Мақсаты: Балаларға ұзындығы жағынан қарама қарсы екі затты салыстыруды және салыстыру нәтижесін «биік», «аласа», «биіктіктері бірдей» сөздерімен белгілеуді үйрету. Балалардың неше ойыншық болса, сонша қимыл жасай білу қабілетін бекіту (шамамен 1-ден 3-ке дейін).
1
3
Тақырыбы: «1 саны мен цифры»
Мақсаты: Балаларға құрамында 1 және 1, 1 және одан көп заттар тобын ажыратуды, заттар санын салыстыруды, атауды, топта бір зат бойынша теңдік қалыптастыруды және тобында түрлі заттар бойынша теңсіздік орнатуды үйрету.
1 санымен таныстыру. Қимақағаздағы дұрыс есептеу нұсқасын көрсету (солдан оңға қарай). Өзіне қатысты бағдарлану (оң, сол қол).
Геометриялық пішіндерді бекітуге арналған «Не өзгерді?» дидактикалық ойыны.