Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда ойын технологиясының маңызы Адам бала кезінен қалыптасады



бет1/4
Дата11.10.2022
өлшемі24,75 Kb.
#42278
  1   2   3   4

Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда ойын технологиясының маңызы
Адам бала кезінен қалыптасады. Мектепке дейінгі жастан бастап баланың болашақ түлға, өз елінің азаматы ретінде негізі қаланады. Тіл - баланың жеке түлға ретінде қалыптасуы барысында ой - өрісін, ақыл - парасатын, адамгершілігін, эстетикалық сезімін жетілдіру міндеттерін жүзеге асырудың ең басты құралы. Ал сол тілді дамытуда ойынның орны ерекше. Мектепке дейінгі балаларды оқыту - тәрбиелеу жүмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс - әрекет кезіндегі тілдік қарым - қатынаста қолдана білуге жаттықтыруда, сонымен қатар, айналасындағы заттарды таныстырып, атын атай білуде, қасиеті мен сапасын, түр - түсін және пішінін ажырата білуде, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым - қатынас жасауда - ойын технологиясының маңызы зор.
¥лы педагог А.С. Сухомлинский «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы мумкін де емес. Ойын дүниеге ашылған жарық терезе сияқты. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз - үшқын білімге деген қүмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деген болатын. Ойындар арқылы балалардың жан - жақты дамыта отыра, болашақ бейнесін қалаптастыруға болады. Ойын жаттығулары арқылы баланың ойлау қабілеті, сөздік қоры, тіл мәдениеті қалыптасады 
Ойын технологиясы арқылы баланың тілін дамыту жеңіл. Ойын баланың оқуға деген ынтасын арттыратын әдіс. Бүгінгі таңда дидактикалық, сюжеттік, спорттық, үлттық және шығармашылық ойындарды пайдалану маңызды. Ойындар арқылы баланың дүрыс және үғынықты сөйлей білуін, сондай - ақ ойын жағдайлары арқылы олардың зейіні мен ынтасын арттыруға болады. Баланың тілін дамыту барысында ойын түрлерін және өзара сөйлесу үлгілерін қолданған дүрыс. Мектепке дейінгі жастан бастап баланың болашақ түлға, өз елінің азаматы ретінде негізі қаланады. Бала сөйлеуді үйрене келе, айналадағы дүниені танып - біледі. Көрген - білгенін басқаларға сөз арқылы жеткізіп тілдеседі. Осының өзі оның білім дағдысы молайып, күнделікті өмірден алған әсерінің нығая түсуіне себеп болады. Ойын- баланың жеке түлға ретінде қалыптасуы барысында ой - өрісін, ақыл - парасатын, адамгершілігін, эстетикалық сезімін жетілдіру міндеттерін жүзеге асырудың ең басты құралы.
Балабақшаға оқыту - тәрбиелеужүмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, одан әрі күнделікті іс - әрекет кезіндегі тілдік қарым - қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. Мектеп жасына дейінгі балалармен жүмысын жүргізу ісі тіл дамытудың негізі бір міндеттері болып есептелінеді [2].


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет