А.1.1-кесте әрбір компонентпен
өтелетін шығындардың типі бойынша қосымша бөлшектерді көрсетеді. Күрделі шығындар
қаржыландырудың жаңа моделіне енгізілмеген және басқа стратегиялар мен ережелерге сәйкес
республикалық және жергілікті бюджеттер арқылы қаржыландырылады.
3.A1.1-
кесте Қаржыландырудың жаңа моделінің компоненттері
Білім беру процесі
Білім ортасы
Биліктің
жауапты
деңгейі
Үкімет
Жергілікті атқарушы органдар
Есептік негіз
Оқушылар саны
Нақты қажеттіліктер
Шығыстар
түрі
Қызметкерлердің жалақысы
;
Қызметкерлердің әлеуметтік
төлемдері
;
Сауықтыру төлемдері
;
Оқыту
шығындары
(
қосымша
оқулықтар
,
оқу
құралдарының
жинағы
,
оқу
материалдары
және
көрнекі
құралдар
);
Көтермелеу
компоненті
.
Коммуналық және
коммуникациялық
қызметтер
,
Ғимарат пен жабдықты ұстау және
ағымдағы жөндеу бойынша
қызметтер
,
Көлік қызметтері және оқушыларды
тамақтандыру және басқа да қолдау,
тасымалдау, қаржылық қызметтер
және талап етілетін басқа да
шығындар талап етілетін шығындар
.
Мектеп интернатында оқушыларға
қамқорлық беру
;
Оқу қоры
;
Басқа
қызметер
(
қаржылық
қызметтер
,
салықтар
және
бюджетке
басқа
да
міндетті
төлемдер
).
Дереккөз
:
Авторлар
Қазақстан
Республикасы
негізінде
(2013),
ҚР
Білім
және
ғылым
министрлігінің
2013
жылғы
30
қазандағы
№ 440 бұйрығы
:
Орта
білімді
жан
басылық
нормативтік
қаржыландыру
әдістемесі
,
Қазақстан
Республикасы
,
Астана
.
Білім беру процесінің компонентіндегі факторлар
Білім беру процесі компонентінің формуласы мұғалімнің оқушы бойынша толық жұмысының
балама санын анықтау үшін мектептердің тек бірнеше негізгі сипаттамасын ғана ескереді.
Формула мыналарды ескереді (3А.1.2-кестені қараңыз):
Білім беру деңгейі: мектепке дейінгі білім беру, бастауыш сыныптар, орта мектеп оқу
жүктемесін ерекшелендіру үшін көзделеді.
Сыныптың нормативтік мөлшері: қала мектептерінде - 24 және ауылды жерлерде – 20
оқушы.
Оқыту нысаны: мектепте немесе үйде, оқыту уақытындағы айырмашылықты көрсетеді.
125
Апталық сабақтардың орташа санын апталық педагогикалық жүктеме мөлшеріне және
сыныптың нормативтік мөлшеріне бөлген кезде біз әрбір оқушылар тобындағы бір оқушы үшін
қарастырылатын мұғалімдердің толық штаттық бірліктерінің эквиваленттерінің санын көрсететін
коэффициентке қол жеткіземіз (FTE, немесе орысша нұсқасы бойынша «мөлшерлеме»). Мектепке
дейінгі
мекемелер
бойынша
коэффициенттер
мектептер
бойынша
қарастырылатын
коэффициенттерден аз, бұл ең алдымен, мектепке дейінгі мекемелердің мұғалімдерінің
педагогикалық жүктемелерінің айтарлықтай мөлшерде жоғары болуымен байланысты. Бұған қоса,
ауылдық жерлердегі мектептер бойынша қарастырылатын коэффициент қала мектептерінікімен
салыстырғанда жоғары, бұл сыныптардың нормативтік мөлшерлерінің аздығын көрсетеді.
126
3.A1.2-
кесте
Мұғалімдердің толық жұмыспен қамтылуының баламасын есптеудегі факторлар
Білім беру
деңгейі
Апталық
педагиогикалық
жүктеме
Аптасына берілетін
сабақтардың орташа саны
Бір оқушыға шаққандағы
мұғалімдердің FTE
Мектептер
Үйде оқыту
Ауыл
мектептері
Қала
мектептері
Мектепке дейінгі
білім беру
24
22
0,0458
0,0382
Бастауыш
сыныптар
18
34
8
0,0944
0,0787
Орта мектептің
кішкентай
сыныптары
18
44
10
0,1222
0,1019
Орта
мектептердің
жоғарғы
сыныптары
18
46
12
0,1278
0,1065
Дереккөз
:
Авторлар
Қазақстан
Республикасы
негізінде
(2013),
ҚР
Білім
және
ғылым
министрлігінің
2013
жылғы
30
қазандағы
№ 440 бұйрығы
:
Орта
білімді
жан
басылық
нормативтік
қаржыландыру
әдістемесі
,
Қазақстан
Республикасы
,
Астана
.
Алайда, бұл формула жоғарыда көрсетілген коэффициенттерше қоса, Қазақстанда
қолданылатын және мектеп қызметкерлерінің, негізінен, мұғалімдердің жалақысына қосылатын
қосымша ақы түрлерін реттейтін бірқатар ережелерді де есепке алады. Бұл ережелер формуланы
анағұрлым күрделендіре түспек. Ол мыналардан тұрады:
Экологиялық жағдайы нашар елді мекендерде жұмыс істейтін адамдар үшін
қарастырылған айрықша жағдайлар (экологиялық апат аймақтарында негізгі жалақыға
50% үстеме ақы және 12 күнтізбелік күнді құрайтын қосымша демалыс күндері,
радиациялық қауіп аймақтарында жұмыс істейтіндер үшін негізгі жалақыға 100% үстеме
ақы және 14 күнтізбелік күнді құрайтын қосымша демалыс күндері),
Мектептің орналақан жері бойынша (ауыл мектептеріне 25% үстеме ақы),
Мектеп-интернаттар (жалақыға 10% үстеме ақы),
Мұғалімдердің белгілі бір бөлігі өздерінің біліктіліктері бойынша қосымша ақы алады
(барлық мұғалімдердің 6%),
Бұған қоса, берілген формула типтік оқу бағдарламасы мен пәндерді тереңдетіп оқу
бағдарламалары үшін қарастырылатын қосымша төлемдер мен жәрдемақыларға байланысты
бөлінетін қаржыландыру көлемінің арта түсуін де қарастырады. Көрсетіліп отырған мәндердің
барлығы жалақыға байланысты қаржыландырудың қажетті көлемін бағалау кезінде есепке
алынатын сәйкес коэффициенттерде көрініс табатын болады. Және ең соңғысы, мұғалімдердің бір
оқушыға шаққандағы FTE негізгі жалақыға көбейткеннен кейін (жоғарыда 3.A1.1-кестеде
көрсетілген), бір оқушыға арналған мұғалімнің негізгі жалақысының стандартына қол жеткіземіз.
Содан соң, қосымша факторлар жылына жан басына қаржыландыру станартын есептеу үшін
ескеріледі:
12-ге көбейтіледі, себебі негізгі жалақы бір айға белгіленеді, ал жан басына шаққандағы
қаржыландыру көлемі бір жылға қарастырылады,
1,1-ге көбейту, бұл барлық салықтар, әлеуметтік жарналар мен зейнетақы жарналарын
есепке алу үшін қажет,
соманы 55% арттыру, бұл басқарушылық, әкімшілік, қосалқы және техникалық
қызметкерлер құрамына арналған жалақы қажеттіліктерін есепке алу үшін
қарастырылады,
127
соманы оқу шығындарына қосу (Қазақстан Үкіметі тарапынан жыл сайын белгіленіп
отыратын белгіленген мөлшердегі сома, 2013 жылы 1731 теңгені құраған).
Осылайша, әрбір мектеп үшін қарастырылатын қаржыландыру сомасы мектепте оқитын және
жылына Stzy жан басына шаққандағы қаржыландыру стандартына сәйкес келетін оқушылардың
белгілі санатына жататын оқушылардың санына көбейту арқылы есептеп шығарылады.
Мектептерде шамадан тыс жүктеменің болуына жол бермеуге арналған кейбір қосымша
қаржыландыру ережелері бар. Қазақстандық орта мектептердегі сыныптардың максималды
мөлшері 2011 жылдан бастап 25 тең
15
. Тек кейбір жағдайларда ғана, яғни сұраныс көп болған
жағдайда, үлкен сыныптар құрылуы мүмкін, ал формула өте көп бала саны бар сыныптардың
оқушылары бойынша жылына қаржыландырудың жан басына шаққандағы стандартының
төмендетілуін қарастырады (4, 5 және 6% сыныптағы әрбір 25, 30 және 40 оқушы үшін,
сәйкесінше).
Білім беру процесі үшін ресурстарды бөлу формуласы қосымша компоненттен тұрады, оның
мақсаты олардың тиімділігі негізінде, сондай-ақ білім беру процесіне байланысты мектептің басқа
мұқтаждарын жабу үшін мектеп қызметкерлеріне бонустар төлеу болады. Мектепте осы
компонент мөлшерін анықтау үшін және мектепте оны бөлу үшін көрсеткіштердің толық
бөлшектері Қаржы орталығының редакциясымен «Қазақстан Республикасының орта білімін жан
басына нормативтік қаржыландыру тетігін іске асыру сұрақтары бойынша әдістемелік нұсқау»
деген нұсқауда қолжетімді болады. Түрлі көрсеткіштер мұғалімдерге, мектеп басшыларына,
қызмет көрсетуші персоналға қатысты болады.
15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1684 Қаулысы.
128
3. A2-ҚОСЫМША
ПОЛЬШАДАҒЫ ЖӘНЕ ЛИТВАДАҒЫ ЖАН БАСЫНА ШАҚҚАНДАҒЫ
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ФОРМУЛАСЫ
Литвадағы және Польшадағы жан басына шаққанда қаржыландыру формулалары мектептер
арасындағы ресустарды бөлудің бір-біріне қарама-қайшы екі мысалы болып табылады (Левачич
2011; Херчински 2011). Бұл формулалар төменде сипатталған (білім беру қызметінің құнын
анықтауға арналған екі қадамның да сығымдалған салыстырмалы шолуы Херчинскиде берілген
(2009). 3.A2.1-кестеде Литва және Польшаның формуласының негізгі құрамдас бөліктеріне
қысқаша шолу жасалады.
Литвада мектептерді қаржыландыру формуласы
Елде «оқушылар кәрзеңкесі» деген атпен танымал Литвалық қаржыландыру формуласы
барлық 60 муниципалитетте қолданылады. Ол мұғалімдердің, әкімшілік және кәсіби қызметкерлер
құрамының (техникалық қызметкерлер құрамының жалақысын қоспағанда) жалақысын,
оқулықтарды, оқу материалдары мен әдістемелік құралдарын, мұғалімдердің біліктіліктерін
арттыру мәселелерін, педагогикалық және психологиялық қызмет түрлерін, оқушыларға кәсіби
бағдар беруді, когнитивті даму мүмкіндіктерін қарастыратын білім беру үрдісін қаржыландыруға
арналған арнайы гранттың көлемін анықтайды. «Білім беру ортасы» деп аталатын білім беру
шығындарының басқа бөлімі жергілікті атқарушы органдардың жалпы табыстары есебінен
қаржыландырылады және оқушылардың кәрзеңкесіне жатқызылмайды. Білім беру ортасы
төмендегілерден тұрады: техникалық және әкімшілік қызметкерлер құрамының жалақысы,
коммуналды қызметтердің төлемі, мектепті ұстау, мектепке арналған ұсақ-түйек сауда
қаражаттары. Бұл жерде мектеп бюджетінің екі бөлігі де жалақыға қарасты кейбір шығындардан
тұратындығын ескере кеткен жөн, сонымен қатар мұнда жалақыға қатысты болып табылмайтын
кейбір шығындар да есепке алынады.
Грант әрбір мектеп үшін жеке-жеке есептеледі, одан соң белгілі бір муниципалитетте барлық
мектептер бойынша қосылады. Грант муниципалитетке жалпы көлемі бойынша аударылады, және
муниципалитетке әрбір мектеп үшін қандай қаражат сомасының қарастырылғандығы
хабарланады. Алайда, муниципалитет мектептер арасындағы грант сомасының 5% қайта
қарастыруға құқылы болып табылады. Бұл өте күшті механизм. Мысалы, үлкен қала мектебі
гранты сомасының 2% шағын ауылды жердегі мектептің пайдасына қайта қарастыру бюджетті еке
еселендіруге мүмкіндік бере алады.
Қаржыландырудың жан басына шаққандағы негізгі сомасының («оқушылар кәрзеңкесі» деп
аталады) қала мектептерінің 5-8 сыныптардағы бір оқушыға байланысты мөлшері оқу
бағдарламасының стандарттары негізінде анықталады, ол үшін сыныптағы оқушылар санының 25
болуы қамтамасыз етіледі. Мұғалімдердің жалақысын арттыру немесе оқу бағдарламасына
өзгертулер енгізу жағдайында формула жан басына шаққандағы қаржыландырудың негізгі
сомасын автоматты түрде қайта есептеп шығара алады. Бұл сома мыналардан тұрады: a)
мұғалімдердің жалақысы (оқу бғдарламасы және сыныптың нормативтік мөлшері негізінде), оның
үлесіне оқушылар себетінің 85% тиесілі, b) мектепті басқару (мектептің мөлшеріне байланысты),
оның үлесіне оқушылар себетінің 9% тиесілі, c) оқулықтар, мұғалімдерді оқыту, оқу материалдары
мен басқалары, оқушылар себетінің 6% құрайды.
Бұдан басқа, формула қаржыландырудың жан басына шаққандағы сомасын есептеу кезінде
оқушылардың әр түрлі топтары үшін пайдаланылатын жүзден астам коэффициенттен тұрады. бұл
коэффициенттер оқушылардың әр түрлі топтары арасындағы айырмашылықтарды көрсетеді. Олар
мыналардан құралады: a) әр түрлі педагогикалық жүктемені көрсететін оқыту деңгейлері бойынша
коэффициенттер (бастауыш, негізгі, орта), b) әр түрлі үлес шығындарын көрсететін сыныптардың
129
әр түрлі нормативтік мөлшерлерінің коэффициенттері (аса үлкен емес мектептер үшін 10 оқушы,
үлкен емес мектептер үшін 15, орта мектептер үшін 20 және қала мектептері үшін 25), c)
оқушылардың әр түрлі сипаттамалары бойынша коэффициенттер, оның ішінде арнайы білім, үйде
оқыту, ересек оқушылар, мектепке дейінгі мекемеге баратын балалар, бейформалды оқытумен
айналысатын оқушылар қамтылған. Нәтижесінде формула өте күрделі бола түспек.
Польшада мектептерді қаржыландыру формуласы
Польшалық қаржыландыру формасы елде «алгоритм» деген атаумен танымал, орталық
бюджет тарапынан 3 000 астам жергілікті атқарушы органдарға ұсынылатын білім беру грантын
есептеу барысында қолданылады, ол шамамен олар бастауыш және негізгі жалпы білім беруге
жауап беретін 2 500 гминді (бірінші деңгей), орта білім беру (академиялық және кәсіби) және
мектептер қатарына жатқызылмайтын білім беру ұйымдарының (кәсіби жетілдіру орталықтары,
айрықша қажеттіліктерге ие оқушыларға арналған орталықтар, педагогикалық және
психологиялық қызмет түрлері, мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру және басқалары) білімі
үшін жауап беретін 380 повиатты (екінші деңгей), және аймақтық немесе ұлттық мәндегі белгілі
бір мектептер мен аймақтық білім беру ұйымдарының қатары үшін жауап беретін 16 өзін-өзі
басқару құрылымдарын (мұғалімдерді даярлаумен айналысатын өңірлік ұйымдар, педагогикалық
колледждер, педагогикалық кітапханалар) (үшінші деңгей) құрайды. Бір ғана формула жергілікті
мемлекеттік басқарудың барлық үш деңгейіне және олардың тарапынан орындалатын білім беру
функцияларына қатысты пайдаланылады. Формулаға сәйкес, білім беру гранты әрбір жергілікті
мемлекеттік басқару органы үшін есепке алынған оқушылардың санына пропорционалды түрде
бөлінеді. Грант үшін қарастырылатын қаржыландырудың жалпы сомасы ел көлемінде есепке
алынған оқушылардың жалпы санына бөлінеді. Ол барлық жергілікті мемлекеттік басқару
органдары тарапынан есепке алынады және қол жеткізілген сома «қаржыландыру стандарты» деп
аталады, және сәйкес жан басына шаққанда есепке алынған сома болып табылады.
Муниципалитет тарапынан алынатын білім беру гранты муниципалитет бойынша есепке алынған
оқушыладың санын қаржыландыру стандартына көбейту арқылы шығарылады.
«Есепке алынған» оқушылардың саны оқушылардың жекелеген қажеттіліктеріне байланысты
қосымша шығындарды есепке ала отырып, оқушылардың жекелеген топтары бойынша анықталған
қосымша коэффициенттерді (салмақ) беретін формуланың көмегімен белгіленеді. Формула 41
параметр бойынша қарастырылған салмақтық мәндерден тұрады, оның ішінде а) ауылды
жерлердегі мектеп оқушыларының салмағы, 0,38 тең, ол ауылды жердегі мектептің әрбір оқушысы
қала мектептері оқушыларының 138% құрағандағы санына тең болып табылады, және шағын ауыл
мектептеріндегі оқытуға жұмсалатын аса жоғары шығын мөлшерін көрсетеді, b) оқушылар
бойынша қарастырылған салмақтық мәндердің сериясы, ол 0,8 және 9,5 аралығында ауытқиды
(айрықша қажеттіліктердің түрі мен күрделілік деңгейіне байланысты), ол сыныптардың шағын
мөлшері мен мұғалімдерді қосымша пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады, c) негізгі білім беру
мектебінің салмағы, ол 0.04 тең, орта білім беретін мектептің үлес салмағы, 0,08 тең және кәсіби
мектептердің салмағы, 0,15 тең, бұлар өз кезегінде әр түрлі оқу бағдарламаларын қарастырады, d)
өнер және музыка мектептері бойынша салмық мәндерінің сериясы, 0,92 және 3,42 аралығында
ауытқиды, ол әр түрлі оқу бағдарламаларын көрсететін өнер бағдарламасына байланысты
қарастырылады.
3.A2.1-
кесте
Польша мен Литвада қаржыландырудың негізгі элементтерін салыстыру
Мәселе
Литва
Польша
Білім
беру
грантының
қаражатының
жалпы
көлеміне
қатынасы
Жалпы
көлемі
формуланы
қолдану
нәтижесі
болып
табылады
Жалпы
көлемі
қаржыландырудың
жан
басы
сомасының
есебімен
қолданылатын
параметр
болып
табылады
Мұғалімдердің
еңбекақыларының
артуының
ықпалы
Жалпы
көлемі
мен
қаржыландырудың
жан
басы
сомасының
автоматты
артуы
Қажетті келіссөздер
130
Оқу бағдарламасының артуының
ықпалы
Жалпы
көлемімен
қаржыландырудың
жан
басы
сомасының
автоматты
артуы
Қажетті келіссөздер
Отынға баға өсімінің ықпалы
Ықпал етпейді
Қажетті келіссөздер
Оқушылардың санының
азаюының ықпалы
Егер басқа параметрлер
өзгермесе, жалпы көлемі азаяды
Жалпы көлемі мен
қаржыландырудың жан басы
сомасының автоматты артуы
Муниципалитетпен алынатын
соманың мектеп бірлестігіне
ықпалы
Ықтимал азаюы ( егер мектеп
өлшемі ұлғайса)
Ықпал етпейді
Қаржыландыруға
ерекше
қажеттіліктер
мен
оқушылар
бойынша
коэффициенттерінің
артуының
ықпалы
Муниципалитеттер
үшін
қаржыландырудың
тиісті
көлемі
мен
қаржыландырудың
жалпы
көлемінің
артуы
Ерекше
қажеттіліктері
бар
оқушыларға
қызмет
көрсететін
мектептер
пайдасына
қарапайым
мектептерден
қаражатты
бағыттау
Дереккөз
:
Авторлар
131
3. A3 ҚОСЫМШАСЫ
МҰҒАЛІМДЕРДІ САНАТТАР БОЙЫНША БӨЛУ
3.A3.1-
кесте
Мұғалімдерді
өңірлер
,
ауылды
жерлер
мен
қалаларда
санаттар
бойынша
үлестіру
, 2010
жыл
Өңір
Қала
Ауыл
Жоғары
санат
Бірінші
санат
Екінші
санат
Санаты
жоқ
Жоғары
санат
Бірінші
санат
Екінші
санат
Санаты
жоқ
Ақмола
24.1
32.0
26.6
17.3
8.8
28.8
33.6
28.9
Ақтөбе
18.5
28.1
33.0
20.4
8.0
25.6
31.6
34.8
Алматы
21.0
33.1
24.1
21.8
12.9
32.7
28.1
26.3
Атырау
16.7
43.4
22.0
17.9
9.5
36.4
29.4
24.6
Шығыс
-
Қазақстан
24.2
30.3
27.2
18.3
9.6
34.2
30.1
26.1
Жамбыл
25.6
25.9
23.9
24.5
15.8
26.0
31.1
27.1
Достарыңызбен бөлісу: |