Тәжірибе жасаудың басқа іс-әрекеттермен байланысы
Тәжірибе ізденісі бақылау, еңбек, тіл дамыту, бейнелеу өнері, қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру іс-әрекеттерімен байланысты.
Бақылау кез-келген тәжірибенің негізгі бөлігі болып табылады. Себебі ол арқылы жұмыс барысын қабылдау және қорытындылау іске асырылады. Тіл дамыту және тәжірибе ізденісі байланысы. Тәжірибе жасау барысында бала көргенін, не орындағаны жайында , қорытынды жасау, есеп беруде байқалады.
Тәжірибе ізденісі және бейнелеу өнері. Бала тәжірибе қорытындысын суреттеуді бейнелеу өнері іс-әрекеті кезінде нақты жеткізе алады.
Тәжірибе ізденісі және математикалық ұғымды қалыптастыру. Тәжірибе кезінде әрқашан нәрсені санау, өлшеу, салыстыру, пішіні мен көлемін анықтау қажеттілігі пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |