Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда ойын технологиясының маңызы Адам бала кезінен қалыптасады


Үлттық ойындар арқылы баланың тілін дамыту жүмыстары мынадай әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асады



бет4/4
Дата11.10.2022
өлшемі24,75 Kb.
#42278
1   2   3   4
Үлттық ойындар арқылы баланың тілін дамыту жүмыстары мынадай әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол - сұрақ - жауап, баламен сөйлесу, әңгімелесу, көрнекілік, суретпен жұмыс жасау.



Балабақшаларда ойынды тиімді пайдаланса, онда тәрбиеленушілердіңтілін дамытуға, білімге деген құштарлығын дамытуда және қазақ халқының мол мүрасын бойына кішкене кезден сіңіріп, үлттық сананы қалыптастыруға болады. Қазақтың біртуар ғалым - ағартушылары Абай Қүнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин үлттық ойындардың балаға білім беруде тәрбиелік мәнін, өткен үрпақтың дәстүрі мен тарихын қүрметтеп, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерінің дамуына, сөздік қорының баюына қосатын үлесін жоғары бағаласа, біртуар ақын Мағжан Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастар қайнар көзі, тілдік тәрбиенің ажырамас бөлшегі ретінде түжырымдайды. Тіл дамыту мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жүмыстарының негізі болуға тиіс, өйткені баланың сөздік қорының нығаюы оның танымдық қабілетін арттырып, сана - сезімін кеңейтеді [5].
Көп балалар кейбір «р, л, с, ш» сияқты дыбыстарды айтуға тілдері еркін келе бермейді. Бұл жерде жаңылтпаш - ойындарды пайдаланудың мәні зор. Жаңылтпаш арқылы сөздерді дүрыс сөйлеуге, жеке дыбыстарды алмастырмай дүрыс айтуға үйренеді. Баланың тіліне, оның әрбір сөздеріне мән беріп, оларды дүрыс сөйлеуге бағыттайды. Баланы халық жас кезінен бастап, анық сөйлеуге үйретуді мақсат еткен. Балалардың көбінесе дұрыс айта алмайтын дыбысы «р»- ның орнына «и» немесе «л» дыбыстарын қолданады.
Тілдің жетілуімен бірге балалардың ойлау, қоршаған ортаны бағдрлау қабілеті дамиды, жеке заттар жайындағы нақты үғымдарының молаюына және тілдік қабілетінің дамуына қарай өмірінің бірінші жылының соңында-ақ бала алғашқы қорытандыларын жасайды. Алдымен олар заттар мен құбылыстардың сыртқы белгілеріне негізделеді. Мысалы: «алма» деген сөзді үйренген соң балалар допты да, шарды да осылай атайтын жағдай жиі кездеседі. өздерінің іс - әрекеттері барысында және үлкендердің үғымдарының ықпалымен қорытындылау қабілеті біртіндеп жетіле түседі: заттар енді сыртқы емес, мәндік белгілері бойынша біріктіріледі. Көптеген іс-әрекеттерінің атаулары да жалпыландырылады.
Үш жастан асқан, мектепке дейінгі балалардың сөздік қорын одан әрі дамытуға:

  1. айналадағылардың сөзін одан әрі түсінуді - келер шақты, өткен шақты түсіне білуді, сөздің мағынасын көріп тұрған жағдайда ғана емес, сондай-ақ одан да тыс түсіне білуді қамтамасыз ету;

  2. балалардың актив сөзін жетілдіру - сөздікті байыту, сөйлем құрып сөйлеуді үйрету, сөздің грамматикалық құрылысын жетілдіру, оның дұрыс айтылуын және эмоциялық әсерлілігін жақсарту;

  3. сөзді пайдалануды кеңейту — өз әсерлерін сөзбен бере білу, оларға сүрақтар қойып, жауап бере білу, үлкендермен балалармен белсенді тілдік қарым- қатынас жасау себептерін ұлғайту;

  4. айналадағыға қарап бағдарлауды ұлғайту;

  5. қарым-қатынасқа қабілеттілікті дамыту, балаларда табиғат құбылыстары туралы, хайуанаттар өмірі, қоғамдық өмірдің балалар түсінігіне жеңіл құбылыстар туралы ересектердің еңбек, уақыт, сан, кеңістік қатынастарды, заттардың атқарар қызметі жэне т.б. туралы аса қарапайым түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыру;

  6. сөзді қабылдауды және құлақ қойып тыңдауды - үлкендердің айтқанын жақсы тыңдай білуді, шағын әңгіме, өлең тыңдауды жақсарту;

Жоғарыда айтылғандардың бәрін ойын түрінде жүзгізсе, баланың тілі тез дамып, қалыптасатын еді.
Қорыта келе,ойын баланың барлық жақтарын ашатын, яғни тілін де дамытатын бүкіл жақсы қасиеттерін ашуға көмектесетін, басқа балалармен қарым - қатынас жасаудың бірден - бір қүралы.«Ойында озған, өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген қүлқы, қарым - қатынасы, мінез - қүлық көріністері арқылы олар өсіп, есейгенде де жалғаса береді. Ойын барысында бала өзін үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелер мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді,солардың сөйлеу мәнерін қолданып, эмоцияға беріп, әрекет жасайды.Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Мектепке дейінгі топтардағы балалардың тілін дамытуда ойындарды тиімді пайдалану бағытдағы атқарылатын игі іс - шаралардың нәтижесіз қалмайтындығы белгілі. Мен болашақ тәрбиешімін. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда ойын технологияларын маңызын айта келіп, менде болашақта балалардың тілін дамытуда осы әдіс бойынша жүргізетін боламын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет